Сөж тақырыбы: Конфликтология бойынша түсінік. Орындаған: Әлімжан Гүлзат Тобы: 1 Курс: Қабылдаған: Оразбекова д мазмұны



бет1/5
Дата20.05.2022
өлшемі84.16 Kb.
#458061
  1   2   3   4   5
конфликтология



ҚР Білім және Ғылым Министрлігі
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:
Конфликтология бойынша түсінік.

Орындаған: Әлімжан Гүлзат
Тобы: 01
Курс: 3
Қабылдаған:Оразбекова Д

Мазмұны
1. Конфликтология дегеніміз не?
2.Конфликт,негізгі құрылымдылық элементтері
3. Конфликтінің басталуына қажетті компоненттер
4.Конфликтолог - бұл мамандық қандай?
5.Конфликтология бойынша үздік кітаптар

Жанжалды ғылым адамдар арасындағы қатынастарда және әлеуметтік қатынастарда жанжалдарды шешумен айналысады. Мәселе оның дамуының бастапқы кезеңінде талқыланған кезде, тараптардың әрқайсысына пайдасы бар даулы мәселе шешіледі. Конфликтологтар бұл мәселелерді кәсіби және егжей-тегжейлі зерттеуде.


Конфликтология дегеніміз не?
Бірнеше өзара байланысты тараптардың өзара іс-қимылымен, қарама-қайшылық бір оқиғадағы, мүдделер мен позициялардың айырмашылықтары бойынша әртүрлі көзқарастар туындауы мүмкін. Конфликтология ғылым ретінде жанжалды жағдайлардың пайда болу жолдарын, олардың динамикасын және реттеу жолдарын зерттейді. Зерттеу объектілері - әлеуметтік жанжалдар , психология саласындағы даулы жағдайлар. Оқытылатын пәндер - жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар және мекемелер. Зерттеудің тақырыбы - жанжал жағдайында олардың мінез-құлқы.
Конфликтология қоғамдық өмірдің әр сферасында пайда болатын конфликтілердің себептерін, мәнін, динамикасы мен формаларын зерттеп, алдын-ала ескерту мен шешу жолдарын қарастыратын, қажетті деңгейде дамыған, көпсалалы дисциплинасымен ерекшеленетін ғылым саласы. Оның зерттеу объектісі - конфликт барлық формасында, ал зерттеу пәні - кез-келген әлеуметтік конфликтінің пайда болуы, дамуы мен аяқталуы туралы ой толғау.
«Өмір сүру - күресу деген сөз» Сенека 
Конфликтология ғылымының зертеу объектісі- конфликт.
Конфликт - күрделі және көпсалалы әлеуметтік феномен болып табылады. Мұнда бірнеше тараптан бір немесе бірнеше ортақ қызығушылықтармен біріккен қатысушылар болады: индивидтер, әлеуметтік топтар, ұлттық-этникалық топтар, мемлекеттер, мемлекеттер тобы. Конфликттер әр түрлі себептерге және мотивтерге байланысты болады, мысалы: психологиялық, экономикалық, саяси, құндылықты, діни және тағы да басқа. Онымен қоса әрбір тұлға іштей қарама-қайшылықтар мен стресстерге жақын келетінін де ескеруіміз керек. Мысалы, бірнәрсені бар ынтаңмен қалай тұра, олай жасауға болмайтын жағдайлар кімде болмайды? немесе жаңадан бастап өз ісіңмен айналысқың келеді, бірақ, барыңнан айрылып қалмаймын ба? немесе қолымнан келмей қалмайды ма? деген қорқыныш кімде болмайды? Маңыздылығы бойынша екі бірдей құндылықтың біреуін таңдау керек болады т.б.
«Конфликт - қызығушылықтары (қажеттіліктері, мақсаттары, идеалдары, түсініктері) мен көзқарастары қарама-қайшы келетін субъектілердің қатынасы әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылыс»
Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның пайда болу жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтап алу керек. Конфликт әрқашан өзара қарама-қайшы келетін қызығушылықтар мен көзқарастардың әсерінен пайда болады. Конфликтінің пайда болуына әсер ететін жағдайлардың қатарына қарама-қайшылықтарды жатқызуға болады.
Конфликтіге бір-біріне өзара зақым(моральды, материалды, психологиялық) келтіру арқылы көрініс табатын әлеуметтік қарым-қатынас субъектілерінің күресі тән.
Әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері арасында қарама-қайшы келетін көзқарастарының, қызығушылықтарының және келіспеушілік жағдайының болуы конфликтінің пайда болуына қажетті және жектілікті жағдай болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет