Тақырыбы: «Желтоқсан желі ызғарлы» Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/2
Дата16.11.2022
өлшемі26.03 Kb.
#465027
түріСабақ
  1   2
желтоксан желі


Тақырыбы: «Желтоқсан желі ызғарлы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарды, желтоқсан құрбандарының ерлігін баяндау.
Дамытушылық: Ойлауын, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өй – өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүюге,Отанын қастерлеуге, қорғауға баулу.
Көрнекіліктер: желтоқсан қаһармандарының суреттері, ҚР рәміздері.
Сабақ барысы:
Мұғалім: 16-желтоқсан- тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік ел жадында қалған күн.
Үміті боп елімнің жасай берсін ұлы күн
Ақ күні боп баланың, шаттығы боп үлкеннің.
Мұғалім: Армысыңдар, құрметті ұстаздар,оқушылар және осы кештің қонақтары! Бүгін дүниені дүр сілкіндірген 1986 ж. желоқсан оқиғасына арналған «Желтоқсан желі ызғарлы» атты тәрие сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгін1986ж. 16 желтоқсанында қазақ елінің солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтерген ұл-қыздарымыз туралы сыр шертеміз. Бұл қасіретті күнді, оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуы мүмкін емес!Қайрат Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхамеджанқызы, Е.Сыпатаев сынды жүздеген, мыңдаған жастардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күресі еді.
Сабағымызды ҚР мемлекеттік гимнімен бастайық.
Желтоқсан оқиғасының бастауы

  • Қыздар, мен газет әкелдім

  • Қане, не жаңалық бар екен?

  • Пленум болыпты. Қонаевты орнынан алды дейді.

  • Онысы несі?

  • Орнына кім болыпты?

  • Колбин деген. Ульяновтан келіпті.

  • Қазақтан біреу қойсайшы!

(Жастар шуласып кетеді.)

  • Пленум шешіміне қарсымыз!

  • Әр ұлтқа өз басшысы!

  • Колбинді әкетсін!

  • Қонаевтің өзі сөйлесін!

Қарсылық көрсетіп,көтеріс ашқан жастарды милиция таратып жібереді.

Қанды Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік.


1986 жылдың 18 желтоқсанында сағат 20.00-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Сыпатаев әкелінді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданында туып-өскен. Ербол бір отбасының жалғыз баласы еді. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде қалдырамыз.
Дегенмен, қазақтың өр Рухы өлмеді. Соның бірі «қазақ халқының қаһарманы», алтын жұлдызы, қыршын кеткен марқұм Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.

Көрініс:


Тергеуші: -Рысқұлбековты тергеуге алып келіңдер!
Күзетшілер: Рысқұлбеков тұр! Жауапқа жүр.
Тергеуші: Рысқұлбеков Савицкийді өлтірген сенсің, мойында!
Қайрат: Бұл дегенің қып қызыл қиянат қой. Мен тышқан да өлтіріп көрген жоқпын.
Тергеуші: Мойында! Мойындасаң жазаң жеңілдейді.
Қайрат: Мен ешкімді де өлтіргем жоқ.
Тергеуші: Савицкийді өлтірдім демей ақ қой, оқиғаға қатыстым десең де болады.
Қайрат: Жасамаған нәрсені неге мойындаймын. Бұл маған жабылып отырған жала.
Тергеуші: Сен жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына, ату жазасына кесілесің! Ал, декабрист, соңғы ақтық сөзіңді айт!

Қайрат:
Күнәдән таза басым бар,


Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
«Қайрат» деген атым бар,
«Қазақ» деген затым бар,
«Еркек тоқты құрбандық»,
Атам десең атыңдар!

Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік ауылында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савитскийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «аса қауіпті қылмыскер» изоляторында ұстады. 1987 жылдың 23мамыры мен 14маусымы аралығында болған Жоғарғы сот Қайратты ату жазасына кесті. Бірақ ол билік басындағылардың ұйымдастырған қатыгездігімен өлтірілді. 1988 жылы 13мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 жасында өмірмен қоштасты. Қазақ халқы ел болып, ес жиған кезде Қайрат арысына «Халық қаһарманы» атағы берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет