Тақырыбы: «Педагогтарға психологиялық қолдау көрсету, эмоциялық тұрақтылығын қалыптастыру»



Дата19.08.2024
өлшемі39.5 Kb.
#503188
Тренинг. «Педагогтарға психологиялық қолдау көрсету, эмоциялық тұрақтылығын қалыптастыру»


Тақырыбы: «Педагогтарға психологиялық қолдау көрсету, эмоциялық тұрақтылығын қалыптастыру»
Мақсаты: Өзара қарым-қатынас қабілеттерін дамыту, педагог қызметкерлері арасындағы жағымсыз қарым-қатынастардың алдын алу , бір-бірін жақын танып білу,ұжымдастыру.
Міндеті: Жаттығу барысында белсенді қатысу, көңіл күйді көтеру.
Қажетті құралдар:
Барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер. Бүгінгі тренингтік жиналысымызға қош келдіңіздер! Міне кеше ғана тойлаған жаңа жылымыз құтты болсын! Алдағы жылы мол бақытқа, табыстарға жете берейік. Бүгінгі күнде көңіл күйлеріңіз ашық болсын дей келе бүгінгі отырысымызды бастаймыз.
1.Сәлемдесу «Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем»
2. «Сиқырлы » сөз
Құрметті әріптестер! Сіздер қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?
-Рахмет, өтінемін, ғафу етіңіз т.б.
Мен әртүрлі өтініш жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-Секіріңіздер; Оң аяқтарыңызды көтеріңіздер.
Талдау: Ойын қалай басталды?
-Өтінемін алақанмен қол шапалақтаңдар;
-Өтінемін,бір-біріңді құшақтаңдар;
-Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар.
- Өтінемін бір-біріне «Рахмет» айтыңыздар.
3 «Өзіңді білгің келсе...» Суреттік тест
Күн,тау,үй,ағаш ,қапшық, жол,сақина суреттерін салу керек.
Егер күн дәл ортасында салынса - жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса – балаық шағы қызықты, батысқа салынса-кәрілік шағы қызықты.


Тау –дөңгелек салынса - мінезі жұмсақ ,мейірімді,сенгіш.Егер тау ұшты болса,өкпелегіш тік мінезді адам. Егер аралас салынса,басында қар болса,өзгермелі адам.
Үй –суретте ағаш үй салынса,арманы орындалады.Егер бір терезе салынған болса,өзіне жақын бір адам туралы көп ойлайды. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса,әңгімеге жақын адам.
Ағаш- біреу болса өзінің жолдасына ұнайды.Егер бірнешеу болса,балалары жақсы көреді,оларға уақыт бөліп,көп көңіл аударады.Қоршаған әлемді сүйеді,қанша мықты әдемі салынса,сұлулыққа құмар.
Қапшық қаншалықты үйге жақын жатса,байлық та жақын. Егер қапшықтың аузы байлаулы болса,сараңдық. Қапшық жерде жатса, жалқау, тік тұрса -еңбекқор адам.
Жол- үйге жақын жатса,жолы –жеңіл,алыс болса,керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса,тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса,айналасына тарататын адам.
Сақина –көзсіз болса,қонақ қабылдағанды,қонақ шақырғанды ұнатады.Көзі болса, болашақты ойлайды,капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді.
4. «Нөсер» ойыны
Жауын басталды... (саусақпен түрту)
Жел тұрды (шайқалту)
Нөсер бірте-бірте күшейді (жұдырықпен соғу)
Су ақты (саусақпен арқаны сызу)
Жай жауынмен аяқталды (саусақпен түрту)
Жарқырап күн ашылды (арқаларын сипау)
Бір-біріне қарап күлу
5. «Бәйге» ойынын ойнайық. Ойынымыздың шарты: әрқайсыларыңда әрбір тұлпардың аттары бар. Ол аттар қазақтың атақты тұлпаларының аттары Ақансерінің Құлагері,
Алпамыстың-Байшұбары,
Қобыландының Тайбурылы,
Ертарғынның Тарланы,
Балуан Шолақтың - Ақбозаты,
Исатайдың - Ақтабаны. . Онда бастайық.

Аттар шауып келе жатыр аяқпен тарсылдатамыз


Аттар шауып келе жатыр қолмен шапалақтаймыз
Аттар шауып келе жатыр қолымызбен санымызды ұрамыз

Аттар шауып келе жатыр аяқпен тарсылдатамыз


Аттар шауып келе жатыр қолмен шапалақтаймыз
Аттар шауып келе жатыр қолымызбен санымызды ұрамыз
Аттар шауып келе жатыр аяқпен тарсылдатамыз
Аттар шауып келе жатыр қолмен шапалақтаймыз
Аттар шауып келе жатыр қолымызбен санымызды ұрамыз
Аттар шауып келе жатыр Ер адамдар айқайлайды өйт дегендей
Аттар шауып келе жатыр қыздар агугай деп айқайлайды

  1. ші мәреге жетті 1 шапалақ

  2. ші мәреге жетті 2 шапалақ

  3. ші мәреге жетті 3 шапалақ

Аттар мәреге жетті ура
6. «Ым-ишара» ойыны
Мақсаты: Логикалық жағдай арқылы кез-келген жағдайдан шыға білу
Нұсқау:
Бұл ойынға 3 адам керек,қалғандары бақылаушы бола алады. Шарты:
Үш дос бір жерде кездесу арқылы келісу керек. Бірақ олардың бірі сақау, бірі соқыр,енді бірі саңырау.Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі.Ол өзінің достарына қашан,қайда бару керектігінг түсіндіру керек.

Жағдаяттан шығу жолдары:


1.Оқушыңыз сабаққа зейін қоймай жан-жағына қарап отыр. Сабақта өзін дұрыс ұстамай отырған оқушымен сіздің қарым-қатынасыңыз.

2.Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кінәлады.Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады.Әлгі оқушымен қандай шара қолданасыз?


3.Сабақ үстінде оқушылар бір келеңсіз іс істеді.Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып,оған ұрса бастадыңыз.Қатты –қатты сөз айттыңыз.Бір уақытта бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады.Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз.Екінші оқушыға ұрса бастайсыз ба, әлде не істейсіз?


4.Ата-аналар жиналысында сіз бір ата-анаға баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата-ана баласын жақтап,мұғалімді кінәлады. «Білім,тәрбие бере алмайсыңдар » деп ашуланды. Барлық ата-ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қолданасыз ,қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?




5.Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз.Өзіңіз жас маман болғандықтан жоспарсыз сабақ өту сізге қиындық келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабаққа кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет