Тақырыбы: Жедел респираторлы вирусты инфекция,синусит,бронхит,бронхиолит



бет5/6
Дата01.11.2023
өлшемі2.49 Mb.
#482135
1   2   3   4   5   6
акн 2

Синусит этиологиясы

  • Мұрын қуысының және оның қойнауларының кілегей қабығының қорғаныш қызметінің нашарлауы,жалпы және жергілікті иммунитет төмендеуі.
  • Инфекциялардың қойнауға ену жолдары:
  • — негізгі ену жолы (риногенді жол);
  • — жедел инфекциялық ауру кезіндегі гематогенді жол (тұмау, дифтерия, скарлатина, қызылша, және т.б.);
  • — жоғарғы жақ қойнауының қабынуы-тіс аурулары (одонтогенді гайморит).

Жедел бронхит және бронхиолит

  • Жедел бронхит — бронхтар кілегей қабығының диффузды бейспецификалық жедел (жедел эндобронхит), сирегірек -қабырғасының барлық қабаттарының бір мезгілде қабынуы (панбронхит).
  • Жедел бронхиолит — ұсақ, диаметрі 2 мм-ге дейінгі, бронхтардың және бронхиолалардың, яғни диаметрі 1 мм жіңішке тыныс жолдарының шеміршексіз бөліктерінің жедел қабынуы.

Жіктемесі

  • Этиологиясы бойынша:
  • 1. Инфекциялық:
  • а) вирустық;
  • ә) микоплазмалық;
  • б) бактериялық.
  • 2. Инфекциялық емес (түрлі физикалық және химиялық әсерлерден).
  • 3. Аралас (вирустық-бактериялық).
  • Патогенезі бойынша:
  • Біріншілік.
  • Екіншілік (жедел респирациялық аурулардың асқынуынан, жоғарғы тыныс жолдарында инфекция ошақтарының болуынан: тонзиллит, фарингит, ларингит, синуситтің, бронхоэктаз ауруының).
  • Орналасуы бойынша:
  • Проксимальді (ірі бронхтардың қабынуы).
  • Дистальді немесе обструкциялық (қабыну процесінің бронхтардың түйілуіне, кілегей қабықтың ісінуіне, гиперсекрециясына алып келуінен).
  • Жедел бронхиолит (ұсақ бронхтар тармақтарының ауыр, обструкциялық түрде қабынуы).
  • Қабынудың түрі бойынша:
  • Катаральді.
  • Ісінулік.
  • Іріңді.
  • Ірінді-некроздық.
  • Барысы бойынша:
  • Жедел (ұзақтығы 2-3 апта).
  • Созылыңқы (1 айға дейін, одан да ұзақ созылатын).

Клиникалық көрінісі

  • Жедел бронхит жедел респирациялық аурудан (ЖРА) кейін немесе онымен бірге басталады.
  • Жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну процесі (ринит, фарингит) трахеяға түседі.
  • Бұл кезде трахеиттің белгілері (құрғақ жөтел, төс артының ашып, қырнап ауыруы) байқалады. Көп ұзамай қабыну процесі алдымен ірі, кейін ұсақ бронхтарға өтеді.
  • Көрінісі қинайтын жөтелден басталады. Алғашқы 2-3 тәулікте жөтелі құрғақ, кейін болар-болмас қақырық түсе бастайды.
  • Қақырық әдетте кілегейлі, кейде кілегейлі-іріңді, оның тәуліктік мөлшері шамалы, 50 мл-ден аспайды. Қиналып қатты жөтелуден кеуденің диафрагмаға бекіген аймақтары, төстің арты ашып ауыруы мүмкін.
  • Ұсақ бронхтар қабынса, онда жөтелге экспирациялық ентікпе қосылады.
  • Интоксикацияның салдарынан әлсіздік, селқостық, қол-аяқтардың, белдің ауырсынуы тән.
  • Көбіне дене қызуы қалыпты немесе 2-3 күн ғана субфебрильді деңгейге дейін жоғарылайды. Бірақ грипп болғанда дене қызуы 38-39 °С көтерілуі мүмкін, сонымен қатар мұрынның, ауыздың айналасына ұшық шығуы және көмекейдің гиперемиясы байқалады.
  • Науқастың қалтырауы бактериялық инфекцияның немесе пневмонияның қосылуына тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет