Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Рахыметжан А
2022-2023 оқу жылы
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы “Жаңаталап жалпы білім беретін мектебі” КММ Зерттеу жұмысының өзектілігі
Мағжан Жұмабаевтың азаматтық үні, ұлттық болмысы, өзі өмір сүрген қоғамның өзекті мәселелерін көтерген “Мен жастарға сенемін”өлеңінің ұлт руханиятына қосқан үлесі қазіргі қоғам құрғысынан зерттеуге бағытталғандығы.
Зерттеу жұмысының мақсаты
Мағжан ақынның өлеңіндегі азаматтық лириканың тақырыптық-идеялық көрінісін ,ақынның бүгінгі күнмен үндес азаматтық үнін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері
Бүгінгі жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде ақын өлеңдерінің баға жетпес құндылық екенін саралау.
“Мен жастарға сенемін” өлеңіндегі ұлттық рух, азаматтық үн мен елдік рухпен жастарға деген жанашырлықты айқындау.
Ақынның “Мен жастарға сенемін” өлеңіндегі жас ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу жолындағы қалтқысыз сеніміне жан-жақты талдау жасау.
Бүгінгі таңда ақынның сенімі арқылы көптеген игі істер өз бастамасын тапқанына көз жеткізу.
Күтілетін нәтиже
Жастар тәрбиесі үшін ақынның өлеңдері өнеге мектебі ретінде қалыптасады.
Ақын өлеңінің жастардың бойында ұлттық рухты оятып, бүгінгі күнмен үндестігі ретінде бастау алған игі істердің жасалынуы
КІРІСПЕ Мағжан Жұмабаев –адамзаттың мүддесін көздеп, Алаш ұранын аспандатып, халық игілігі үшін қысқа ғұмырын ел тағдырына арнаған, болашаққа сенім артқан ұлт ақыны. Өмір шындығын поэзия шындығына айналдыра білген, таланты мен көрегендігі тоғысқан ақынның шығармаларын жүрек түкпіріне қонақтату- бүгінгі ұрпақ біздің еншімізде.
Ақынның азаматтық үні, ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзіндей өлең құдіреті арқылы ұлт руханиятына қосқан үлесі жас ұрпақтың көзқарасы тұрғысынан зерттеуді қажет етеді. “Мен жастарға сенемін” өлеңі жас ұрпақтың жүрегіне рух, жанына жігер мен айбындылық, көңіліне сенім ұялатар ұлтжандылықтың ұраны іспеттес.
Менің зерттеу жұмысым сыршыл ақынның “Мен жастарға сенемін” өлеңінің өзекті ойы мен қазіргі таңдағы ел тұтқасын ұстар өскелең ұрпақтың намысын қайрап ,тәрбиелеудегі мән-маңызын зерттеп, бүгінгі күнмен үндестік тапқан азаматтық үнін зерделеуге арналды. Бұл зерттеу жұмысы да ақын армандаған ұлт руханиятына қосылған тамшыдай болса үлесім деп ойлаймын.