«Бекітемін» Мектеп директоры: Ш. Байжанова №148 қазақ орта мектебінің 2011-2012 оқу жылына арналған



бет1/9
Дата04.07.2016
өлшемі1.08 Mb.
#178563
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Бекітемін»

Мектеп директоры: Ш. Байжанова

148 қазақ орта мектебінің



2011-2012 оқу жылына арналған

оқу- тәрбие жоспары


Тамыз, 2011 жыл

М А З М Ұ Н Ы

І. Кіріспе


ІІ. Жылдық жоспар


  1. Мектептегі жалпы білім беруді ұйымдастыру жұмыстары

  2. Педагогикалық кадрлармен жұмыс

  3. Графикалық жоспар

  4. Мектепішілік бақылау

  5. Бастауыш сыныптар жұмыс жоспары

  6. Бағдарлы білім беру жоспары

  7. Ғылыми әдістемелік жұмыстар

  8. Тәрбие жоспары

  9. Ата-аналармен, тұрғындармен жұмыс

  10. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту

11.Әдістемелік кеңес

12. Директор жанындағы кеңес

13. Педкеңес

ІІІ. Қызметтік бөліністер



І К І Р І С П Е
2010-2011 оқу жылының қорытындылары

2011 -2012 оқу жылының мақсат, міндеттері


Жалпы ұрпаққа сапалы білм мен ұлағатты тәрбие беру ісін әлеуметтендіру-

дің маңызы зор. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер білім беру қызметіне жаңа-

ша қарауды, жастардың шығармашылық мүмкіндігін дамытудағы, мұғалім

іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

ҚР Білім заңы мен ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын жүргізіп келе жатқан №148 қазақ орта мектебі 2010-2011 оқу жылында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ауыл мектебі мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларын дамыту» тақырыбында жұмыс жасады. Оқу жылын 1-11 сыныптар бойынша 94 мұғалім, 580оқушымен, 27 класс комплектісімен бастап 581 оқушымен оқу жылын аяқтадық. Жыл көлеміндегі жоспарланған ашық сабақтар, жазба, бақылау жұмыстарының уақытысында, жауапкершілікпен және пән мұғалімдерінің ізденісімен жүргізілуінің нәтижесінде өткен екі оқу жылымен салыстырғанда биылғы оқу жылында біраз алға ілгерілеушіліктер болды. Атап айтатын болсақ 5-11 сыныптардағы білім сапасының қорытындысы өткен оқу жылында 69,4 % болса, биыл 71,1% болып отыр.

5-11 сыныптар бойынша білім сапасы:

Сынып
Оқу жылы

5

6

7

8

9

10

11


Қоры-

тынды


2008-2009

82%

75%

59%

63%

62%

57%

55%

62%

2009-2010

81%

76%

72%

55%

62%

68%

72%

69,4%

2010-2011

82

81

71

64

56

64

80

71,1

Бастауыш сыныптарға тоқтала кетсек, біршама жоғарғы жетістіктерге жеттік. Атап айтсақ, бастауыштың мұғалімі Арқабаева Майгүл облыстық ғылыми жұмыста І орынды иеленді. Сонымен қатар, ғылыми жұмыстары республикалдық басылымдарда жарық көрді.


Өткен оқу жылындағы білім сапасымен салыстырсақ, 2010-2011 оқу жылында аз да болса алға ілгерушілік бар. Биылғы оқу жылында ең төмен білім сапасын көрсетіп отырған 9Б сыныбы. Сынып жетекшісі Самекеева А. Сыныптың өткен оқу жылындағы білім сапасы 47 пайыз болса, биылғы оқу жылында да 47 пайыз болып отыр. Негізінен білім сапасы төмен математика, химия, физика, орыс тілі пәндеріне жаңа оқу жылында қосымша сабақтар енгізу арқылы білім сапасын көтеруге болады деп ойлаймын.
Негізгі пәндер бойынша білім сапасының мониторингі:


Сынып
Оқу жылы

Қазақ тілі


Орыс тілі

Шет тілі

Мате-матика

Инфор-матика

Тарих

Геогра

фия


Биоло

гия


Химия

Физи

ка


2008-2009

59%

52%

56%

52%

58%

63%

60%

60%

45%

48%

2009-2010

65%

54%

62%

52%

76%

65%

69%

74%

50%

49%

2010-2011

70%

63%

65%

58%

74%

69%

70%

68%

57%

54%

Пәндер бойынша білім сапасына тоқталатын болсақ, өткен оқу жылындағы білім сапасымен салыстырсақ негізгі пәндерден де жоғарылаушылық көруге болады. Бұл әрине пән бірлестіктерінің сапалы еңбегі екені даусыз. Мектепте 5-11 сыныптар бойынша 8 пән бірлестігі жұмыс жасайды. Оқу жылының басында пән бірлестіктерінің жылдық жоспары, ашық сабақтар мен жазба жұмыстарының графигі жасалынып, уақытында орындалуы қадағаланды. Жыл көлемінде мұғалімдердің өткізген ашық сабақтарының сапасы ескеріліп, оқушылардың пән бойынша орташа білім сапасы, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі, іс-қағаздарының жүргізілуі, байқауларға қатысу деңгейі бағаланып, әр бірлестіктің диагностикалық талдауы жасалынды.

Әр айдағы пән апталықтары өз мерзімінде өткізіліп отырды.Қазақ тілі бірлестігі « Барыс жылы Бауыржанға бір ғасыр » Б. Момышұлының 100 жылдығына арналған, тарих пән бірлестігінің «Алаштың алып тұлғасы - Мұстафа Шоқай», биология-химия бірлестігінің «Табиғат – ортақ үйіміз», орыс тілі бірлестігінің «Люби, береги и знай великий русский язык» апталықтары оқушылардың танымдық қызығушылығымен, ұстаздардың шығармашылық ізденісінің шыңымен жоғарғы деңгейде өткізілді. Апталық соңында шығармашыл оқушылар марапатталды. Дене шынықтыру пән бірлестігінің «Бақытың да байлығың да денсаулық » тақырыбында апталығы қанағаттанарлық деңгейде өткізілді. Шет тілі, ИФМ пән бірлестігінің апталығы қанағаттанарлық деңгейде өткізілді.

Жыл көлемінде жоспарланған семинарлар да мерзімінде жауапкершілікпен өткізіліп отырылды.Семинар «Технология сабағына оқушылардың қызығушылығын арттыру», «Қосымша білім беру-бала дамуының кепілі», «Өзіңді тану-өмірді тану», «Ұлағат» тобының «Менің шығармашылық зертханам» тақырыптарында өткізіліп, материалдары жинақталып, папкіге тігілді. Факультатив сабақтарының сапалы жүргізілуі үшін өткізілген « Қосымша білім беру-бала дамуының кепілі » тақырыбындағы мектепішілік семинарда ұстаздар өз-ара тәжірибе алмасты,

Пәндік тақырыптық тексерулер де жоспар бойынша уақытысында тексеріліп, жетістіктер мен кемшіліктер айтылып, кемшілік уақтысында жөнделіп отырылды.

Желтоқсан айында « Педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолдары » тақырыбында мектепішілік педагогикалық оқу өткізілді.Әділ қазылар шешімімен педагогикалық оқу қорытындысы төмендегідей болды.

І орын – А. Хаметова қазақ тілі пәнінің мұғалімі

ІІ орын – С. Ақбалаева химия пәнінің мұғалімі

ІІІ орын – С. Әлімбетова физика пәнінің мұғалімі

Ж. Пірманова, Р. Тоқаева, Р. Абдужалелова, А. Сейділдаеваның жұмыстары Алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар бірлестік жетекшілері А. Дүкенбаева, Б. Байжанова,

Қ. Айтасова «Білім сапасының арттырудың тиімді әдістері » тақырыбында шығармашылық есеп берді.

Өткен оқу жылында 27 сынып комплектісі жұмыс жасады. Сынып жетекшілермен оқушылар Қ.Р кешенді тәрбие бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыс жүргізе отырып төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізді.

- «Нашақорлыққа жол жоқ» аудандық плакаттар байқауында 3Бсынып оқушысы Базарбай Айбек І-орынды иемденді.

- Әбілда Елжас 11 Сынып оқушысы «Ақындар шықты айтысқа » облыстық байқауда ІІ – орын , Республикалық байқауда ІІІ- орын, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

- Аудандық «Ғасыр көшбасшысы » интеллектуалды ойынында 10 Б сынып оқушысы Жүсіпова Назерке ІІІ – орынмен марапатталды.

-«Кокола» былғары доп облыстық жасөспірімдер арасындағы футбол жарысында мектеп командасы ІІ-орынды жеңіп алды.

- «Жас ұрпақ» ұйымывның аудандық президенттер байқауында 9 сынып оқушысы Төребай Гүлжайқын ІІІ – орынды иемденіп аудандық Жас ұрпақ ұйымының алқа мүшелігіне тағайындалды.

- Мектепішілік «Үздік сынып жетекші -2011 » байқауында 3Б сынып жетекшісі Омарова Гүлмира І – орынды жеңіп алды.

- Оқу жылының үздік сынып жетекшісі атағын жоғарғы буыннан 9А сынып жетекшісі Ақбалаева Салтанат , Спортшы КТК сайыстарының жеңімппазы 9Всынып 6 сынып жетекшісі Ғ.Жақыпов , Білімнің үздік алтын Тайқазаны ауыспалы кубогінің жеңімпазы 10Б сынып оқушылары жетекшісі Н.Ерепбаева . Мұстафа Шоқай атындағы степендия иегері 11Б сынып оқушысы Т.Айбек . Қазақша күрестен аудандық, облыстық І-орын ,Республикалық ІІІ –орын 11Б сынып оқушысы Е.Тұрмаханов иемденіп жақсы көрсеткіш көрсетті. Биылғы жаңа 2011-2012 оқу жылында мектепте жалпы сынып жетекшілер -28, оның ішінде 1-4 сынып жетекшілері -10, 5-9 сынып жетекшілері -13, 10-11сынып жетекшілері – 5, тәрбие саласымен айналысатын педогог мамандар- 8. 1-11 сыныптардың маңызды жұмыс бағыттары өзін - өзі басқаруға «Жас ұрпақ» ұйымының жұмыстарына негізделген. Бұл бағыттарда 1-4 сыныптарда «Балдырған» бірлестігі, «Еркетай» қыздар клубы жұмыс жасайды. 5-9 сыныптарда «Балдәурен» бірлестігі , «Сана» психологиялық орталығы, «Үміт» қайырымдылық тобы, «Балауса» қыздар ұйымы, 10-11 сыныптарда «Инабат» қыздар ұйымы, «Мұрагер » ұлдар ұйымы , «Болашақ» жастар қоғамы, «Дабыл» ерікті жасақшылар тобы жұмыс жасайды.

Наурыз айында «Үздік кабинет » байқауы болып өтті. Байқауда биология кабинеті, казақ тілі мен математика, бастауыш сынып №3 кабинеттерінің жақсы дайындықпен келгені аталып өтілді.

Сәуір айында «Үздік бірлестік жетекшісі» сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша І орын: ИФМ пәндерінің жетекшісі М. Божанова, ІІ орын: тарих- география пәндерінің жетекшісі Қ. Айтасова, ІІІ орын: биология,химия пәндерінің жетекшісі С. Ақбалаева иеленді. Шет тілі , орыс тілі, қазақ тілі, технология пәндерінің жетекшілері жақсы дайындықпен келгені аталып өтілді.

2010-2011 оқу жылында 4 мұғалім өздерінің І санат біліктілігін дәлелдеп аудандық қайта аттестациялаудан өтсе, 7 мұғалім ІІ санатқа біліктілігін көтерді.

2011-2012 оқу жылында 11 мұғалім № 5 /26.05.11ж/ педкеңес шешіміміен біліктілік дәрежесін көтермекші.

5-8, 10 сыныптарда аралық бақылау, 9-11 сынып оқушыларына мемлекеттік емтихан тапсыру қарсаңында іс-шаралар ұйымдастырылып, бағыт-бағдар берілді. 9 класс оқушыларының таңдау бағыты анықталды. 9 класты бітіруші 74 оқушының 2-і үздік куәлікке ұсынылды.

Орта мектепті бітірген 44 оқушының 24-і ҰБТ-ға қатысса, 20 оқушы мектептен мемлекеттік емтихан тапсырды. Жыл көлемінде 11 сынып оқушыларынан 33 рет мектепішілік әкімшілік тест, 18 рет пән мұғалімдері арқылы тест алынды. Әрбір алынған тесттің қорытындысы шығарылып пән мұғалімдеріне, ата-аналарына, оқушыларға алған балл жарияланып отырылды. Пән мұғалімдері тарапынан қосымша сабақтар үнемі жүргізіліп отырылды.Нәтижесінде ҰБТ-дан орташа балл – 96,4 болды. Бұл жоғарғы көрсеткіш. Биылғы оқу жылында 10 түлек ЖОО –ның білім грантын жеңіп алса, 10 оқушы колледж грантында оқуын жалғастырады.

2010-2011 оқу жылында жетістіктерімізбен қатар келесі оқу жылында ескеретін төмендегідей кемшіліктер болды:

1. Білім сапасын көтеру және құзыретті тұлға тәрбиелеуде ата-ана-оқушы-мұғалім ынтымақтастық байланыста болып, оқушының қандай да бір кәсіби бағыт бойынша пәнді таңдай алуына бағыт берудің жетіспеушілігі.

2. Жас мамандардың шығармашылық жұмысқа аз араласуы. Бекітілген жетекші жұмысының нәтижесіздігі.

3..Бәсекеге қаблетті тұлғаны қалыптастыру бойынша тәрбие қызметі сапасындағы өзекті мәселелер:


  • тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдардың дұрыс жолға қойылмауы,

  • «Жас ұрпақ» ұйымының жұмыс түрінде бір ізділіктің жоқтығы ,

  • ұлттық тәлім – тәрбие бағдарламаларының жеткіліксіздігі ,

  • БАҚ – ның оқушының дамуына кері әсерін тигізуі,

Аталған олқылықтарды жою мақсатындағы әдістемелік кеңестің 2011-2012 оқу жылындағы басым б а ғ ы т т а р ы :

  1. Жас мамандардан шәкірттің тұлғалық болмысын дамыта алатын, шығармашылықпен айналысатын мұғалім дайындау бағытында жұмысты күшейту.

  2. Озат, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдердің жаңалығын қолдап, білім сапасын арттырудағы іс-тәжірибесін бақылап, нәтижесін тарату.

  3. Білім сапасын көтеру және құзіретті тұлға тәрбиелеуде ата-ана-оқушы-мұғалім ынтымақтастық байланысыны нығайту арқылы оқушының қандай да бір кәсіби бағыт бойынша пәнді таңдай алуына бағыт беру, сол бағытта жұмыс жасау.


ІІ. ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР


  1. Мектептегі жалпы білім беруді ұйымдастыру жұмыстары






Мазмұны

Мерзімі

Жауапты


1

Мектептің санитарлық гигиеналық жағдайын қадағалау


Жыл бойы

Мектеп аяжаны

2

Науқас оқушылармен жұмыс


Жыл бойы

Мектеп аяжаны

3

Қиын оқушылармен жұмыс

Жыл бойы

Класс жетекшілер

Психолог


4

Білімі төмен оқушылармен жұмыс


Қыркүйек

Пән мұғалімдері

Психолог


5

Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету


Қыркүйек

Кітапханашы

6

«Жас ұрпақ» ұйымының жұмысы


Жыл бойы

Тәлімгер

7

Оқушыларды микроаудан бойынша есепке бөлу


Тамыз

Сәуір


Ф. Тәжібаева

8

Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау


Күнде

Класс жетекшілер

М. Байділдаева

Т. Молдағали


9

Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау


Жыл бойы

Ә. Дүйсекұлы

10

Еңбек бөлінісін қадағалау


Жыл бойы

Ш. Байжанова

11

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету


Жыл бойы

Т. Молдағали

12

Оқушыларды профилактикалық тексеруден өткізу


Жоспар бойынша

Мектеп аяжаны

13

Оқушылардың үйірмелерге, спорт секцияларына қатысуы


Жыл бойы

Т. Молдағали

14

Тұрмысы төмен оқушыларға материалдық көмек көрсетуді ұйымдастыру


Қазан

М. Байділдаева

15

12 жылдық білім беруге дайындық 2015 жылға 1 класқа келетін оқушы санын анықтау

Желтоқсан

К. Тәжібаева

2. Педагогикалық кадрлармен жұмыс




Р/с

Іс-шара мазмұны

Мерзімі

Жауапты кісі


1

Педагогикалық кадрлардың сандық,сапалық құрамын анықтау


Күнделікті

Б.Агибаева

2

Мұғалімдердің курстардан өтуін ұйымдастыру


Жоспар бойынша

А. Қиямбеков

3

Өз білімін көтеру жұмысы


Күнделікті

Б.Агибаева

4

Әдіс бірлестігінің жұмысы


Жоспар бойынша

Пән әдіс бірл.жет.

Б.Агибаева



5

Класс жетекшілердің секция жұмыстары


Жоспар бойынша

М. Байділдаева

Т. Молдағали



6

Мұғалімдердің аттестация ережелерімен танысуы


Жыл бойы

Ф. Тәжібаева

7

Мұғалімдердің шығармашылық есебі


Жоспар бойынша

А. Қиямбеков

8

Ашық сабақтар


Жоспар бойынша

Б. Агибаева

9

Мұғалімдердің сабаққа қатысуы


Күнделікті

Дирекция мүшелері

10

Мұғаімдерге әдістемелік көмек көрсету


Жоспар бойынша

А. Қиямбеков

Б.Агибаева



11

Жас мамандармен жұмыс


Жоспар бойынша

А. Қиянбеков

Ж.Болатова



12

Бағдарлы білім беруде жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету


Жыл бойы

А. Қиянбеков

13

Бағдарлы сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге анкета жүргізу


Қыркүйек

А. Қиянбеков

14

Жас мамандардың сабақтарына қатысу, талдау жасау


Қыркүйек

Б. Агибаева

15

Әдіс бірлестігінің отырысы


Қыркүйек

Б. Агибаева

16

Физика, БӘД кабинеті жетекшілерінің техника қауіпсіздігі жайлы жұмысы

Қазан

А. Қиямбеков

17

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта сабақ беретін мұғалімдермен отырысы


Қазан

А. Қиямбеков

18

Жас мамандармен жұмыс жүргізу


Қазан

Ж. Болатова

19

Біліктілік арттыру курсына барған мұғалімдерді есепке алу


Қазан

А. Қиямбеков

20

Класс жетекшілермен психологиялық-практикалық сабақ. Тақырыбы: «Қиын оқушылармен жұмыс»

Қараша

М. Байділдаева

Т. Молдағали



21

«Үздік кабинет – үздік класс бөлмесі» байқауы




Б. Агибаева

22

Класс жетекшілердің семинары


Қараша

М. Байділдаева

Т. Молдағали



23

Политехникалық бағыттағы мұғалімдермен отырыс


Желтоқсан

А. Қиянбеков

24

Ақылшы-ұстаздардың жас мамандармен жұмысы


Желтоқсан

А. Қиямбеков

25

Педагогикалық оқу


Желтоқсан

А. Қиямбеков

26

Психологиялық тест


Қаңтар

А. Бектұрғанова

27

Бағдарлы сыныпқа сабақ беретін мұғалімдермен семинар өткізу


Қаңтар

А. Қиямбеков

28

Шығармашылық топтың жұмысы


Ақпан

А. Қиямбеков

29

«Жыл класс жетекшісі» конкурсы


Сәуір

М. Байділдаева

30

Жаңа оқу жылына 9 кластың бағдары жайлы


Сәуір

А. Қиямбеков

31

Мұғалімдерді аттестациялау


Сәуір,мамыр

Аттестациялық комиссия

32

Мұғалімдердің білімін жетілдіру


Мамыр

А. Қиямбеков


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет