Жаратылыстану 5-сынып
Тақырыбы: Жаратылыстану ғажайыптары
Әзірлеген: Жапарова Асемгуль Сембаевна жаратылыстану пәнінің мұғалімі
- Тақырыбы: Жаратылыстану ғажайыптары
- Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану. Оқушыларды адамгершілікке, шеберлікке,сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. - Бағалау критерийі:
- жұмбақтар,үлестірме карточкалар, сұрақтар,цифралар сұрақтары , презентация
- Түрі:
- интеллектуалды ойын-сайыс
- Ойын барысы Ұйымдастыру.
Сайыс 7 кезеңнен тұрады: - 1. Ұшқыр ой 2. «Полиглот» ойыны
- 3. Жұмбақтар
- 4.Аяқтың ізі
- 5. Ойын «Сиқырлы А әрпі» сұрақтар
- 6. Шашылған әріптер арқылы сұрақтарға жауап
- 7. «Жаратылыстану әлемі» тақырыбына байланысты суреттер сайысы (қорғау)
1- кезең«Ұшқыр ой» - 1. Экватор дегеніміз не?
- / Жердің дәл ортасынан 0 деп алып шартты түрде жүргізілген сызық.
- 2. Жаратылыстану ұғымы қандай сөздерден тұрады? / Жаратылыстану.
- 3. Шартты белгі дегеніміз не? /(картада қолданылған барлық шартты белгілердің мағынасына түсіндірме беретін белгілер жиынтығы)
- 4. Карта дегеніміз не? /(Жер бетінің кішірейтіліп,жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі)
- 5. Бір жылда неше күн бар? 365
- 6. Жердің Күнді белгілі бір уақытта толық айналып шығуын не дейміз / (жыл)
- 7. Телескопты алғаш ойлап тапқан кім? / Г. Галилей
- 8. Картография ол қандай ғылым,нені зерттейді? /(географиялық карталарды құрастыру ғылымы)
2- кезең «Полиглот» ойыны - 1)...... анасы — бұлақ, Сөз анасы — құлақ.
- 2)Құдық қазсаң ......ді каз, ......суалмай суалмас
- 3)...... ақса — көл, Дария ақса — сел.
- 4)Туған жердің .....да шипа
3- кезең (жәшікте жұмбақтар таратылады) Сыр сандық құпиясы жұмбақ жасыру - 1. Планетамыздағы суларды ғалымдар қалай атайды? Гидросфера
- 2. Жердің барынша кішірейтілген дәл үлгісі? Глобус
- 3. Табиғатта болатын өзгерістер? / құбылыс
- 4. Өте ұсақ ,көзге көрінбейтін бөлшектер? (атомдар)
5кезең. Ойын «Сиқырлы А әріпі» - 1.Ауа қабаты қалай аталады? 2.Қазақстанның батысындағы 5 әріпті қала
- 3.Ең кіші материк
- 4 .Бақылау нүктесінен өтетін жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш.
- 5.Жердің оңтүстік полюсінде орналасқан құрлық. 6.Өте ұсақ ,көзге көрінбейтін бөлшектер?
Ойын «Сиқырлы А әріпі» - 1.Ауа қабаты қалай аталады? (Атмосфера)
- 2.Қазақстанның батысындағы 5 әріпті қала (Ақтау)
- 3.Ең кіші материк Австралия 4 .Бақылау нүктесінен өтетін жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. (Азимут)
- 5.Жердің оңтүстік полюсінде орналасқан құрлық. (Антарктида) 6.Өте ұсақ ,көзге көрінбейтін бөлшектер? (атомдар)
- Үйге тапсырма
- “Органикалық және бейорганикалық заттардың адам өміріндегі маңызы" тақырыбында эссе
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |