Тақырыбы: ең сұмдық ең азапты ЖҚТБ
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, сана – сезімдерін тәрбиелеу.
Керекті құралдар: суреттер,нақыл сөздер,қайшы, түрлі түсті беттер.
«Досыма тілек» тренингін жүргізу.Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне тілек білдіру.
Топқа бөліп отырғызу.
Армысыздар құрметті ұстаздар және достар!
Құрметті оқушылар жаңа бір-бірімізге тілеген тілектің ішіндегі ең көп айтылғаны денсаулық Адамның басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықтың қас жауы – бұл ауру. Ал аурудың ең азаптысы – ЖҚТБ.
Жоспар:
ЖҚТБ-ның шығу тарихы
АҚТҚ/ЖҚТБ мына жолдармен тарайды
АҚТҚ/ЖҚТБ мына жолдармен тарамайды:
АҚТҚ және нашақорлар.
ЖҚТБ -мен ауырған адамның ауру белгісі қандай, қанша уақыттан кейін білінеді?
«ЖҚТБ-ның алдын алу жолдары» сурет салу арқылы оқушылар ЖҚТБ-ға қарсылығын білдіру.
Батыс Қазақстан облысы бойынша статистикалық мәлімет
Ситуациялық сұрақтар:
Тест Аныз және шындық
Алдымен ЖҚТБ дегеніміз не? /оқушылар жауабын тыңдау/
ЖҚТБ деген нені білдіреді?
Жұқтырған: Демек, адам оны біреуден жұқтырған.
Қорғаныш: Адамды аурудан қорғайтын иммундық жүйе.
Тапшылығының: Қорғаныш болуға тиісті мөлшерден кем.
Белгілері: Аурудың симптомдарының тобы (синдромы).
АҚТҚ дегеніміз не?
АҚТҚ – адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы – ағзаны әтүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды (Т – хелпелер).
ЖҚТБ – жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері – АҚТҚ- мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ – АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы.
Достарыңызбен бөлісу: |