Тақырыбы: ««Реабилитация» туралы түсінік. Оның мақсаты, қағидасы, әдістері.»



бет1/6
Дата12.04.2023
өлшемі25.62 Kb.
#472136
  1   2   3   4   5   6
Лек 1


Тақырыбы: ««Реабилитация» туралы түсінік. Оның мақсаты, қағидасы, әдістері.»
Мақсаты: Реабилитацияның негізгі түсініктерімен, мақсаттарымен, қағидаларымен және әдістерімен таныстыру.


Реабилитация туралы түсінік. Оның мақсаты, қағидасы мен әдістері.
Реабилитациябұл денсаулық қалпына келтіру, ауру салдарынан жарақат немесе сыртқы басқа жағдайдан, химиялық, әлеуметтік фактор әсерінен денсаулықты түзеу. Реабилитация мақсаты – аурулар мен мүгедектердің тез еңбек етуге жарамдылығын қалпына келтіру, қоғамға қайта енгізу, адамның жеке басын, жан дүниесін емдеу. Бүкілодақтық денсаулық сақтауқауымдастығы (БДСҰ) мынадай тура түсінік береді: «Реабилитация» – туа біткен сырқатпен бірге ауру салдарынан жарақат әсерінен еңбектен тыс қалған қоғам мүшелерін сауықтыратын бірнеше саладан тұратын шаралар жиынтығы. Реабилитация термині латын тілінде – habilis – «мүмкіндік», rehabilis – «мүмкіндікті қалпына келтіру».
БДСҰ (ВОЗ) айтуынша реабилитация науқастар мен мүгедектердің сауығуына, әлеуметтік экономикалық және басқа да факторлар әсерінен алған жарақатынан сауығып, қоғамның толық мүшесі сезінуіне жан – жақты көмек.
Реабилитацияның алғашқы және негізгі бағыты (медициналық және физикалық) – науқастың денсаулығын әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, соның ішінде ағзаның физиологиялық функциясын толық қалпына келтіру, ал бұл мақсатқа қол жеткізе алмаған жағдайда көмекші құралмен ауру жағдайын жақсарту.
Реабилитацияның психологиялық аспектісінауқастың психологиялық жағдайын емдеуді қабылдауға, дәрігер кеңесін тыңдауға, қалпына келтіру процестерін орындауға дайындау. Науқастың сырқаттан кейінгі жағдайға үйренуіне мүмкіндік жасау.
Реабилитацияның іскерлік аспектісіеңбекке араласу, оқыту мен білім жетілдіру, аурудың жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Әлеуметтік – экономикалық реабилитациянауқасқа экономикалық тәуелсіздік пен әлеуметтік сенімін ояту. Бұл тек медицина қызметкерлерінің ғана емес, әлеуметтік қызмет орындарының басты міндеті. Жоғарыдан белгілі болғандай реабилитация сан-салалы процестерден тұратын жан-жақты процесс. әрине, реабилитация салаларын бір-бірінен бөліп қарауға келмейді.
Реабилитацияның медицналық, еңбек, әлеуметтік бөліктері үш топтан тұратын науқас салдарының әсерін белгілейді:

  1. морфофункциональды, қалыптан ауытқу әсерінен болған медико-биологиялық ауру салдары;

  2. еңбек ету әсерінің төмендеуі

  3. отбасы мен қоғамнан тыс қалған әлеуметтік қатынас дағдарысы.

Бұған қарап аурудың тек айығуы ғана басты орында емес екенін көреміз, оған сонымен қатар еңбек ету қабілеті мен қоғамдағы орнын да қалпына келтіру қажет, отбасы мен коллективіне, қоғамға сіңуіне көмектесу керек.
Реабилитацияның кең дамуна түрткі болған бірінші дүниежүзілік соғыс. Осыдан бастап ортопедия, физиотерапия, еңбек терапиясы, емдік дене шынықтыру сияқты салалар дамыды. Алғашында «қалпына келтіру емі» термині пайдаланылды. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыстан соң мүгедектердің әлеуметтік – еңбек жағдайына бейімделуі күрт өсті, себебі соғыс жаралылары көп еді. Медициналық көмектен басқа да әлеуметтік мәселелер қамтылатын болған соң «қалпына келтіру емі» реабилитация болып ауыстырылды. Реабилитация ісі алдымен Англия мен АҚШ-та пайда болды. Уақыт өте келе созылмалы аурулардың көбеюіне байланысты, бұл тек медицина орындарының ғана емес, бүкіл қоғам шаруасы болды.
20-30 жыл бұрын көптеген медицина қызметкерлері реабилитацияны тек әлеуметтік мәселе деп біржақты қарап келді. Соңғы жылдарда көптеген емдеу-сауықтыру орындары реабилитация маңызын түсініп, орындар мен арнаулы палата, төсектер қоса бастады. Бүгінде реабилитациялық мекемелер кардиологиялық, неврология, ортопедиялық болып бөлініп, жан-жақты даму үстінде. Бұлар аурухана, немесе санатория, емхана болуы мүмкін. Мұндай бөлімдердің дамуы экономикалық ахуалға байланысты. Экономистердің есептеуінше ауруды жазылған соң емдемей, оның алдын-алу тиімді екенін түсінді.
Шынында да, тек өте бай мемлекет қана мүгедектер мен еңбекке жарамсыз басқа да ауруларды баға алады. Себебі реабилитация денсаулық сақтау орындарының маңызды бөлігі. ВОЗ-дың мәжіліс баяндамасында көрсетілгеніндей (Женева, 1973) емдеу мақсаты ауру өмірін сақтау ғана емес, еңбек ету мүмкіндігінде ұсыну. Осыдан келіп тек аурудың ғана емес, сонымен бірге, оның отбасы мен қоғам мәселесі қамтылады. Реабилитация саласын зерттеген ғылыми зерттеу анық көрсеткендей, дұрыс реабилитация науқастың 50% өмірге қайта қосады екен.
Сонымен реабилитациядан мынаны түсінеміз:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет