Тақырыбы: «Көңілім әнді ұғады» Мақсаты



бет1/3
Дата12.03.2024
өлшемі20.66 Kb.
#495115
  1   2   3
сценарий Абай


Тақырыбы: «Көңілім әнді ұғады»


Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтің мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. баулу.Көрнекілігі буклеттер, кітап көрмесі, портрет, проектор, ноутбук.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.(бейнеролик)


1-жүргізуші: 
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!


2-жүргізуші: 
Дана Абайды
Қазақтың ақылына балаймын!
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,
Жан алаңы, мұңы бар-қазағы бар Абайдың!
Арлы Абайды
Қазақтың қайраты деп ұғамын,
Қайда барса, айбыны, айбаты деп ұғамын!
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығамын,
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!
.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және Абай атамыздың әндерін жан-тәнімен, ыстық жүректерімен сүйетін сайысқа қатысушылар! Бүгінгі «Көңілім әнді ұғады»  атты мектепішілік Абай әндерін орындаушылар байқауына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
4.
1-жүргізуші: Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған, жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,
Енді бүгінгі мектепішілік Абай әндерін орындаушы күміскөмей әншілерімізді қошеметпен ортаға бір шақырып алайық


2-жүргізуші: 
Aбaй aтaмыздың шығapғaн 28 әнi 65 нұсқaдa aйтылaды. Сoндaй-aқ aвтopдың 2 күй, 1 жeлдipмeсi дe хaлық eсiндe. Бұл әндepi мaхaббaт-лиpикaлық әндep, өмip туpaлы филoсoфиялық әндep, тәлiм-тәpбиe тaқыpыбындaғы әндep, aзaмaттық-пaтpиoттық әндep, ән-өнep туpaлы әндep, мысaл әндep, жoқтaу әндep бoлып нeшeмe түpгe бөлiнeдi. Презентация


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет