Тақырыбы: Құндылық бағдарын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, ұлттық сананы қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».
Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеуді үйрету;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқа мәселелерді бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше құрметті ата-аналар, ұстаздар оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. Мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
Сонымен , қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады:
1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы азаматты» тәрбиелеу.
2. Отанды, халқын, жерін,елін сүйетін азаматты тәрбиелеу
3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу
4. Жеті атсын білуге тәрбиелеу
5. Отбасы шежіресі ата-баба дәстүрін жалғастырушы азаматты тәрбиелеу
Біз, ұстаздар қауымы оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін түсіндіруге тырысамыз. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші – мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалім мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шарт.
Осындай халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды дарынды да тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп, патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей ат салысайық! Назарларыңызға рахмет!
Күн тәртібінде көрсетілген үшінші мәселе 2023-2024 оқу жылы бойынша жалпы мектепішілік ата-аналар комитетінің төрағасы және ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлау.
Өткен оқу жылына сәйкес ата-аналар комитетінің төрайымы - Нұрбаева Ғайни Мақсатқызы.
Алдын ала жүргізілген ұсыныстар бойынша әр сыныптан бір-бір ата-ана ұсынылған екен,
1сыныптан Омарова Алуа
2сыныптан Омарова Айгерим
3 сыныптан Хуат Аягөз
4 сыныптан Жакина Дана
5 сыныптан Сарипова Айгерим
6 сыныптан Шоланова Асемгуль
7 сыныптан Какенова Кымбат
8 сыныптан Слямғалиева Салтанат
9сыныптан Кабимоллаева Асемгуль
10 сыныптан Сарсенбаева Ирина
Жоғарыда аталған ата-аналардың ішінен ата-аналар комитетінің төрайымын және 5 ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлап, дауыс берсеңіздер. Немесе басқа да ұсыныстар болса, айта кетсеңіздер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |