ТАҚЫРЫБЫ: «Десмургия. Жұмсақ және қатты таңғыштардың түрлері»
Таңғыш туралы ғылымды десмургия деп атайды. Таңғыш жұмсақ және қатты түрге бөлінеді. Таңуды жүргізудің мақсатына байланысты бөлінеді:
қорғану таңбасы,
дәрілік таңба,
қысу таңбасы,
бітеу үшін қолданылатын таңба,
қимылсыз таңба,
түзету, қалыптасу таңба және
дене мүшесін созу үшін қолданылатын таңба. Осы келтірілген таңбалардың барлығын оқытушының көмегімен және атластарға, оқулыққа қарап өздері бір-біріне салып жаттығу керек.
Дене мүшелерін таңу хирургия тәжірибесінде ең жиі қолданылатын жұмыс. Оның барлығын мейірбикелер жүргізеді. Сондықтан оның әдістерін білу мейірбикелер үшін негізгі мақсаттың бірі.
Таңғыштың екі бөлімі болады: жараға жанасатын ішкі және таңғышты жараға орнықтырып, нықтап ұстайтын сыртқы бөлімдерінен тұрады. Таңғыштың ішкі жағы зарарсыздандырылған.
Жұмсақ таңғыштар
Жұмсақ таңбалар әртүрлі болады. Таңу материалдардың түріне және таңу әдісіне қарай желімді, орамал тәріздес, сақпаншалап, бинтпен және түтікшедей торлап таңу жолдары бар.
Желімдеп таңу әдісі жараны қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен сақтау үшін қолданылады. Жараның айналасына таңу материалын желімдердің көмегімен, лейкопластырмен жапсырады. Желімді қолданып таңу былайша жүргізіледі. Жараны бірнеше қабатты салфеткамен жабады. Оның айналасына желім жағады. Дәкеден жасалған салфеткамен оның үстін жауып желімдейді. Денеден желімдеген дәкені алып тастау үшін эфир қолданылады
Коллоидты қолданып тану. Коллоид тез ұшқыш, эфирден, спирттен және нитроцеллюлозадан тұратын сұйық, таңбаның үстінен жабатын салфетканы жабыстыратын зат. Коллоидты таңба эфирдің көмегімен алынады.
Лейкопластырдың көмегімен таңу. Таңу материалын лейкопластардың көмегімен қозғалмайтын етіп таңады (17-сурет). Үшкіл орамалмен таңу үшін үш бұрыштап кесілген материал қолданылады. Үшкіл орамалмен таңу үшін оның бұрыштарын бір біріне байлайды. Үшкіл орамалмен таңу кез келген дене мүшесіне жүргізіледі. Көбінесе ол қолды мойынға асуға қолданылады (17 а-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |