Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев “Мен жастарға сенемін”өлеңіндегі азаматтық үн, ұлттық болмысү


І ҰЛТЖАНДЫЛЫҚТЫҢ ҰРАНЫ- “МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН”



бет2/4
Дата20.02.2023
өлшемі114.91 Kb.
#469827
1   2   3   4
Мағжан Жұмабаев Мен жастарға сенемін жоба

І ҰЛТЖАНДЫЛЫҚТЫҢ ҰРАНЫ- “МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН”
1.1. Ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі
Халықтың мұң-зарын жырлап, туған халқының тұралаған тағдырына жаны ауырып: Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!-деп ұрандатқан Мағжан Жұмабаев қатыгез тағдыр тәлкегіне ұшырап, Кеңес Одағы кезеңінде өмір сүрді. Солақай саясаттың аяусыз жазасына кесілген талай боздақтармен бірге ел өмірін өз тағдырына айналдырып, Отанды сүюдің ірі үлгісін танытып, елін сүйген үлкен жүректі азамат қазақ руханиятына сезім мен сенімді ұштастырып мәңгілік шұғыласын шашып кетті. Жастардың жігерін жанып, жақсылыққа жетелеп, ізгі өмірге қанаттандырып “Мен жастарға сенемін” өлеңі арқылы халық жүрегіне үміт пен сенім шырақтарын жаға білді.
  • Арыстандай айбатты,

  • Жолбарыстай қайратты,
    Қырандай күшті қанатты-
    Мен жастарға сенемін!-деп, өзі армандаған бостандық таңына қажырлы жастардың қолы жететініне сенім білдірген сұңғыла ойдың хас шебері келешек жас буынға ел тізгінін бере отырып, олардың рухтарын жігерлендіре түседі. Бүкіл Алаш жұртына ұран салған ақын қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, қоғамдық сұлу сөзден, өткір ойдан өміріне өз қолтаңбасын қалдырған поэзияның ірі өкілі. Осындай қайталанбас тұлғаның жырына арқау болып, сеніміне ие болған жас ұрпақтың бірі болғаным көкірегіме мақтаныш ұялатады.
    Ақынның көңіл-күйінің буырқанған, босаңсыған, қайрат шақырған, қамыққан, қайтадан рухтанған, өмірлік мұраттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені өлеңдерінде көрініс беретіні анық. “Мен жастарға сенемін” өлеңі де лапылдап тұрған жалын мен жігер, сезім мен сенім қатар өрілген ұлтжандылықтың ұраны іспетті..

Өлеңнің бір шумағының өзінде ел тағдырына,халық болашағына қатысты, кешегі мен бүгінгі күнді сабақтастырып тұрар алтын көпірді қара сөзбен жеткізе алмайтын қуатты жыр бас құрайтыны содан. Жастарды тектілкке, адалдыққа, ақиқат ауылына шақырып, адамның ар-намысы-абыройдың күзетшісі екенін дәріптейді.
  • Жас қырандар балапан,

  • Жайып қанат, ұмтылған.
    Көздегені көк аспан,
    Мен жастарға сенемін!,-деп өзінің халық алдындағы биік мақсат-мұратын дұрыс түсініп бағалалаған, сөз өнерінің құнын ардақтап қоғамдық, азаматтық мәселелерді қозғайды.
    Мағжан ақынның өмірілік мұраты, азаматтық үні халық мүддесінен туып, өсер елдің өскелең ұрпағына риясыз ықыласын, айнымас сенімін алға тартып,болашағына күмәнсіз сеніп, көрегендікпен шабыттана жырлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет