1.Жеті жастағы баланың дағдарыс кезеңінде сыртқы әсерлер жиынтығын жалпылап, басынан кешірген сезім күйлерін даму жағдайын түсінерлік дәрежеге жетеді. Сәтсіздікке ұшыраса оған реніш білдіріп, өзге балалардың ұнамсыз қылықтарын жақтырмай сырт айналады. Кемтарлардың жүріс-тұрысысына күледі. Өз басынан кешірген сәтсіздіктеріне реніш біддіреді. Ал арадан көп уақыт өтпей-ақ, ашық-жарқын бола қалады. Алайда ол көптеген сәтсіздіктерді қорытып, оған жалпы сипат беруге ойы жетпейді. Мектеп жасындағы бала өз сезімі мен басынан өткен жайттарды жинақтай бастайды. Басынан кешірген ашу-ызалары тұтасып, оның ренішті жағдайлар жайындағы түсінігі қалыптасады. Алайда ондай сезім күйлерінің бәрі дара уақиға сипатында болып қала береді. Мектеп жасына дейінгі балада өзін-өзі бақылау, намыстану сезімдері қалыптаспаған. Мұның бәрі бала өсе келе өз бойындағы ерекшеліктерін әр алуан жағдайларды басынан кешіру арқылы сезіне алатын болады. Жеті жастағы баланың дағдарысы осы өз басынан өткен оқиғалар мен мінез-құлықтарының мәнін түсіне алмау себептерінен туындап отыратындығын атап көрсетуді қажет етеді.
2. Психология ғылымында интроспекцияны арнайы зерттеу әдісі деп атайды. Ол адамның өзіндік психикалық процестерін, өзіндік іс-әрекет актілерін зерттеуден тұрады. Бұл жағдайда кейбір сыртқы стандарттар және басқа әдістер қолданылмайды. Бақылау объектісі - ойлар, тәжірибелер, бейнелер, сезімдер - сананың мазмұнын құрайтын барлық нәрсе. Интроспекция әдісін алғаш рет Рене Декарт негіздеді.
3.Сабақта қолданылатын рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Рефлексия сөзі латын тілінде reflexio-кейінге айналым мағынасын білдіреді. Ал педагогика саласында рефлексия сөзі іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі дегенді білдіреді.Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушылардың өз бетімен білімін толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз жүзеге асуы мүмкін емес. Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындаған іс-әрекетін зерделейді және соның нәтижесінде келесі сабақ жоспарын құру барысында қолданған әдіс-тәсілдерінің тиімді немесе тиімсіз болған тұстарын ескере отырып жоспарлайтын болады. Оқыту барысында рефлексияның әртүрлі формаларын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соңында асығыс атқарыла салмай, оқушыға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс. Менің ойымша бастауыш сынып оқушыларына өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу сияқты рефлексия түрлерін қолдананған тиімді, ал орта және жоғары сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, эссе жазу сияқты рефлексивті жұмыс түрлерімен айналыса алады.
4.Ой операцияларының бірнеше түрлері бар.
1. Анализ. Анализ дегеніміз – түрлі құбылыстарды жеке қасиеттерге бөлшектеу.
2. Синтез. Синтез дегеніміз – бірнеше процестердің барлық дара қасиеттерінің біріктірілуі.
3. Нақтылау. Нақтылау дегеніміз – заттардың және құбылыстардың өзіндік нақты қасиеттерін ашып көрсету.
4. Салыстыру. Салыстыру дегеніміз – заттардың ұқсастығын, айырмашылығын, қарама – қарсылығын салыстыруды айтамыз.
5.Л.С.Выготскийдің психология ғылымында ерскше орын алатын теориясы – бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады.Бұл теорияның түпкі мәні – баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыру үнемі онын табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап біріншіден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделсп танитын міндеттерге машықтанулары керек.
6.Жақын даму аймағы - бұл әсерлі психолог Лев Выготский жасаған тұжырымдама. Выготскийдің айтуынша. Жақын дамудың аймағы: «проблемаларды өз бетінше шешумен анықталған нақты даму деңгейі мен ересектердің басшылығымен немесе қабілетті құрдастарымен ынтымақтастықта мәселелерді шешу арқылы анықталатын әлеуетті даму деңгейі арасындағы қашықтық». (Выготский, 1935).