Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Жаңақала ауылы
№3 ЖОББҚМ
Тасқалиева Гүлбар Кенжеғалиқызы
Ұзартылған күн тобының тәрбиешісі
Тақырыбы: «Ең үздік оқушы» сайыс сабақ.
Сайыс мақсаты: оқушылардың білімін саралай отырып, ең үздік оқушыны анықтау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация.
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Бүгінгі 3-сынып оқушылары аралығында өткізілгелі отырған «Ең үздік оқушы» ойынына қош келдіңіздер. Ойынғы қатысушы оқушылар:
3 «а» сынып оқушылары:
-
Мақсотова Дина
-
Насибуллин Әлихан
-
Бимуллин Тимур.
3 «ә» сынып оқушылары:
-
Есбосынов Ерген
-
Әділғалиев Аухат
-
Қарабаллин Заманбек
Ойын 5 кезеңнен тұрады (сайыс кезеңдері интерактивті тақтадан көрсетіледі). Әр кезең сайын ең аз ұпай жинаған бір ойыншыдан шығып отырады.
1-кезең. «Бәйге».
2-кезең. «Ойыншықтар әлемі» кезеңі.
3-кезең. «Ойлан тап» кезеңі.
4-кезең. «Ойымды жалғастыр...» жазу сайысы.
5-кезең. «Көрермендермен сайыс» кезеңі.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер сарапшылар ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Сайыскерлеріміздің білім мен өнерін саралап, баға беретін әділқазылар алқасы:(таныстырып өтеді).
Көңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады, – дей отырып сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.
1-кезең – «Бәйге». Әр сұраққа 5 ұпай беріледі. Осы кезеңде ұпайы төмен 1 ойыншы ойыннан шығады.
1-сұрақ. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2-сұрақ. Жапырақтар күзде неге сарғаяды? (хлорофилі азаяды).
3-сұрақ. Қазақстан тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров).
4-сұрақ. «Айтшы, әкетай» өлеңінің авторы кім? (Жақан Смақов).
5-сұрақ. Қай жылы сендер 1-сыныпқа келдіңдер? (2009 ж).
6-сұрақ. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (ұзындығын еніне көбейтеміз).
7-сұрақ. X+2=10 бұл не? (теңдеу).
8-сұрақ. Біржанмен айтысқан ақын қыз кім? (Сара).
9-сұрақ. Қобыландының тұлпарының аты кім? (Тайбурыл).
10-сұрақ. Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі? (Тамыр).
11-сұрақ. 12 ай? (жыл).
12-сұрақ. Абайдың әжесінің аты? (Зере).
13-сұрақ. Жылдан құр қалған жануар? (Түйе).
14-сұрақ. Көкжиектің тұстарын ата? (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс).
15-сұрақ. Сабалақтың шын аты кім? (Әбілмансұр).
16-сұрақ. Ақ алтын (мақта).
17-сұрақ. Адам денесінің тірегі (қаңқа).
18-сұрақ. 7 күн? (апта).
19-сұрақ. Барлық қабырғалары бірдей геометриялық фигура? (шаршы).
20-сұрақ. Басты байлық? (денсаулық).
Әділқазылар алқасынан 1-кезеңнің қорытындысын сұраймыз.
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама, құлама!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт- деп сайысымыздың «Ойыншықтар әлімі» кезеңіне кезек береміз.
2-кезең. «Ойыншықтар әлемі» кезеңі. Бұл кезеңде ұпайы көп оқушыдан бастап әр оқушы өзіне ұнаған жемісті таңдайды. Сол жемістің артында сұрақ жасырылған. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Осы кезеңде ұпайы төмен 1 ойыншымыз ойыннан шығады.
1-сұрақ. (қонжық)
Өнер, білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызған, - деген өлең шумағын кім жалғастырады және авторы кім? (Ы. Алтынсарин).
2-сұрақ. (қоян)
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде.
Қырғауыл жүні қызыл екен,
Құйрығы оның ұзын екен.
Осылай болтынын шығарманың түрі қалай аталады? (ертегі).
3-сұрақ. (кірпі) Мақал-мәтелдері жалғастыр.
А) Еңбектің наны тәтті,
(Жалқаудың жаны тәтті).
Ә) Еңбек етсең ерінбей,
(Тояр қарның тіленбей).
Б) Туған жердің күніде ыстық,
(Түні де ыстық).
В) Бірлік болмай, (тірлік болмас).
4-сұрақ(піл) Мақал-мәтелдері жалғастыр.
А) Батыр туса ел ырыс,
(Жаңбыр жауса жер ырысы).
Ә) Досыңды сатпа,
(Аққуды атпа).
Б) Ата көрген оқ жонар,
(Ана көрген тон пішер).
В) Ақыл тозбайтын тон,
(Білім таусылмайтын кен).
5-сұрақ.(буратина). Жұмбақтарды шешу.
-
Мұрты бар иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ. (мысық)
-
Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
-
Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (доп)
-
Бір санға өсірді,
Өзі қалып орнына,
Бізді алға көшірді. (сынып)
Әділқазылар алқасынан 2-кезең қорытындысын сұраймыз.
3-кезең. «Ойлан тап» кезеңі.
1-жұмбақ.
Ертеңгісін атам,
Екі серкені қорадан қуар еді.
Егіз бөрте лақ ере шықты.
Бөрте лақтардың енесі
Олармен ере шықты.
Сонда барлығы неше ешкі далаға шықты? (5 ешкі).
2-сұрақ.
Бір лақта 2 құлақ,
3 лақта неше құлақ? (6 құлақ)
3- жұмбақ. Тырна 1 аяқпен тұрғанда 15 кг, ал 2 аяқпен тұрғанда неше кг. болады? (15 кг).
4-сұрақ. Дүниедегі ең кішкетай құс? (колибри).
5-сұрақ. Піл неден қорқады? (тышқаннан).
6-сұрақ. Кит балық па, жануар ма? (жануар).
7-сұрақ. Әріп таратып беремін. Алдарыңдағы карточкаларға сәйкес математикалық ұғымдарды атаңдар (а – аудан, п – переметр, қ – қосу, т.б).
Осымен 3-кезеңіміз аяқталды. Әділқазылар алқасынан 3-кезең қорытындысын сұраймыз.
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жалғасын мен білем деп, - дей келе кезекті «Ойымды жалғастыр...» кезеңіне берсек.
Соңғы 4-кезең – «Ойымды жалғастыр...» жазу сайысы. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Бұл кезеңде әр оқушы өз ойларын жазды. Шектеулі уақыт берілді. «Егер мен мектеп директоры болсам...» , «Егер мен бастауыш сынып мұғалімі болсам...», «Егер мен әкім болсам...».
Ойыншылар өз ойларын жазып боғанша, кезекті көрермендерге берсек.
«Көрермендермен сайыс» кезеңі.
-
Үстелдің басында екі әке және екі бала отыр. Олар ыдыстағы үш жұмыртқаны өзара тең бөлісіп, әрқайсысы бір-бірден жұмыртқа жеген. Сонда қалай?
-
Құрт іліп, малып алдым,
Тереңнен балық алдым (қармақ).
-
Пышақпен ұштала береді,
Бойы қысқара береді.
-
Аяғы жоқ,
Басы бар.
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа
Ауызыңа асығар. (қасық)
-
Қайда жүрсең
Қосарлана шабады
Үйге кісең
Босағада қалады. (аяқ киім).
Сайыскерлеріміз дайын болса, сөз кезегін берейік (сайыскерлер өз ойларын айтады).
Осымен 4-кезеңіміз аяқталды.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары жақсы шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Ойынның шешуші сәті: Әділқазылар, сөз кезегі өздеріңізде. (Жеңімпазды анықтап, марапаттау. )
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мыгым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Бүгінгі көріп тамашалаған « Ең үздік оқушы» атты ойынымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдагандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Қош, сау болыңыздар! Назар аударғандарыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |