Тақырыбы: Ислам діні ақиқат дін



Дата05.02.2024
өлшемі18.79 Kb.
#490796
Тәрбие сағаты Ислам діні


Тақырыбы: Ислам діні – ақиқат дін.
Мақсаты: Оқушыларға ислам діні мен басқа діндердің және секталардың айырмашылығын түсіндіру. Исламның соңғы және хақ дін екенін айту. Оқушылардың қате түсініктерін түзету. Оларды имандылыққа, құрметтілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқушылардың ислам туралы пікірлері жазылған плакаттар.
Әдісі:Сұрақ – жауап, түсіндіру.
Барысы:
1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Ислам діні – ақиқат дін» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2 – жүргізуші: Оқушылар біздің дініміз қай дін?
Оқушылар: Ислам діні.
3 - жүргізуші: Ислам дінінен басқа қандай діндерді білесіздер?
Оқушылар: Христиан, буддизм т. б.
1 – жүргізуші: Олай болса, оқушылар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың турларымен таныстырып өтейін.
І – тур. «Самғау».
ІІ – тур. «Дін және біз».
ІІІ – тур. «Кім тапқыр».
ІV – тур. «Қас қағым сәт».
V – тур. «Кездейсоқ марафон».
2 – жүргізуші: Оқушылар мына сұраққа жауап беріңдерші. Біздің ата – бабаларымыз он үшінде отау құрып, он бесінде жауға аттанып, елін, жерін, қорғаса, дәстүрді бұзу, ата – анаға қарсы келу, дінге сенбеушілік болған ба? Жоқ болған емес. Қазір дәстүрден, діннен, тілден безушілік ата – анаға қарсы шықпақ түгілі қарттар үйіне тапсыру бар. Осы және өзіміздің ата - әжелерімізден естіп отырғанымыздай: «Біз бір бөлмелі үйде екі – үш отбасы отыратынбыз. Сонда да бір – бірімізден ешқашанда қақтығыспай өстік. Ал қазір даңғазардай үйде екі ағайынды жігіттің басы сыймай жатады» деп. Мұның себебі неде деп ойлайсыңдар.
3 – жүргізуші: Меніңше, біріншіден біздің ата жолымен жүрмегендігіміз. Яғни тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді жалпы ұлттық құндылықтарымызды ұмыта жаздағанымыз. Екіншіден, біздің пиғылымыз тарылды. Тәубашылдығымыз, қанағатшылдығымыз тарылды. Мұның себебі – дінсіздігіміз. Егер біз бір алла жаратушы бар деп, содан қорқып, соған сенетін болсақ, мұндай болмаған болар еді.
1 – жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатымызды осы дінге байланысты өткізбекпіз. Қазір еліміз өз қарқынша дамып келеді. Бірақ әлі де болашағымызға балта шабатын , яғни ұрпағымызға қатер төндіретін көптеген дерттер бар. Мысалы: қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік, СПИД. Осы қатерлі дерттерден жастарды, келер ұрпақты құтқару. Яғни тілін, дінін, дәстүрін, мәдениетін, тарихын білетін білімді, иманды ұрпақ тәрбиелеу керек. Бір алла жаратушының бар екеніне көз жеткізу керек.
1 – топ: Қазіргі таңда өзге діндер мен Кришна «Свидетели Иегова» сияқты секталар біздің елімізде кең өріс алып бара жатыр. Ең өкініштісі осындай кейбір секталардың біздің елімізде дін ретінде қарастырылуы өз дінімізді өгейлетіп өзімізден аластатуда. Бұл сектаға келсек, бұлар әншейін бір адамның ойынан шығарған сенімі. Солардың бірі Кришнаидтар. Оның негізін салушы Кришна үнділік бір патшаның ұлы. Өсе келе байлық пен биліктен өз еркімен бас тартып, дәруіштік жолға түседі. Соның жолын қуушылар оны дәріптеп, ұлықтап тәңір деңгейіне көтерген. Ал оны ұстанушылар Кришна секілді дүниенің қызығын тәрк етіп, қоғамдық өмірге мүлдем араласпайды. Ештеңемен араласпайтын сүлесоқ топ. Пайғамбарымыз «Ертең өлетіндей ахиретіңді ойла, мәңгі өлместей дүниені ойла деп, бұл дүниені де ахиретті де дең алып жүруге бұйырады.» Бұдан біз Кришнайттар мен исламның айырмашылығын көреміз. Біз аллахқа шүкір, ата – бабамыздан бері қарай ислам дінін ұстаушы мұсылманбыз. Бұған Призедентіміз Назарбаевтың мына сөзі толық дәлел бола алады: «Ислам тек дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз» осы сияқты даналарымыздың пікірлерімен келісейік.
2 - топ: Призидентіміз Назарбаевтың ислам туралы көзқарастарынан: «Біз - тегіміз түрік, дініміз – ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап – құран кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек.» Біз өз дінімізді өгей қылмауымыз үшін, құран мен пайғамбарымыздың хадистерін өзімізге басшы етіп алуымыз, сондай – ақ ата - бабамыздан бізге дейін жеткен ислам дінін азғантай ақшаға сатып, басқа діндерге секталарға кіріп кетпеуге тиіспіз. Басқа дінге өтіп кеткен қандастарымызды қайтаруға әрекет етуіміз керек. Исламда тұрып, басқа дінге кету – үлкен күнә. Олар туралы алла тағалаға құран кәрімде: «Сендерден кімде – кім өз дінінен безіп, кәпір болып өлсе, оның істеген әрекеттері бұл дүниеде де , қияметтеде түкке тұрмайды ондайлардың орны - тозақ, сонда олар мәңгі қалады», - деп барынша қатаң ескертеді. Сондықтан да басқа діндермен секталарға еліктемей, өз дінімізді толық ұстануымыз керек.
ІІ – тур. 1 – топ.
1. Отыз күн тамақ ішпейтін күн. (ораза)
2. Дүние жүзінде қанша мыңнан аса мұсылман бар? (5 - мың)
3. Мұсылман дінінің негізін салушы? ( Мұхаммед Пайғамбар.)
4. Діннің қасиетті кітабы қалай аталады? (Құран)\
5. Рамазан айындағы қасиетті түн. (Қадір түні)
ІІ – топ.
1. Хадис дегеніміз не? (Мұхаммед Пайғамбардың даналық сөздері жиналған құраннан кейінгі ең қастерлі кітап)
2. Бес мезгіл оқитын мұсылманның парызы. (Намаз)
3. Қандай адамдар ораза ұстауға міндетті?
4. Иман дегеніміз не? (Сенім)
5. Құранда қанша сүре жазылған? (6666)
2 – жүргізуші: ІІІ – турда .«Кім тапқыр». Бұл турда сөзжұмбақ шешеміз.
1. Мұсылманның парызы. (Қажы)
2. Пайғамбарымыз кім? (Мұхаммед)
3. Ораза тұту қай айда? (Рамазан)
4. Бізді билеуші иеміз кім? (Алла)
5. Рамазан айында мешітте өткізілетін жарлыларға берілетін төлем.(пітір)
6. Таңғы намазға шақыру рәсімі. (азан)
7. Отыз күн ұсталатын парыз. (ораза)
8. Мұсылман мерекесі. (Айт)
9. Мұсылман парызы. (намаз)
V – тур. «Қас қағым сәт» деп аталады. Бұл турда ақын – ғұламаларымыз айтқан сөздері оқылады.
Он сегіз мың ғаламға даңқы шыққан Мұхаммед
Отыз үш мың сахабаға басшы болған Мұхаммед
Жалаңаштармен аштарға қанағат болған Мұхаммед
Кемтарлық көрген үмбетке шапағат болған Мұхаммед
Түнде жатып көз ілмей тілейтұғын Мұхаммед
Ғаріппенен жетімге құрмет қылған Мұхаммед
Жолдан азған күнәхарға қамқор болған Мұхаммед
Намаз, ораза тұтқанға рақым қылған Мұхаммед
Малғұндығын шайтанның әшкер еткен Мұхаммед
Шариғаттың жолына жәрдем еткен Мұхаммед
Тарихатқа бастаушы адал болған Мұхаммед
Ақиқатқа ақ жолға бастап берген Мұхаммед
Жамандыққа жақсылық жасайтұғын Мұхаммед
Бес уақыт намазға имандық еткен Мұхаммед
Сегіз пейін бәріне ие болған Мұхаммед
Жетім, пақыр, ғарып қа пана болған Мұхаммед.
ІV – тур. «Кездейсоқ марафон»
Бұл турда оқушылардың өздері әзірлеп әкелген хадистерін жатқа айтады.
1 – жүргізуші: Олай болса, бүгінгі біздің ислам діні туралы, пайғамбарымыз, әке – шешеміз тәрбиесі туралы көп әңгіме қозғадық.
2 – жүргізуші: Ендігі кезекті сынып жетекшіге береміз. Әрдайым иман жүзді мұсылман балалары болыңдар. Қазағымыздың салт – дәстүрін еш уақытта ұмытпаңдар.
3 – жүргізуші: Ендеше оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысқандарыңызға көп – көп рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет