Конференция тақырыбы «Дін және қоғам»
Сабақ түрі: конференция сабақ
Типі: Сыныптан тыс
Мақсаты: Радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, оқушылардың діни сауаттылық деңгейін арттыру, жас ұрпақ арасында дәстүрлі рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттау және оқушыны тыңдай білуге, көпшілік алдында сөйлегеу, өз тақырыбын қорғап шығуға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: видеобейне, слайдтар, дін туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал – жабдықтар
Конференцияға қатысушылар: 10 «Б», 9 «А», 9 «Б», сыныптары
Конференция барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазақстан Республикасының Конституциясында еліміздің зайырлы мемлекет екені анықталған. Демек, заманауи шынайылықтағы зайырлы мемлекет ұғымының мазмұны құқықтық, демократиялық құндылықтарға негізделген және сенім мәселесінде дін өрісіне мүмкіндік беретін мемлекет ретінде тұжырымдалады. Сондықтан дінаралық қарым-қатынас тәжірибесі әлем назарына ілігіп отырғаны белгілі.
Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы жəне қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы. Жалпы дін туралы, оның ішінде ислам діні туралы түсінігіміз жеткілікті деп айта аламыз ба? Өкінішке орай, қоғамдағы кейінгі кезеңде көрініс тапқан келеңсіз оқиғалар керісінше жауап беруге мәжбүрлейді. Қазіргі заманғы адам және қоғам өміріндегі діннің маңыздылын, ерекшелігін дұрыс түсіне білетін, ұрпақтан-ұрпаққа дұрыс жеткізіп, тәлім-тәрбие беретін, өсіп келе жатқан сіздерді дұрыс жолға салу біздің және ата-ананың, жалпы қоғамның міндеті. Сондықтан біз сіздермен бүгінгі басқосуымызда діннің қоғам өміріндегі маңызын, зайырлылықтың маңызын біле түсуіміз керек, жас дос!
Негізгі бөлім:
Жасырын сауалнама «Мен және менің дінге көзқарасым» https://infourok.ru/men_zhne_men_dnge_kzarasym_saualnama_7-11_synyptar_shn-516262.htm
Баяндамашылар:
_________________ «Алғашқы діни түсініктер»
_________________«Әлемдік діндер»
Достарыңызбен бөлісу: |