Тақырыбы: Науқастар мен қызметкерлер үшін аурухананың қауіпсіз ортасы. Тақырып 1



бет1/8
Дата03.01.2022
өлшемі23.21 Kb.
#450431
  1   2   3   4   5   6   7   8
53747a27-6bd0-421c-a620-24e6dadf56df


Тақырыбы: Науқастар мен қызметкерлер үшін аурухананың қауіпсіз ортасы.

Тақырып 2.1 Жұмыс орнындағы медбикелердің қауіпсіздігі (еңбекті қорғау).

Денсаулығын сауықтыру мақсатында ем алып жатқан емделушімен қатынасы мейірбике медициналық этика және деонталогия принциптері негізінде ұйымдастыруы қажет. Атап айтатын болсақ, бөлімде күн тәртібі қатаң сақталғаны жөн. Емделушілерге радио,теледидарды қатты қоюға рұқсат берілмейді.

Кіші медицина қызметкерлері бөлмені жинау барысында, күндізгі және кешкі демалыс уақытында тыныштықты бұзбау,ақырын сөйлеуі керек.Сонымен қатар емделушіге айтылған сөздің «емдік» қасиетін,үміт шырағын тудыратындығы үнемі есте сақтаған жөн. Емдеу мекемелерінде қозғалыс белсенділігінің 4 дәрежесі қолданылады:

1.Қатаң төсек тәртібі-ішкі мүшелердің қызметі және құрылысы зақымдалған ауыр халдегі пациенттерге қолданылады. Қимыл-қозғалыс шектеулі, күтім және емдік іс-шаралар төсекте жүргізіледі.Бұл мақсатта функциональдық төсек қолданылады.Функциональді төсектің негізгі мақсаты – емделушіге ең ыңғайлы функциональді жағдай жасау.Төсектің аяқ жағында немесе жанына орналасқан тұтқалар арқылы оның бас жағын көтеруге болады.Қажет болған жағдайда отыратын деңгейге дейін көтереді.Емдеушінің аяқ жағының көтерілуін жастықтың немесе тізенің астына валик қою арқылы қамтамасыз етіледі.Емдеушінің гигиенасына байланысты,іс-шаралар антисептик ерітінділерімен жүргізіледі,сонымен қатар терінің ойылу алдын-алу шаралары жүргізіледі.

2.Төсек тәртібі – төсекте бірқатар қимыл-қозғалыс жасауға рұқсат етіледі,белгілі бір уақытта отыруға, керует жанындағы сөреде тамақтану, дәрет ыдысына отыру.

3.Жартылай төсек тәртібі немесе палаталық тәртіп- емдеушілердің қимыл-іс шаралары кеңейтіледі.Төсек жанындағы орындыққа отыру,бөлмеде тамақтану,палата ішінде жүру, дәрет алу, жуыну шараларына рұқсат етіледі.

4.Жалпы тәртіп – асханаға барып тамақтану, баспалдақпен көтерілу, аурухана ауласында серуендеуге рұқсат беріледі. Емдеушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.

Емдеушілер қозғалыс белсенділігін сақтамаған жағдайда өміріне қауіп төнуі мүмкін,сондықтан медбике күтім барысында аурудың кезеңдеріне сәйкес белсенділік және тамақтану тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру қажет.

Ауру түріне байланысты емделушінің төсектегі жағдайы белсенді,белсенсіз, мәжбүрлі болып бөлінеді.

1.Белсенді жағдай (активті) – емделуші өзіне өзі қызмет жасай алады, еркін қозғалады.

2.Белсенсіз жағдай (пассивті) – енжарлық,әрекетсіздік жағдай,ауру әсеріне байланысты

аз,өзіне - өзі қызмет жасай алмайды.Күтімді көмекші немесе медбике

жүргізеді, ес түссіз,параличі бар пациенттерде кездеседі.

3.Мәжбүрлі немесе амалсыз жағдай - өзіне мінездеме бере алады,күші аз болса да өзін «тәуірмін»деп санайды, өзін күтуге бар. Бұл емдеушілер жағдайын жақсарту мақсатында өздеріне ыңғайлы бір төсектегі қалыпты таңдайды.


Емдеу бөлімшелеріндегі пациенттердің төсектегі қалпы (позасы) әр түрлі болады: арқасымен жату, ішпен жату, бір қырымен (оң,сол) жату.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет