ТЕХНОПАРКТІК ҚҰРЫЛЫМДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ ҮЛЕСІ
Купешова С.Т.,э.ғ.к., доценті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Инновациялық қызметті қолдаудың тиімді түрі технологиялық парктер қызметін ұйымдастыру болып табылады. Алғашқы технологиялық парктер өткен ғасырдың 50 жылдары АҚШ-та Стэндфорд университетінің (Калифорния штаты) ғылыми паркі ұйымдастырылғанда құрылған. Осылай университет өзінің қа- рамағындағы бос жерге қолданыс тапқан. Жер мен ғимараттар жоғары технология саласында жұмыс істейтін өзінің бөлім- шелерін орналастыру үшін, федералды үкіметтің əскери сұра- ныстары арқылы тез дамып келе жатқан автономиялы шағын мекемелер мен жұмыс істеп тұрған компанияларға жалға беріле бастады. Жалдайтын фирмалар университетпен тығыз қызметтік байланыста болды.
Құрылысты аяқтау үшін, инфрақұрылымды қалыптастыру үшін жəне ғылыми парктің барлық бос жерін жалға беру үшін 30 жыл қажет болды. Бұл жоба сабырлықты жəне іске берілуді талап ететін ұзақ мерзімді болды жəне нəтижесінде бұл ғылыми парк өнеркəсіптің ғылыми сиымдылық секторының дамуында фено- меналды жетістіктермен атақты болды. Технопаркте «Хьюлетт- Паккард», «Полароид» сияқты атақты фирмалар өз өмірлерін ба- стады. Бұл технопарк атақты Кремний жазықтығының бастамасы болды.
Осы кезде жəне КСРО-да ғылыми-техникалық кешендер құруға талпыныстар пайда бола бастады. 1956 ж. ғылыми қоныстанудың үлгісі болған Новосибирск ғылыми қалашығы – Академ қалашық құрылды.
Технопарк – ғылыми-техникалық, территориалды кешен, негізгі мақсаты шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалыптастыру. Олар жоғары оқу орын- дары, зерттеу орталықтары, зертханалар тұсында қалыптасады. Оның құрамына: зерттеу орталықтары, инкубатор, инновациялық орталықтар, маркетинг т.б. орталықтар енеді. Технопарк шағын инновациялық кəсіпорындарға қажетті бухгалтерлік, аудитор- лық, консалтингтік, маркетингтік қызметтер ұсынып отырады. Ғылымның нəтижелері инновациялық жобаларды коммерция- лизациялауда технопарктерді қолдану үлкен мүмкіндіктерді ашады. Шетелдерде технопарк – ғылыми ұйымдар, ЖОО-дар, өнеркəсіптік кəсіпорындардың басы қосылған өте ыңғайлы кешен болып табылады. Технопарктердің құрамына кіретін фирмалар инновациялардың дамуының əр түрлі сатысында зерттеулер мен тəжірибелер жүргізетін, дайын өнімді шығаратын, сервистік қызмет көрсететін, делдалдық қызметпен айналы- сатын болуы мүмкін. Технопарктер тұрақты нарықтық ортасы жəне жақсы жолға қойылған өндірісі бар фирмалармен қатар, жаңа компаниялардың да басын біріктіреді. Технопарктердің қызметтеріне инновациялық жобаларды іске асырушыларға өн- дірістік алаңдарды ұсынумен, материалдық өндіріс саласына жаңалықтарды енгізуді жылдамдатумен қоса, ғылыми-техникалық қызметтердің жетістіктерін қолайлы жағдайларда коммерциялизациялау жатады.
Бастапқыда АҚШ-та технопарктер саны жайлап өсті. Көптеген университеттермен жəне АҚШ-тың басқа техникалық жоғары оқу орындарымен қабылданған бастамалар Стэнфордтың ар- тынан тек бастама болып қалды. Тек олардың біршамасы, мысалға Солтүстік Каролинадағы «Зерттеуші үшбұрыш» өз мақсатына қол жеткізді. Сонда да АҚШ экономикасына технопарктердің үлесі штаттар əкімшілігінің деңгейінде жетістіктері бойынша көзге көрінді жəне бағаланды.
80-ші жылдары АҚШ Конгресі үкіметтік зерттеу грантының шегінде өңделген жоғары мектептің технологиялық жеке-меншік құқығын мойындағанда АҚШ-тағы технопарктер бірінен соң бірі пайда бола бастады.
Европада технопарктер 70-жылдардың басында пайда бола бастады. Олардың ең алғашқысы болып, Эдинбургтегі Хэриот-Уатт университетінің зерттеу паркі; Кембридждегі Тринити-кол- ледждің ғылыми паркі; Бельгиядағы Левен-ла-Нев; Ниццадағы Софья-Антиполис жəне Греноблдегі ғылыми жəне техникалық жаңа енгізулер мен өндіріс аймағы (ZIRST) болды. Олар АҚШ- тың бұрынғы технопарктерінің моделдерін қайталады, оның ерекшелігі – бір демеушісінің болуында, ал іс-əрекетінің негізгі түрі – ғылыми сиымдылықты фирмалардың жеке меншіктеріне жерді жалға беру болып табылады.
80-жылдары технопарктің идеялары экономикалық дамыған елдерден де асып, тез тарала бастады. Технопарктер Канадада, Сингапурде, Австралияда, Бразилияда, Индияда, Малайзияда, Қытайда жəне Жапонияда құрала бастады.
Ғылыми парктерді үш модельге бөлуге болады: американдық (АҚШ, Ұлыбритания), жапондық жəне аралас (Франция, Германия).
Американдық модель. Университет аумағында компанияның кəсіпорындары мен өндірістік зертханалары емес, өндіріспен тығыз байланысқан бейкоммерциялық түрдегі зерттеу институттары орналасқан «зерттеу паркінің» кəдімгі түрі.
Зерттеу паркінің «қайталанбас» типі Шотландияның ескі ғылыми паркін үлгі етеді. Хериот-Уотт: – ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіліп, өндіріс тыйым салынатын Еуропаның жалғыз «ғылыми паркі».
80-ші жылдардың басыда батыс еуропалық елдерде американдық «инкубаторларға» ұқсас, шағын «жоғары технологиялық» кəсіпорындар керектігіне бағытталған инновациялық ор- талықтар таралды, ол америндық «инкубаторларға» сай болды. Олардың міндеті – жаңа енгізу компанияларына «бастау кезеңін» қамтамасыз ету үшін идеяларды капиталдармен жəне кəсіпкерлермен қосу, қоғамдық жəне жеке қорларды шақыру. Инновациялық орталықтар қызметтері инновациялық үдерістердің əр түрлі сатыларын жаулайды, əсіресе эксперименталдық өндірістен жаңа өнімнің коммерциялық игеруіне өтуіне көмегін тигізеді. Көбіне инновациялық орталықтары бар өндірушілерге жаңа өнімге лицензия сату үшін зерттеушікəсіпкерлерге көмегін тигізеді.
Жапондық ғылыми парктер моделі американдыққа қарағанда, мүлдем жаңа қалалар – «технополистер» құрылысына көңіл аударады. «Технополис» жобасы – технопарктер пайда болу жобасы қолданысқа 1982 жылы қабылданды.
«Технополистер» құрылысына төрт аралда бірбеткей таратылған 19 аймақ таңдалды. Барлық «технополистер» келесі критерийлерге сəйкес келулері керек:
-
Өз «ата-ана – қалаларынан» (200 мыңнан аз емес тұрғынымен)
-
30 минуттық жол жүру жəне Токио, Нагой, Осакадан 1 күндік жол жүру арақашықтығында орналасу.
-
500 шаршы миль ауданына тең не одан кіші ауданды алу.
-
Мəдени жəне рекреациондық инфрақұрылымдармен жабдықталған өмір сүруге ыңғайлы аудандармен сəйкестендірілген, балансталған заманауи ғылыми-өндірістік кешендер жиыны, университеттер жəне зерттеу институттары бар болуы керек.
-
Табиғаты қолайлы аудандарда орналасып, жергілікті салт- тарға сай болуы керек.
Токиодан солтүстік-шығыс бағытта 35 милде Жапонияның Цукуба деген алғашқы технополисі орналасқан. Технополис көбіне мемлекет қаржысы есебінен сыртқы сауда мен өндіріс министрлігінің бастамасымен пайда болған. Онда 50 ғылыми- зерттеу институттары мен 2 университетте қызмет етуші 11500 адам тұрады. Цукубада Жапония мемлекеттік зерттеу лабораторияларының 30-ы орналасқан. «Технополистердің «мақсаты – ғылыми ізденістер нəтижелерінің коммерциялизациясы. Цукуба – іргелі зерттеулер қаласы, ондағы жеке сектордың рөлі үлкен емес.
80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында ресейлік технопарктердің қалыптасуының бірінші толқыны басталды. Олардың көбі жоғары мектепте ұйымдастырылды. Бұл технопарктердің дамыған инфрақұрылымы, қозғалмайтын мүлкі, даярланған менеджерлер командасы болмады. Олар жоғары оқу орнының бір бөлімі ретінде қалыптасып, қарастырылды. Бұл тек технопарк құруға тапсырыс ретінде ғана болды.
Технопарктердің ең басты функциясы (жеке тұлғаны иемденген жəне бəсекелестік күреске дайын) шағын инновациялық кəсіпорынды ғылыми идеясынан бастап, тұрақты жағдайына дейін апару.
Технополис экономикасында инкубаторлар мен технопарктер маңызды рөл ойнайтын жəне бір қаланың базасында құрылған бүтін ғылыми техникалық құрылымды білдіреді.
Ғылым жəне техника аймақтарында ғылыми сыйымды өнім өндірісіне мамандандырылатын ірі ғылыми кеңселер жəне өндірістік кəсіпорындар өз қызметін жүзеге асырады. Бұл кешенге сонымен қатар өндірістік жəне тұрмыстық инфрақұрылымдар, шағын жəне орта бизнес, қаржылық институттар, демалыс орын- дары жəне мəдениет орталықтары кіреді.
Бизнес-инкубатор – кіші кəсіпорындар мен фирмалардың бастапқы дамуы үшін аса қажетті жағдайларды жасайтын ұйым. Көрсетілетін қызметтер қатарына: құрал-жабдықтармен, кеңселік жəне өндірістік орындарды жəне сəйкес коммуникациямен қамтамасыз етілген жеңілдік шарттарымен жалға алу; қызметкерлерді оқыту жəне əртүрлі консалгтингтік қызметтерді көрсету кіреді.
Бизнес-инкубаторлардың басты маңыздылығы шағын кəсіпкерлікті бастапқыдан бұрын жəне бастапқы қолдаудан, өз ісін бастауды қалайтын, бірақ қолынан келмейтін кəсіпкерлерге кө- мектен тұрады.
Шағын инновациялық кəсiпорындарды дамыту мен қолдаудың негізгі əдістерінің бiрi бизнес-инкубация үдерісi болып табылады, яғни табыстың мүмкiндiгiн айқындау əлi күрделi, оларды дамытудың əлi ерте, қауіптi кезеңiнде инновациялық жобаларға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ технологиялық компанияларды жедел дамытатын үдеріс. Инкубатор – инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы кешен, ол бір немесе бірнеше ғи- мараттарды алып тұрады, ал шағын инновациялық фирмалар осы ғимарат ішінен белгілі бір территорияларды жалға алып қызметін бастайды, инкубациялы кезең 2-3 жыл, осы мерзімнен кейін фир- малар өз бетінше қызмет жасау үшін бұл кешеннен шығып кетеді. Инкубаторда жаңа ғана қалыптасқан фирмаларға бухгалтерлік, маркетингтік қызмет көрсетулер (бизнес-жоспар жасау, өнімге жарнама, маркетингтік талдау жасау), компьютер, басқа да құрал-жабдықтарды жалға ұсыну сияқты көмектер көрсетіледі. Бұл ғылыми-өнеркəсіптік құрылымның негізгі мақсаты – шағын инновациялық фирмаларды ғылыми идеядан практикаға жеткізу, бəсеке күресіне төтеп бере алатын кəсіпорын дəрежесіне жеткізу. Ол кəсіпорындар инкубаторлардан шыққан соң технопарктерде немесе басқа да өнеркəсіптік орталарда қызмет етуге қабілетті болады. Бизнес-инкубаторларда жұмыс үшiн компаниялар мен инновациялық кəсiпорындарды iрiктеуде өтiнiш берушiнiң жеке басында, ғылыми дəрежелерi мен атақтарының болуы маңызды. Өз бизнесін идеяның коммерциялық негізінде бастағысы келетін кəсіпкерлер, ғалымдар, ойлап табушылар, бизнес-инкубаторлар да қажетті ақпаратты, мамандармен кеңесу мүмкіндігін, кеңсені жалға алудың жеңілдік шарттарына иеленеді. Бірінші бизнес-инкубатор 1959 ж. АҚШ-та пайда болды. Фабрика жабылғаннан кейінгі бос қалған орындарда жұмыссыз қалған адамдар өздерінің шағын кəсіпорындарын ашты.
Дамыған елдерде бизнес-инкубаторларды əдетте, үш топқа бөледі:
1. Жалпы типтегі бизнес-инкубаторлар.
2. Технологиялық бизнес-инкубаторлар.
3. Мамандандырылған бизнес-инкубаторлар.
Жалпы типтегі бизнес-инкубаторлар саладағы шағын бизнесті қолдаудың кең түрі. Бизнес-инкубатордың бұл түрі олардың қызметінің түріне тəуелсіз жаңа пайда болған кəсіпкерлерді қолдайды. Технологиялық бизнес-инкубаторлар – тек жоғары технологиялы шағын жəне орта фирмаларға қызмет көрсететін бизнес-инкубатордың түрі. Олардың қызметтер кешені басқа бизнес-инкубаторлардың қызметінен ерекшеленбейді, бірақ арнайы қызметтермен толықтырылады. Технологиялық бизнес- инкубаторлар əдеттегі бизнес-инкубаторлардың қызметтерінен бөлек, шағын фирмаларға ғылыми-техникалық ақпаратты, ға- лымдардың кеңесін, арнайы зертханаларды жəне т.б. ұсынады. Олар көбінесе технопарктің бір бөлігі ретінде болады.
Егер Қазақстандағы технологиялық парктердің қалыптасуы мен дамуына шолу жасайтын болсақ, 2004 жылдан бері 9 аймақтық технопарк құрылған. Алайда, оның біреуі – «Қызылжар» СҚО технопаркі қазір қызметін тоқтатты. Жоғары технологиялар нарығындағы əлемдік тенденцияларды, Қазақстанның ғылыми жəне өндірістік əлеуетін ескере отырып, ұлттық басымдықтар болып мына салалар анықталды: телекоммуникациялар жəне ақпараттық техологиялар; биотехнологиялар; жаңа материалдар; машина құрастыру; химия жəне мұнай химиясы өнеркəсібі; құрылыс жəне құрылыс материалдары; экология; электрэнергетикасы жəне энерго үнемдеу. Осыған байланысты шетелдік компаниялармен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталды: техно- парктер желісінің дамуына қатысу; жаңа технологиялар тарту; тиімді инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу; мүмкін болатын серіктестермен шетелдік компанияларды іздеу; түрлі бағыттағы бірлескен инжинирингтік компанияларды құру.
Қазақстандағы аймақтық технопарктерге қысқаша сипаттама беріп, қызмет ету бағыттарына тоқталып өтейік.
1. «Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі» АҚ. 2004 жылы 9 қыркүйекте құрылды. Технопарк инновациялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді. 2010 жылы жобаларды іріктеу үшін 25 жобаның 8-і қаржыландырылды. 2011 жылы 21 өтінімнің 3-уі, ал 2012 жылы 26 өтінімнің 4-уі қаржыландырылды.
Технопарк қаржыландырған жобалардың жалпы санынан (15) агро-өнеркәсіп кешенінде – 3 жоба, 5 жоба ресурстарды үнемдеу бойынша, 1 жоба металл өңдеу бойынша, 1 жоба тамақ өнеркәсібінде, 5-уі басқа өндірістік салаларда.
Технопарк индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну, инновациялық инфрақұрылым нысандары қызметтерін ұсыну мәселелері бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне тұрақты түрде кеңес беріп отырады. Бұл кеңестер жеке-дара, телефон және электрондық пошта бойынша, сайт арқылы да беріледі. Технопарк Алматы қаласының әр түрлі аудандарында, сондай-ақ Атырау қаласында технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламаларын жүзеге асыру шарттарын және индустриялық-инкубациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың басқа да құралдарын түсіндіру жөнінде семинарлар өткізіп тұрады.
2. «Алматы өңірлік технопаркі» ЖШС 2005 жылы 20 сәуірде құрылды.
Технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы басталған сәттен технопарк инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қатысып келеді. 2010 жылы жобаларды іріктеу үшін 15 өтінім жолданып, олардың 7-уі қаржыландырылды. 2011 жылы 26 өтінімнің 8-і қаржыландырылды.
Технопарк қаржыландырған жобалардың жалпы санынан (15) агроөнеркәсіп кешенінде – 3 жоба, ресурс үнемдеу бойынша 3 жоба, 9 жоба басқа өндірістік салаларда.
3. «Астана қаласының өңірлік технопаркі» ЖШС 2007 жылы 19 қыркүйекте құрылды. 2010 жылы жобаларды іріктеу үшін 32 өтінім жолданып, олардың 10-ы қаржыландырылды. 2011 жылы 35 өтінімнің 14-і, ал 2012 жылы 45 өтінімнің 13-і қаржыландырылды.
Технопарк қаржыландырған жобалардың жалпы санынан (37) агроөнеркәсіп кешенінде – 9 жоба, ІТ-жоба – 13, 3 жоба ресурстарды үнемдеу бойынша, 2 жоба биомедицина бойынша, 3 жоба құрылыс материалдарын өндіру бойынша, 7 жоба басқа салаларда. Сонымен, Технопарк жүзеге асырған жобалардың 35%-ы ІТ-технологиялар саласында, 24% – агроөнеркәсіп кешенінде, және де бұл салалардың үлесі тұрақты үрдісте.
4. «Алгоритм» технопаркі» ЖШС 2004 жылы 14 шілдеде құрылды. Техноло-гиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасының басталу сәтінен технопарк инновациялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді. 2010 жылы жобаларды іріктеу үшін 7 өтінім жолданды, олардың 3-уі қаржыландырылды. 2011 жылы жобаларды іріктеу үшін 6 өтінім жолданды, олардың 2-і қаржыландырылды.
Технопарк Орал қаласы мен облысы, сондай-ақ Ақтау және Ақтөбе қалаларында технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламаларын жүзеге асыру шарттарын және индустриялық-инкубациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың басқа да құралдарын түсіндіру жөнінде семинарлар өткізіп тұрады.
5. «Алтай» Шығыс Қазақстан өңірлік технопаркі» ЖШС 2008 жылы 31 қазанда құрылды.
Технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасының басталу сәтінен технопарк инновациялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді. 2010 жылы жобаларды іріктеу үшін 16 өтінім жолданды, олардың 4-уі қаржыландырылды. 2011 жылы 35 өтінімнің 5-уі қаржыландырылды. 2012 жылы жолданған 2 өтінімнің 1-уі қаржыландырылды.
Технопарк қаржыландырған 10 жобаның барлығы өндірістік салаларда. Сонымен бірге технопарк үшін басым бағыт – бүгінгі күнде өзекті болып отырған ресурстарды үнемдеу саласы.
6. «Сарыарқа» технопаркі» ЖШС 2004 жылы 14 наурызда құрылды. Технопарктің қызмет ету кезеңінде 111 жоба дайындалды, технопарк осы жобалармен жұмыс істеген соң олардың 10-ы одан әрі дамытылды. Технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасының басталу сәтінен технопарк 2010 жылы жобаларды іріктеу үшін 2 өтінім жолдады, 2011 жылы – 32 өтінім, 2012 жылы – 21 өтінім жолданды.
Технопарк Қарағанды, сонымен қатар Шахтинск, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Қостанай қалаларында технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламаларын жүзеге асыру шарттарын және индустриялық-инкубациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың басқа да құралдарын түсіндіру жөнінде семинарлар өткізіп тұрады.
7. «Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік технопарк» ЖШС 2008 жылы 15 тамызда құрылды. Технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасының басталу сәтінен 2010 жылы жобаларды іріктеу үшін 8 өтінім жолданды, олардың 4-уі қаржыландырылды. 2011 жылы жобаларды іріктеу үшін 54 өтінім жолданды, олардың 5-уі қаржыландырылды. 2012 жылы жобаларды іріктеу үшін 19 өтінім жолданды, олардың 1-уі қаржыландырылды.
Технапрактік құрылым қызметіне әр мамандықтың студенттері мен магистранттарын тартуға болады, және оларды міндетті түрде ынталандыру қажет. Мысалы инновациялық жобаға қатысқан студент немесе магистрантты осы жобаны өндіріске енгізуші компанияға жұмысқа кіруге мүмкіншілік беру.
Жастарды ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, жоба нәижелерін өндіріске енгізуге баулымайынша біз ұлттық инновациялық және ғылыми әлеуетті дамыта алмаймыз. Ал ғылым мен өндірісті байланыстырудың тиімді жолдарының брі осы – университет маңынан технопарктік құрылым қызметін тиімді ұйымдастыру.
Әдебиеттер тізімі:
-
Альжанова Ф.Г. Рынок технологий в условиях глобализации; институты и механизмы развития в Казахстане. –Алматы, 2007. – с 57
-
Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің электрондық сайты. Ғылым және инновация бөлімі. // URL: http://www.stat.gov.kz/getImg?id=WC16200008275
-
Купешова С.Т. Инновациялық менеджмент.- оқу ққралы. Қазақ университеті. Алматы, , 2011. - 256 б.
Достарыңызбен бөлісу: |