Тақырыбы: Фенолдар. Фенолдың қасиеттері мен қолданылуы Жоспар



бет2/3
Дата22.02.2024
өлшемі128.25 Kb.
#492832
1   2   3
№21. Фенолдар

Бір атомды фенолдар





Екі атомды фенолдар



Үш атомды фенолдар

Бір атомды фенолдардың ішіндегі ең қарапайымы – фенол – С6Н5ОН. Гидроксил тобының электрондарының сақинаға ығысуына байланысты, фенол әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді.
Фенолдың қасиеттері. Фенол – өзіне тән иісі бар, түссіз кристалдық зат. Ауада аздап тотыққандықтан, фенол көбінесе қызғылт түсті болады. Фенол өте оңай балқиды: оған көз жеткізу үшін ішінде фенолы бар пробирканы ыстық суға батырсақ, фенолдың тез балқығандығы байқалады (балқу тепературасы 420С).
Фенол молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқан гидроксил тобының болуы оның химиялық қасиеттері жағынан біратомды спиртпен азды – көпті ұқсас болатыны байқалады. Мәселен, егер фенолды аздап (балқығанға дейін) қыздырып, оған металл натрий салсақ, сутегі бөлініп шығады. Бұдан алкоголяттарға ұқсас натрий феноляты С6Н5ОNа түзіледі:
2 - ОН +2Nа 2 - ОNа +Н2
Феноляттың алкоголяттардан өзгешелігі, ол фенолға сілті ерітіндісімен әсер еткен жағдайда да түзіледі:

С6Н5ОН + NаОН  С6Н5ОNа + Н2О


Фенол – әлсіз қышқыл: тіпті көмір қышқылы да одан әлдеқайда күшті, ол натрий фенолятынан фенолды ығыстырып шыға алады.[3]


Егер фенол ерітіндісіне бромды су құйса, трибромфенолдың ақ тұнбасы оңай түзіледі:


ОН OH
Н Н Br Br
+3Br2 ↓ +3HBr

H Br 2,4,6-трибромфенол


Бұл-фенолдың сапалық реакциясы.
2) Фенол темір (III) хлоридімен кешенді қосылыс түзеді.Сапалық реакция сия көк (күлгін) түс пайда болады.
FeCl3 + С6Н5ОН (С6Н5О)3 Fe + 3HCl
Фенол молекуласындағы бензол ядросы тек қышқылдығын арттыра отырып, гидроксил тобына ғана әсер етіп қоймай, гироксил тобы да сутегі атомдарының орнын оңайырақ басуына себепші болып, бензол ядросына әсер етеді.
Концентрациялы азот қышқылымен әрекеттескенде, 2,4,6-тринитрофенол алынады. Бұл қосылысты пикрин қышқылы деп те атайды:
ОН OH
O2N NO2
+3НNO2 ↓ +3H2O

фенол NO2


пикрин қышқылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет