«Кім тапқыр?»
интеллектуалды ойын
Жаратылыстану
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, сұрақтар, суреттер.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Ойын барысы
І Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
« Кім тапқыр? » атты интеллектуалды ойынды бастайық.
« Кім тапқыр » атты кешіміз жарыс түрінде өтеді. Сайысқа қатысушы оқушылар 4 топқа бөлініп отыр.
Ең алдымен жарысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1 «Алғырлар» тобы
2 «Қыран» тобы
3 «Болашақ» тобы
4 «Жігер» тобы
Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 4 айналымнан тұрады:
1. Ұшқыр ой
2. «Тез айт,бірақ қателеспе» ойыны
3. «Кім шапшаң?» ойыны
4. Полиглот ойыны
1- айналым «Ұшқыр ой»
Алдымен тақтаға сандары бар суреттер ілінеді. Оқушы сұрақтарға жауап бере отырып суреттерді жинап шығару керек. Әр топқа 6 сұрақтар таратылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді. Жалпы бұл айналымда жоғары 20 ұпай болады.
1. Алғашқы қазақ ғарышкері?
/ Әубәкіров Т.
2. Экватор дегеніміз не?
/ Жердің дәл ортасынан 0 деп алып шартты түрде жүргізілген сызық.
3. Жетінші ғаламшар?
/ Уран.
4. Күнге жақын орналасқан ғаламшар?
/ Меркурий.
5. Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші ғалым?
/ Ш. Уалиханов
6. Ғарышқа алғашқы жол қай жылы ашылды?
/1957
2-айналым «Тез айт,бірақ қателеспе» ойыны
Әрбір топтан 1 оқушы шығып 1 минуттың ішінде қойылған сұрақтарға жауап беру керек. 15 сұрақ қойылады. 1 сұрақ 2 ұпаймен есептелінеді.
1 Алғырлар тобы
1. Ғарыштық денелер дегеніміз не? / Жердің шегінен басқа денелерді атайды.
2. Жаратылыстану ұғымы қандай сөздерден тұрады?
Достарыңызбен бөлісу: |