Күні:17.11.2023
Тақырыбы: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, , бейнежазба
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап
Күтілетін нәтиже:
оқушылардың құқық туралы түсініктерін кеңейеді;
құқық бұзушылықтыңтүрлерін ажырата алады;
қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиеленеді.
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Оқушылардың іс -әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Мұғалім: Құрметті оқушылар Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.« Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы » атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Бүгін бізде қонақта мектебіміздің инспекторы, полиция мойоры Асель Еркінбекова
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |