Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат Мақсаты



бет2/2
Дата13.07.2022
өлшемі25.2 Kb.
#459680
1   2
Ертегілер еліне саяхат тәрбие сағаты

Шыншыл ертегілерде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді. Атқамінерлердің іс-әрекеттерін әшкерелейді.
Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман-тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!
Олай болса «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Осы мерекенің ашуы Шарипканова Томиристің орындауында «Ертегілер әлемі» әнін қабыл алыңыздар.
-Енді осы сайыскерлерге әділ бағасын беретін әділқазылар мүшесімен таныс болыңыздар:
1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зарина Ережеповна
2.Бастауыш сынып мұғалімі Мухатова Райхан Шпекбаевна
-Ендеше сайысқа қатысатын топтармен таныстырып өтейін:
І топ «Ертегілер әлемі»
ІІ топ «Қазақ ертегілері»
ІІІ топ «Ғажайып ертегілер»
б) Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады:
І бөлім – «Беташар»
ертегі түрлерін анықтау.
ІІ бөлім – «Әдебиетшілер»
оқылған үзінді бойынша ертегіні табу.
ІІІ бөлім – «Кім жылдам?»
Ертегілерде кездесетін ғажайып, сиқырлы заттар.
кім тез осы заттарды атап береді.
IV бөлім –«Нағыз әртіс»
белгілі бір өлеңді ертегі кейіпкері рөлінде оқып беру. (түлкі, мыстан кемпір, Алдар көсе, ханшайым, )
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай бөбектер
Үлкен болып өседі немесе Ұзын мұртты құмырсқа
V бөлім – «Кім білгір?»
сурет бойынша ертегіні тап (Слайд)



  1. Ертегі түрлері



  1. Ертегі ні үзіндісі бойынша табу.

  1. Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді. 5 ұпай

Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да: 


- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады. 4 ұпай

Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге: 


- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді. 3 ұпай (қаңбақ шал)


  1. Мені сен босат! Менен не сұрасаң соны бір жылдан кейін ал, - дейді. 5 ұпай

Шал мақұл көріп, қазды босатып қоя береді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, кемпірі шалға ұрсады. Шал: 
- Қой, сен түк білмейсің! - деп, сөзін тыңдамай, жүре береді. Бір жыл өтеді. 4 ұпай

Шал қазға бармақшы болады. Жүре-жүре бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен. Келіп түйешіден: 


- Бұл кімнің түйесі? - десе: 
- Бұл Қазбайдың түйесі, - дейді. «Бұл Қазбай - баяғы қаз екен», - деп шал ойланып тұрып, жүріп кетеді. Бір жерге келіп: 
- Бұл кімнің қойы? - деп, қойшыдан сұрайды. Қойшы: 
- Бұл Қазбайдың қойы, - дейді. 3ұпай


  1. Бәйбіше нан илеп отыр екен. Тоқалы бас үйтіп отыр екен, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен. 5 ұпай


«Осыдан татпасам Алдар атым құрсын», — деп жылмаң етіп; — Кеш жарық! — деп кіріп барады.4 ұпай

Бұлар да жылдам екен, Алдар «кеш …» дегенді айтып болғанша қолдарындағыларын жасыра-жасыра қойып, Шығайбай таспаны, бәйбіше ұр-шықты, қызы тігіліп жатқан көйлекті, тоқалы көсеуді қолдарына алып отырыса қалады, Түк білмегенсіп, қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады.3 ұпай

  1.  Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. 5 ұпай

Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. 4ұпай
Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.3ұпай


  1. Жылан содан былай топырақ жалап, ал Маса ызылдап қалады.5 ұпай

Адам жыланды көрсе өлтіріп, басын езетін болады. 4 ұпай
Қарлығаш жыланнан қорқып, адамды дос тұтып, үйдің төбесіне ұя салады, бірақ оның құйрығы кем, екі айырық, болып қалады.3 ұпай
6. Тышқан қорыққанынан: «Үйімде бір батпан тарым бар», – дейді. 5 ұпай
Мысық айтады: «Маған бір уыс тары бер», – дейді. 4ұпай
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары береді. 3 ұпай
7. Бала құрығын құлдыратып, жүгенін сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады. Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. 5 ұпай
Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. 4 үпай
Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен. Сақа жанында бір кемпір отыр екен. Бала кемпірге:

- Шеше, анау жатқан сақамды алып берші! - дейді.3 ұпай
8.) Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап жиылған көпке айтады: 5ұпай
- Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.4 ұпай
Өзгелері қарап тұрғанда түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді», - деп тышқанның сөзін қостайды. Бәрі қарасып тұрады, біраздан соң тышқан жорғалап түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз», - деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқан жылды бәрінен бұрын көріп хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. 3ұпай




  1. Ертегілерде кездесетін ғажайып, сиқырлы заттар.

кім тез осы заттарды атап береді.

4.сурет бойынша ертегіні тап (Слайд)



-Осымен ертегілер еліне саяхатымыз өз мәресіне жетті.Ендігі сөзді жеңімпаз топты анықтау үшін әділ қазылар алқасына берейік .


Құрметті сайысқа қатысушы оқушылар. Өздеріңнің ертегіні білу деңгейлеріңнің қаншалықты екенін байқаған боларсыңдар.Бұдан былай бос уақыттарыңда кітапханаға барып ертегіні көп оқуға тырысыңдар. Халық ауыз әдебиеті арқылы білімдеріңді толықтырыңдар.Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет