Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік



Дата28.06.2016
өлшемі79.78 Kb.
#163555
Тақырыбы: Ленинград қорғанысы

Мақсаты:

Білімдік:Ұлы Отан соғысы тарихында Ленинградтың қоршауда қалуы тарихтың қасіретті беті ғана емес, сонымен қатар ол халқымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының дәлелі екендігін, ұрпаққа берер ұлағатын ашып жеткізу:

Тәрбиелік: Ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары борлуға тәрбиелеу:

Дамытушылық: шығармашылықпен ізденуге, сөйлеу мәдениетіне, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру:

Көрнекілік: 1. Тарихи әдебиеттер. карта

2.Үлестірмелі материалдар, кітап көрмесі, анықтамалық сөздіктер,

3.Слайд: «Ленинград жау қоршауында». Д.Шостакович: «Ленинград симфониясы» -үн таспа

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі (сырт келбеті, формасы, Георгиев лентасы, үш топқа бөлу, атауы, 1 топ –Әсет, 2 топ –Еділ, 3топ- Әділ,

ІІ Кіріспе:Эпиграф: ..................

1..... Кеңес-герман соғысының басталу себебі: 1926 ж - Италия, 1933 ж- Германия, 1938 ж – Испания - үкімет басына фашизм келді. Фашистік Германия ішкі және сыртқы саясатын соғысқа бейімдеп құрды.

2.Сұрақ:


  1. ІІ дүниежүзілік соғыс қашан, қалай басталды?

  2. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

3. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында

4. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батыр қалалар: Ленинград - 1965 жылдың 8 мамырында КСРО Жоғары кеңесінің президиумы 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдары елімізді қорғауда жаппай ерлік көрсеткен қалаларға «Батыр қала» атағын беру туралы Жарлық шығарды. Аталмыш жарлықпен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Одесса, Сталинград, Севастополь қалалары және Брест қамалы «Батыр қала» атанды. Дәл осы тектес жарлықтар кейін тағы шығып, қалалар саны артты. Мәселен, 1973 жылы 14 қыркүйекте аталмыш статусқа Новороссийск, Керчь қалалары, 1974 жылы 26 маусымда Минск қаласы, 1976 жылы 7 желтоқсанда Тула қаласы, 1985 жылы 6 мамырда Смоленск, Мурманск қалалары ие болды.



Ленинград қаласы (қазіргі Санкт-Петербург). Фашистердің қоршауында қалған бұл қаланың тұрғындары 900 күн бойы жаумен арпалысты. 1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1944 жылдың 27 қаңтарына дейін жау қоршауында болған Ленинград қаласына 1965 жылы 8 мамырда «Батыр қала» атағы берілді. Қала қоршауда қалған кезде 1,5 млн адам қаза тапты. Оның 97 пайызы аштықтан көз жұмды. ҰОС-дағы бұл шайқас тарихта «Ленинград блоккадасы» деген атпен қалды. Ленинградты қорғауға, оның түбіндегі жау әскерлерін талқандауға Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар (310, 314-атқыштар дивизиялары) қатысты. Мыңдаған қазақстандықтар Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. Ладож көлінің үстіндегі мұз арқылы салынған жолды қамтамасыз еткен 340 жауынгердің  ішінде қазақстандықтар да болды: күніне 3-4 рейс жасай білген С.Қабиев, К.Оспанов және С.Ичевский және салынған жолдағы учаскелердің біреуіне жетекшілік еткен кіші лейтенант К. Ахмедгиев және т.б.Соғыстың ауыр күндері Ленинград қаласын қорғаймын деп парторг Сұлтан Баймағамбетов Александр Матросовтың ерлігін қайталады және сол үшін Кеңес Одағының батыры атағын иеленді. Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов 1943 жылғы шілдедегі Ленинградты Үлкен жермен байланыстырып тұрған қылтаны кеңейту үшін жүргізілген ұрыстарда  Ленинград майданының 67-армиясы 43-атқыштар дивизиясына қарасты 147-атқыштар полкінде пулемет бөлімшесінің командирі болды. 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. Қазақстан халқы ленинградтықтарға азық-түлік пен делегациялар жіберіп те, хат арқылы да рухани көмек беріп отырды. Қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың “Ленинградтық өренім!” атты жалынды жыры жауынгерлерді шайқаста жігерлендіре түсті.
ІІІ Негізгі бөлім

Жоспары:


  1. Ленинград шайқасы

    • Неміс командованиесінің Ленинградқа қарсы жасаған стратегиялық саясаты

    • Ленинградты қорғау операциясы

2.Қоршаудағы Ленинград

  • Қоршаудағы Ленинградтықтардың өмір-тынысы

  • Қоршаудың салдары

  • Канибализм

  • Ладога көлі – «өмір жолы»

  • Ленинградтықтарға күш берген ән

  • Ленинградтағы тарихи ғимараттар мен ескеркіштердің жағдайы

3.Ленинград түбіндегі шайқастар

  • Қазақстандықтар Ленинград қаласы түбіндегі шайқастарда

  • Біздің жерлесіміз – Ленинград үшін шайқастарда

  • Ленинградты толық қоршаудан азат етудің тарихи маңызы

4. «Шығыстың қос шынары» - Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова туралы көрініс (1 көріністе ойнайтындар: генерал, полковник, пулемет бөлімшесі, М. Мәметова; 2 көріністе ойнайтындар: автор, полковник, мерген қыздар, Ә. Молдағұлова)

ІІІ Қорыту

ІҮ Шығармашылық ой-толғау: «Отан үшін от кешу»
«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның жанынан құрылған «Майдан жолы» іздестіру отряды Ұлы Отан соғысы жылдары жат жерде қаза тапқан сарбаздардың мәйітін тауып, туған жеріне қайта жерлеуді игі дәстүрге айналдырған.

 

Ресейдің Невель қаласының қауымы қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованы, ерлігімен айрықшаланған Ыбырайым Сүлейменов пен Әбілқайыр Баймолдинді  ерекше қастерлейді. Себебі шығыстың ержүрек жауынгерлері олардың туған қаласын фашистік басқыншылықтан сақтап қалған. Дәл осы мекенде жауға майдан шебін алғызбаған Мәншүк Мәметова мен оның полктасы Ыбырайым Сүлейменов соңғы ұрысын өткізген болатын. Екі боздақтың командирі, жерлесіміз, полковник Әбілқайыр Баймолдин де шаһарды қорғау барысында көз жұмған еді. Сол себепті болар, біздің батырларымыздың ұлы қадамдары невельдіктер үшін нағыз нарлық пен жанқиярлықтың белгісіне айналған. Ұлы Жеңіс күніне орай олар Псков облысын құтқарған қазақстандық жауынгерлерді еске алып, Ыбырайым Сүлейменов көшесінде мемориалды тақташа орнатылды. Қалалық алаңға Ұлы Отан соғысының қаһарманы Әбілқайыр Баймолдиннің есімі беріліп, оның қола мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мұның бәрі ERG (Eurasian Resources Group) еншілес компаниясы - ENRC-дің «Батырлар жолымен» атты халықаралық патриоттық жобасы аясында ұйымдастырылды.



 

Бірқатар айтулы шаралар өткізген Невель – тұрғындарының саны аз болса да, уақыт жолдарында таңбалап жазылған тарихы бар мекен. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл жерлер сұрапыл майдан шебіне айналып, мыңдаған сарбаздардың қаза тапқан аймағы болған еді. Осында 1941-1943 жылдар аралығында неміс басқыншылары сегіз мың бейбіт халықтың көзін жойып, ондаған ауылды өрт астында қалдырып, мыңдаған бұқараны ауыр жұмысқа бағыттаған. Жұртшылықтың басына төнген бұл уайым мен зор бейнеттен арашалап алу үшін кеңес әскері үш жыл бойы арпалысқан болатын. Ұрысқа Алматыда құрылған 100-інші Қазақ атқыштар бригадасы да қатысқан еді. Тарих беттерін парақтасақ, генерал-лейтенант Галицкий қолбасшылығының астындағы үшінші соққы беретін әскер шабуылға аттанады. Алдымен сарбаздар немістердің алғашқы траншеясын, кейін қарсыластың қорғанысын басып алып, Шестиха өзенінің басына шығады. Күндізгі сағат төртте отряд Невель қаласына жақындайды. Мыңдаған солдаттардың қаны мен тері тамған шайқастан соң 1943 жылдың алтыншы қазаны біз үшін жеңіспен аяқталып, қала босатылады. Керемет атқарылған әскери операциясы үшін 100-інші Қазақ атқыштар бригадасы командирінің орынбасары Әбілқайыр Баймолдин Невельдің алғашқы коменданты болып тағайындалады.

 

Десе де, фашистік қозғалыс тоқталмады. Әсіресе, немістермен қатты қақтығыстар 100-інші қазақ атқыш бригадасы тұрған аймақта - Изоча стансасында болатын. Дәл осы ұрыста қазақтың батыр қызы Мәншүк пен елдің көркіне айналған еріміз Ыбырайым қаһармандығымен ерекшеленеді. Әбілқайыр Баймолдиннің қол астында қызмет атқарып жүрген отандастарымыз кейін полковниктің ұсынысы бойынша пулеметші бойжеткен Кеңес Одағының батыры атанып, ал мерген старшина Ы. Сүлейменов Ленин орденімен марапатталады. Сондай-ақ сол жылы Невель қаласының екі көшесіне жас батырлардың есімдері беріледі.



 

Міне, сол бір сұрапыл кезеңнен 70 жыл өткен соң Ыбырайым Сүлейменовтың көшесінде қазақстандықтар өз жерлесін еске алып, «Батырлар жолымен» халықаралық патриоттық жоба аясында даңқты мергенге арнап мемориалды тақташа орнатты. Жергілікті халық арасында оның есімі мен батырлығы ұрпақтан ұрпаққа таралуда. Өзінің қысқа да жарқын әскери қызметі барысында мерген қарсыластың 289 сарбазы мен офицерлерінің көзін жойған. Ал 1943 жылдың 15 қазанында кең даланың ұлы даңқ пен атаққа құмарланбай, тек азаматтық борышын орындай отырып дүниеден озады.

 

Мемориалды тақташаның салтанатты ашылу рәсіміне қала тұрғындары, мектеп оқушылары, Ә. Баймолдиннің туған-туысқандары, Еуразиялық топ өкілдері, павлодарлық іздеушілер мен металлургтер қатысты. Одан соң қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне, әскери даңқ мұражайы мен жергілікті мектеп-гимназияға барып қайтты.



 

Бір өкініштісі, Әбілқайыр Баймолдиннің есімі Невель қаласы тұрғындарының көбіне белгілі болса да, туған өлкесінде көлеңкеде қалған. Тек Ұлы Жеңістің 69 жылдығында ғана Ә.Баймолдиннің есімі ұлықталып, Невельде оның құрметіне орталық алаң аталып, қола мүсіні орнатылды. Ал туған жері Павлодар облысы Аққу ауылында оған арнап мемориалды тақта ілінді.

 

- Бұл қадамдарымыз ENRC компаниясымен қатарынан бірнеше жыл бойы ұйымдастырылып, халықаралық патриоттық жобаның арқасында жүзеге асырылып отыр. Аталмыш жоба аясында 2010 жылы біз Новосокольникидегі Әлия Молдағұлова мен Невельдегі Мәншүк Мәметованың ескерткіштерін жаңарттық. Сонымен қатар, орталық әскери қабірде отандас Мәншүк Мәметова, Ыбырайым Сүлейменов пен жерлесіміз Әбілқайыр Баймолдин сынды сарбаздардың басына стелла орнатылды, - деді «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның вице-президенті Жұмабек Камзин.



 

ENRC корпорациясының әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында Батырлар есімі танымал болып қана қоймай, тарих беттеріндегі бізге белгісіз сәттерді жадымызға сақтауға мүмкіндік береді. Осындай ықтиятты еңбектің арқасында даңқты полковниктің өмірбаяны жайындағы мағлұматтар да баршамызға мәлім болды.

 

Әбілқайыр Баймолдин 1909 жылы Лебяжі ауданының Тақыр ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына дейін Әбілқайыр Баймолдин Орта Азиядағы басмаштармен болған қақтығыстарға, Хасан көліндегі жапондық самурайлармен болған ұрыстарға қатысып үлгерген. Невельді босатқаннан кейін Әбілқайыр Баймолдин қала коменданты болады. Ерлікпен қаза тапқан ол өзінің майдандас жолдастары Мәншүк Мәметовамен, Ыбырайым Сүлейменовпен қатар қаланың орталық әскери қабірінде жерленген.



 

Әлі күнге дейін қалалық алаңда кезінде екінші қабатта Баймолдиннің штабы орналасқан комендатура кеңсесі бар. Бұл көне ғимарат - сол бір ауыр заманда болған қантөгіс пен қиыншылықтардың куәгері.

 

- Ғимарат тарих рухына толы. Көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Бұрын мұнда православиелік ғибадатхана мен ескі католиктік шіркеу болған еді. Бірақ немістер осының барлығының көзін жойды. Тек, әлі де қаламызға қызмет етіп жатқан комендатура ғимараты бар, - дейді Невель қаласының тұрғыны Дмитрий Мягкий.



 

Ол полковникпен ата-анасының айтқан әңгімелері арқылы таныс, ал Евгения Маркевич Әбілқайыр Баймолдинмен болған кездесуін ешқашан ұмытқан емес, ұмыта алмайды да.

 

- Комендант мені және менің інімді лагерьден соңғы мезетте құтқарып алды. Қасымызға сарбазды қосып берді. Ол бізді үйге әкеліп тастады. Кішкентай қоңыр үйімізде бізді анамыз күткен еді... Менің алғысым шексіз, басымды оның алдында және барлық әскердің алдында иемін.



 

- Невельді тұтқыннан босату шарасы - Ұлы Отан соғысындағы белгілі операциялардың бірі. Қазақ батырларымен осы операция кезіндегі атқарылған міндет пен олардың рөлі туралы біз барлығын да білеміз. Бізге бейбіт өмір мен осы көк аспанды сыйлаған ержүрек сарбаздарды ешқашан ұмыта алмаймыз, - дейді Невель ауданының басшысы Александр Ващенков.

  

Барлық қазақстандықтардың атынан полковниктің туыстары «Майдан жолы» отрядына, Невель ауданы әкімшілігінің басшысы Александр Ващенков пен оның бірінші орынбасары Олег Майоровқа, қалалық қоныс әкімшілігі басшысы Владимир Сизоненкоға және жергілікті тұрғындарға Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен оның тарихына аса ілтипаттылық пен ізгі ниеттерін танытқаны үшін өз ризашылықтарын білдіріп жатты.



 

- Мен өз әкемді ешқашан көрген емеспін, бірақ, анамның айтуы бойынша ол бірегей, ұлы тұлға болғанын білемін. Барлығы оның ерлігі, қаһармандығы мен қайраттылығын ерекшелеп айтуда. Мен үшін бұл – зор мақтаныш. Әкемнің есімін халық жадында мәңгілік қалдыру үшін өз үлесін қосқан жандарға менің алғысым шексіз. Бүгінгі шара – батырлардың есімдерін құрметтейтін нағыз патриоттардың бар екендігінің тағы бір дәлелі, - дейді полковниктің қызы Жұлдыз Баймолдина.



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет