Тақырыбы: Еңбекті қорғаудың қағидалары Жоспар



Дата24.01.2024
өлшемі0.64 Mb.
#489767

Тақырыбы:

Жоспар:

  • Еңбекті қорғаудың түсінігі
  • Еңбекті қорғаудың қағидалары
  • Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:

Еңбекті қорғау

  • Еңбекті қорғау – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің

  • 5-бөлімі,
  • 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген,
  • Еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі қағидалар

  • 1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
  • 2) қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
  • 3) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;
  • 4) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
  • 5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі қағидалар

  • 6) уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
  • 7) еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
  • 8) мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;
  • 9) қызметкерлер өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегi мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау нормаларынан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы.

Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:

  • 1. Бағдарлау- дегеніміз негізгі идеялар жиынтығы бола тұра қауіпсіз еңбектің басты бағыттарын айқындайды және методологиялық, хабарлау негізгі болады.Техникалық-физикалық ережелер мен заң-дарға сүйене отырып қауіпті факторларды жоюға негізделген

Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:

  • 2.Басқару-жұмыстың жекелеген сатысында немесе кезеңінде еңбек қауіптілігін азайтуға негізделген.

Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:

  • 3.Ұйымдастыру-еңбекті ұйымдастыруды ғылыми жолмен басқаруға негізделген.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет