Тақырыбы: «Жолы болсын әркімнің » Мақсаты



Дата08.07.2016
өлшемі359.5 Kb.
#185580
Тақырыбы: «Жолы болсын әркімнің...»
Мақсаты

  • Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

  • Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру.

  • Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.



Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, топпен жұмыс, оқушылардың шығармашылығы

Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жол ережесіне арналған суреттер.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті белгісі бар оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер - «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».



Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты жол ережелеріне арналған сайыс өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер!

Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Қызылдар» тобы


Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
«Сарылар» тобы

Жасыл көзін ашқанда,


Жүре бергін, жасқанба!
«Жасылдар» тобы


І бөлім: «Сәлем - сөздің анасы» таныстыру, топқа ат қою, ұран(5 ұпай)


«Қызылдар» тобы:
Арманға алды күткен асығамыз,
Біз қалай толқын артпай басылармыз.
Жолда жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.


«Жасылдар» тобы:
Жалғайтын достастырып бар әнменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Ойынымыз басталады сәлемменен.

«Сарылар» тобы:
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол отақ - үлкен, кіші, баршамызға!

ІІ бөлім: «Викториналық сұрақтар» топ басшыларына (2 ұпай)

Қызылдар
1. .Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүру рұқсат етіледі?(өрт сөндіруші, жедел жәрдем, полиция)
2. Бағдаршамда сигналдар қалай орналасқан? (қызыл, сары, жасыл)
3. Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? (Қызыл дөңгелек)
4. Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын не үшін қосады? (себебі жүргіншілерге алыстан көріну үшін)
5. Бағдаршам жоқ жерде көшеден қалай өтеміз? (Егер бағдаршам болмаса, әуелі солға, содан соң көшенің ортасына келгенде оңға қараймын)
Сарылар
1. Бағдаршам деген не? (Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы.) 
2. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?(тежегіштің дұрыстығын)

3. Жаяу жүргінші деген кім? (Көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын адам.) 

4. Автобус деген не? (Жолаушвлар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы.) 


5. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады? (жаяу жүргінші жолынан)
Жасылдар
1. Жол жиегіндегі тұрған автобус, троллейбус, т.б. көлік түрлерінің қай жағынан өтуге болады?(артқы жағынан)
2. Бағдаршам жарықтарының қызметі қандай? (қызыл- тоқта, сары- дайындал, жасыл- жүруге болады)

3. Бағдаршам қойылған жол өткелі қауіпті ме, әлде бағдаршам қойылмаған жол өткелі қауіпті ме? (бағдаршам қойылмаған жол өткелі)

4. Маршруттық көлік құралы деген не? (Жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері бар белгіленген маршрутпен қозғалатын жалпы пайдаланудағы көлік құралы.)

5. Жол қозғалысын реттейтін адам кім? (Реттеуші)
(Дұрыс жауап берген топқа ұпай беріледі.)
Жүргізуші: Жарайсыңдар. Жол ережесіне қатысты сұрақтарға ең көп жауап айтқан …. топ мүшелері. Құттықтаймыз!

ІІІ бөлім «Бағдаршам» 5 ұпай

Ойын шарты: Әр топтан 1 оқушыдан және 1 ата- ана шығады

  1. Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
    2. Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
    3. Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
    Қонақтар: Әр топқа баға беру керек.


IV бөлім. Әр топ жинаған жол белгілерін құрастырып қорғайды. Қонақтар әр топқа баға береді.


Қызыл Сары Жасыл

V бөлім. Жұмбақтар:

Әр топқа шардың ішіне салынған 5 жұмбақ жасырылады. Әр жұмбаққа 2 ұпай


1. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

2. Ала таяқ ұстаған,


Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері)

3. Арқаным тым ұзын.


Ала алмайсың бір үзім. (Жол)

4. Сөйлегенде білмейді


Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді. (Бағдаршам)

5. Екі аяқты бір ізді,


Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмен ол менің,
Аяғымды жүргізді. (Велосипед)

6. Төрт аяғы дөңгелек,


Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)

7. Үлкен - үлкен қалаларда жүреді,


Табаны темір, төбесінде жүрегі. (Трамвай)

8. Көше бойлап аяңдайды,


Адам тасып аялдайды. (автобус)

9. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,


Іргеден басталып алысқа жеткізген. (жол)

10. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,


Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

11. Өзі тым күшті,


Аяғы тісті. ( трактор)

12. Екі ағасы қашады,


Екі ініс қуады. ( машина дөңгелектері)

13. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай)

14. Жердің жүзін шарлайсың

Онсыз еш жерге бармайсың

Көлікпен де, жаяу да

Саралайсың, таңдайсың Жол

15. Өздігінен жүрмейді, жарыспайды

Кісі мінсе жарыстан қалыспайды

Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз

Сағатта талай жерді қарыштайды Велосипед



VI бөлім. «Жолы болсын әркімнің…» тақырыбына топпен сурет сал 5 ұпай




VІІІ бөлім «Жағдаяттарды шешу»
«Қызылдар» тобы:
Ержан жол жиегінде доппен ойнап жүреді. Добы жолға домалап кетеді. Ержан добын алмақ болып машина жолына жүгіреді. Машиналар сигналы естіледі. Ержан добын тастай қашады. Ержанның әрекеті дұрыс па? Ол қандай шара қолдану керек еді?
«Жасылдар» тобы:
Бағдаршамы жоқ көшеде жолдан екі бала өтпек болады. Бірі жолдан жан - жағына қарамастан, асығыс жүгіріп өтеді. Екіншісі алдымен сол жағына, сонан соң оң жағына қарап өтеді. Кімнің әрекеті дұрыс? Жолдан қалай өту керек?
«Сарылар» тобы:
Сіз жолдан өтейін деп тұрсыз. Бағдаршамның жасыл түсі жанбай жатып қасыңызда тұрған бірінші сынып оқушысының машиналар зулап жүріп жатқан жолдан өтпекші болып тұрғанын көресіз. Сіздің әрекетіңіз?

Қорытынды: Әділ қазылар алқасына сөз беріледі, марапаттау


Мұғалім:
Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет бердіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет