Тақырыбы: Менің Қазақстаным!



Дата19.10.2022
өлшемі22.73 Kb.
#462999
0001744b-5c180a70


Тақырыбы: Менің Қазақстаным!
Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту. 
Міндеттері: 
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. 
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. 
Түрі: сайыс 
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас 
Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат 

Сабақтың барысы: 


І. Негізгі бөлім. 
1). Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка) 
1 - топ: Туған жер 
2 - топ: Отан 
3 - топ: Атамекен 
(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.
2) «Қазақстан туралы видео ролик көрсетіліп, еліміздің жетістіктерін, кең байтақ жері туралы мағлұмат беру. Бұл жерден мен не көрдім, не ұқтым? дейтін болсақ: елімнің жетістігін, елімнің тыныштығын, Қазақстанымыздың көркейгенін, ел үшін қызмет еткен Президентімізді, желбіреген туымызды бір сөзбен айтқанда «Біздің Қазақстанымызды» көріп тұрмыз. Көріп тұрып күннен-күнге көркейіп келе жатқан Қазақстанымызды көріп көңілімізді қуаныш, мақтаныш кернейді.Ендеше,балалар, Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық. 
1-топ оқушылары:
Елжас: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз.
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын ешбір жауға бермейміз,
Сертің осы азат жігіт, азат қыз!

Зәуре: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар, 


Екпіндеген қыран құсты үні бар. 
Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай, 
Қазағымның желбіреген туы бар 

Жайна: Әйнегі –күн, шатыры –аспан,


Кең дала ... Төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістен шашқан,
Қазақстан – республикам менің!

2-топ оқушылары:


Мейрамбек:Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Мереке: Естігенде көк аспанның астында,


Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Әлишер: Арыстандай айбаттым. 
Жолбарыстай қайраттым, 
Аспандаған байрақтың 
Қанша жұлдыз жайнаттың. 
Қанша бұлбұл сайраттың, 
Қазақстан ардақтым. 

3-топ оқушылары:


Жаннур: Елімнің атын айтсам- Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!
Қойнауы қазынағы толған мекен,
Байлығымды айтсам-Қазақстан!

Азамат: Қазақстан –бабамнан қалған мұра,


Сенбейсің бе даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә.

Нурдәулет: Көк туым көтерілді бағым жанып,


Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.

3)Қазақстан туралы сұрақтарға жауап беру. Сұрақ қорапшасынан әр топ үш сұрақтан суырып, жауап беруі тиіс. Егер жауап бере алмаса келесі топтар жауап беруге болады.


1.ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл 16-желтоқсан)


2. Еліміздің бас қаласы (Астана)
3.ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев қашан сайланды? (1991 жыл 1-желтоқсан) 
4. ҚР туының авторы (Шәкен Ниязбеков)
5. ҚР елтаңбасының авторлары (Жандарбек Мәлібекұлы, Шота-Аман Уәлиханов)
6. Әнұранымыздың авторлары (С.ж: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов. Ө.ж: Ш.Қалдыаяқов)
7. Еліміздің төл теңгесі қашан дүниеге келді? (1993 жыл 15-қараша)
8.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл өзені)
9.Қазақстанның жер көлемі қанша? (2 млн. 724 мың шаршы километр)

4) Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? 


1. Отан от басынан басталады. 
2. Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
3.Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. 
4. Отан оттан да ыстық. 
5. Отан үшін отқа түс күймейсің, 
Арың үшін алыссаң өлмейсің. т.с.с мақал-мәтелдер айтылады.

5). –Оқушылар тәрбие сағатымызда өз білімімізбен қатар өз өнерлерімізге де кезек берейік. Ендеше, 1- топ: Қазақстан туралы мәнерлеп өлең оқу.


2-топ: Қазақстан туралы ән айту.
3-топ: Қазақ биін билеу.

6). Шығармашылық тапсырма: Қазақстан тақырыбына төрт жол өлең шығару. Әр топ өлең шығарып бір оқушы оқиды.


7) «Қазақстан» сөзінен бірнеше сөздер құрап жазу.
Әр топтың алған ұпайларын есептеп оқушылар әр топты смайликтер арқылы бағалайды.

Қорытынды: Мұғалім: -Балалар, Отан дегеніміз не? Отанымыз туралы не айта аласыңдар?


Мирас: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.

Нурбек: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.


Әсем: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.



Мейрім: Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
Тілек. 
(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.) 
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз. 
Ән: «Жаса, Қазақстан!» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді) 
Қорытынды. 
Байтақ дала жерім менің 
Арта берсін даңқың сенің 
Көк байрағың желбіресін 
Қазақстан елім менің 
– дей отырып, «Менің Қазақстаным!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет