Тақырыбы: «Мен-Отанның бақытты ұрпағымын» (интеллектуалды ойын) Өтілетін уақыты



Дата25.10.2022
өлшемі21.22 Kb.
#463318
4 сынып интеллектуалды ойын


Тақырыбы: «Мен-Отанның бақытты ұрпағымын» (интеллектуалды ойын)
Өтілетін уақыты: 20.10.22ж


Мақсаты:
Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, шапшадңыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың білімдері жинақталады. Оқушылардың білім алуға деген құштарлығы артады.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер, ұстаздар, оқушылар!
Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өркениет өзегі – білім мен ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш сыныптарынан басталатыны бәрімізге аян.
Көрнекті психолог Л. С. Выготский алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын


істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын
істері. Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Міне, осы теорияны негізге ала отырып, «Мен-Отанның бақытты ұрпағымын» деп аталатын 4 –сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған интеллектуалды ойынымызға қош келіпсіздер!

Ал, келіңдер, келіңдер!


Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
Қатысушы оқушылар:

- Ал, құрметті оқушылар, осы уақытқа дейінгі алған білімімізді топ болып, жан аямай ортаға салайық


Ойын кезеңдерімен таныстыру. 4 айналымнан тұрады.
1.Тездет, бірақ қателеспе
2.Тіл өнері
3. Сиқырлы шеңбер
4.Тапқырлық

Әділ-қазылар алқасымен таныстыру.


Бастауыш сынып мұғалімі:
1-ші айналым
«Тездет, бірақ қателеспе!»
Жалпы 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
Алдарыңызда тұрған түрлі түсті таяқшаны көтеру арқылы жауап береміз.



  1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Егеменді)

  2. Қазақстан Республикасының рәміздері? (әнұран, ту, елтаңба)

  3. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)

  4. Республика күні.(25 қазан)

  5. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)

  6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақтілі)

  7. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздіккүні)

  8. Әнұранның сөзін жазған кімдер( Н. Назарбаев. Ж. Нәжмеденов)

  9. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жыл)

  10. Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы көшірілді? (1997 жылы)


2-ші айналым Тіл өнері
Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табуы керек.Әр дұрыс жауапқа 1 баллдан беріледі.



  1. Туған жер –.....
    Туған ел – қыдырың.
    (тұғырын)

  2. Отан үшін күрес,
    ......................

(Ерге тиген үлес)

  1. ..........................,
    Отбасы – шуақ.

(Отан –.қуат)

  1. Отан бірдің жүрегі бір,

...............................
(бірдің тілегі бір жүрегі)

  1. Отансыз адам — ........

(ормансыз бұлбұл)

  1. ..... ел көрікті,

Бетегелі бел көрікті.
(Егеменді.)



  1. ............................,

Өз еліңде ұлтан бол.
(Кісі елінде сұлтан болғанша)

  1. Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

......................................
(Адал адам Отанын сүйеді)




3-ші айналым
Сиқырлы шеңбер
Бұл айналымда оқушылар тақтада тұрған шеңберді айналдыра отырып өзіңе түскен ұяшықтағы жұмбақтар мен сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 2 балл.
4 – бөлім: «Тапқырлық»
Бұл турда оқушыларға бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.Ең көп сөз құрастырған қатысушыға 16 балл беріледі.


Қ А З А Қ С Т А Н
Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас.


Т ә у е л с і з д і к
Тәуелді, әуелі, әуе, ел, сіз,ту, із, тіл, дәл, кісі, іс, сәт.

Қорытынды: әділ-қазылар алқасына сөз беріліп, жеңімпаз оқушы анықталады. Марапатталады.


Бастауышта оқиды,


Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман – есен болыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет