Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
«Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі »
«№3 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Дүниетану
№ 13 секция
Тақырыбы: "Құс төресі – бүркіт "
Жоба авторы:№3 орта мектебінің
4 «Ә» сынып оқушысы:
Болат Дархан Жанарбекулы
Жетекшісі: бастауыш сынып
мұғалімі Кеншілік Гулбаршын
Теміртау, 2014ж
Тақырыбы: "Құс төресі - бүркіт"
Мәселе: Мүмкін , бүркіт биік шыңда емес,аласа тауларда мекендесе, біз ол туралы көбірек біліп , көбірек білер едік.
Мақсаты: Бүркіттің түрлерін, тіршілік ететін жерлерін анықтау, жинақтау, топтау.
Міндеттері:
-
әдебиеттер жинақтау;
-
бүркіттің түрлерін, тіршілігін зерттеу, топтау;
-
бүркіттің негізгі қасиеттерін анықтау;
Болжам : Егер де, біз әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен көшпенді қазақ болсақ, алуан түрлі құстардың адам баласына маңыздылығын түсіне білсек, оларды өз қажетімізге жарата аламыз.
Зерттеу нысанасы: Бүркіттің тіршілігі
Күтілетін нәтиже: Түрлі әдебиеттерді оқи отырып, жергілікті жеріміздегі биік шыңдарға саяхат жасай отырып , бүркіттің маңыздылығын түсіну ; алу
Зерттеу түрі : Теориялық зерттеу жұмысы
Жаңашылдығы: Осы күнге дейін бүркіттің мекендейтін жерлерін және негізгі қасиеттерін оқушының көз – қарасымен ешкім зерттемеген.
Мазмұны:
І .Кіріспе. тақырыбы: "Құс төресі – бүркіт "...................................3 бет
1.1. Ақпараттар және әдебиеттер жинақтау;............................................
1.2. Проблеманы шешу үшін, теориялық зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау;.........................................................................
II.Негізгі бөлім.
2.1. Ұлттық аңшылық дәстүр;................................................................4 бет
2.2. Қазақ салт –дәстүріндегі бүркіт құсының маңызы;.....................5 бет
2.3. Бүркіттің негізгі қасиеттері және түрлері ; ....................................7 бет
2.4 Бүркіттің жабдықтары;.....................................................................10 бет
III.Қорытынды. .........................................................................................12 бет
Қосымша бөлім
1. Сауалнама ..............................................................................................13 бет
2. Пайдаланылған әдебиеттер;...................................................................14 бет
3. Қолданбалы зерттеу жұмысына жүргізу журналы
4. Слайд.
5 Буклет (фотоальбом)
6. Кітапша
Аннотация
Осы тероиялық зерттеу жұмысымда бүркіттің түрлерін, тіршілігін, адамға пайдасын, олардың санының азайып бара жатқандығын анықтап, материалдар жинақтау, қыран құсты зерттеуге үлесімізді қостық. Осы күнге дейін бүркіттің мекендейтін жерлерін және негізгі қасиеттерін және санының акзайып бара жатқандығын оқушы көз – қарасымен ешкім зерттемеген. Сондықтан бүркіт туралы толық мәліметтер жинақтап қысқаша түсіндіруге тырыстық.
Теориялық зерттеу жұмысы 3 бөлімнен тұрады:
-
Кіріспе.
1.1. Ақпараттар және әдебиеттер жинақтау;
1.2. Проблеманы шешу үшін, теориялық зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау;
II.Негізгі бөлім.
2.1. Ұлттық аңшылық дәстүр ;
2.2. Қазақ салт дәстүріндегі бүркіт құсының маңызы ;
2.3. Бүркіттің негізгі қасиеттері және түрлері ;
III. Қорытынды.
-
Бүркіттің жабдықтары;
-
Бүркітті қорғау.
Қосымша.
1. Пайдаланылған әдебиеттер;
2. Слайд.
3. Буклет.
Аннотация
Эта теоретическая проектная работа исследуя виды и жизнь орлов, собрав материал об уменьшении численности этих птиц, внесла небольшой вклад в исследовании орлов. До сих пор места обитания орлов и их характеристики не были исследованы с точки зрения учеников . Поэтому собрав полный материал об орлах мы постарались кратко объяснить.
Теоретическая исследовательская работа подразделена на 3 части.
I .Введение.
1.1. Сбор информации и литературы;
1.2. Чтобы решить проблему , выявить цель и задачи теоретической исследовательской работы ;
II.Основная часть .
2.1. Национальная охотничья традиция ;
2.2. Орёл в казахских традициях ;
2.3. Характеристика орлов и их виды ;
III. Выводы
3.1 Принадлежности для орлов ;
3.2 Охрана орлов .
Дополнение .
1. Использованная литература ;
2. Слайд.
3. Буклет.
Synopsis
In this theoretical design work I investigating different kind of eagls and tleir life , collecting materials about reducation of number these birds.
We have brought the small contribution to research of eagles .Till now places of dwelling of eagles and their characteristics have not been investigating from the point of view of pupils.
There fore hoving collected a full material about eagles we have tried briefly the theoretical design work subdivided into 3 parts:
I Introduction
1.1.Gathering of the information and the literature.
1.2.To solve a problem to find out the purpose and problems of theoretical design.
II The basic part
2.1.National hunting tradition
2.2.Eagle in Kazakh tradition
2.3.characteristics of eagles and their kinds
III Conclusions
3.1.Accessories to eagles
3.2.Protection of eagles
Addition
1.Used literature
2.Slides.
Кіріспе
Менің қазіргі зерттеп жүрген ғылыми жұмысымның негізі- сонау ежелгі бабаларымыздың құсбегілік өнері мұрасын сақтап, ұшқыр тазысы мен жүйрік аты және үкілі домбырасын қайта жаңғыртып дамыту ,соның ішінде қазақтың қыран құсымен жақынырақ таныту болып табылады.
Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім :мен ауылға жазда демалыста нағашы атамның үйіне бардым. Атамның көршісіндегі бүркіт мені өте қызықтырды. Атама көршісіндегі бүркітті жақынырақ көруге қолқа салдым. Атам менің сөзімді жерге тастамай , бүркітті жақынырақ көруге рұқсат берді. Осылай менің бүркітке деген қызығушылығым басталды. Ауылда атамнан да бүркіт жайында көп мағұлмат алып,келе сала апайыма айттым. Ол кісі сөзімді жерге тастамай бірден құптады.
Біздін табиғатта көптеген жануарлар, өсімдіктер, құстар өте көп. Құстар, жануарла «Қызыл кітапқа» енген. Қазіргі кезде құстың 12 түрі
«Қызыл кітапқа енген» Мемлекеттік Ұлттық Паркінде Бүркіт құсының 1-түрі бар. Бүркіт құсыда қызыл кітапқа енген. Бүркітті адамдар сатып алмайды, тек бір-біріне сыйға тартады. Ежелгі аңыз бойынша, ер жігіттің жеті қазынасы болған – ақылды жары, жүйрік сәйгүлігі, аңшы бүркіті, адал иті, мылтығы, қақпаны мен қазаны. Осы байлықтың барлығы «Жетi қазына» деп аталған.
Бүркіт – киелі, қастерлі құс. Қыран құстың жадағайын қазақ төріне іліп қоятын. Бүркітті ежелден «қасиетті құс» деп қастерлеп, «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Елімізде бүркіт көбінесе Алтай, Тарбағатай, Алатау, Көкшетау таулары мен орман алқаптарында кездеседі.
Қазақ-салт-дәстүріндегі бүркіт құсының манызы
Бүркіт (Aquila chrysaetus) — жыртқыш құстар отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1—2 жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы бүркіттер қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі.
Кең қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы (30—35 см) ұшқан кезде “ұшып бара жатқан қанатқа“ ұқсайды. Ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу болады. Латынша “алтын қыран“ деген аты күштілік пен айбындылықтың белгісі ретінде 200 жыл бұрын берілген. Бүркіттің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін. Үлкен құстары қара-күрең түсті, төменгі жақтары ақшылдау болады. Ұясын ағаштарға, құзжартастардың басына, ал далалы жерде — жерге салады. Өте жақсы ұшырады, жерде жақсы жүреді, жүгіре алады. Жемтігін ұстаған кезде, жартылай ашылған қанатымен ұстайды.
Ұсақ және орташа сүтқоректілерді және құстарды ұстайды. Қазақстанда ормансыз және шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі, бірақ сирек. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді. Саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны белгісіз, шамасы бірнеше жүз болуы керек.
Шілде айында алып, қыркүйекте аңға салуға болады. Далада көп ұшырса, аң аулағанда жетістіктерге жетеді. Бұл құсқа 200-300 грамм таза ет береді. Олар жұп болып өте биік жерлерде қоныстанады, ұяларын жартастардың қуыстары мен шоқыларында, кейде ағаш басына орнатады, диаметрі 2 метрге жетеді. Наурыз-сәуір айларында ұрғашысы 1-3 жұмыртқа салады, оларды шамамен бір жарым ай басады. Балапандары 70-80 күн ішінде ұясын тастайды, бірақ ата-анасы оларға ұзақ мерзім ішінде қамқорлық жасайды. Бүркіттің ұясын тауып, балапанын алу өте қиын. Бүркітті әлі ешкім арнайы көбейтіп өсірмейді. Бүркітшілер балапандарды жабайы табиғаттан алып, жастайынан үйрете бастайды.
Келешек бүркітшілерді 7-10 жасынан бастап үйретеді. Алғашында балаға аса үлкен емес құстарды: қаршыға мен тұйғындарды баптауға рұқсат беріледі, ал 14-15 жасынан бүркітті сеніп тапсыра бастайды. Құстың адамды мойындауы өте қиын. Ол үшін олар кемінде үш тәулік ішінде бірге болуы тиіс. Бұл уақыт ішінде адам құсқа ұйқы бермейді және өзі де ұйықтамайды, болмаса құс мұны адамның әлсіздігі ретінде бағалауы мүмкін. Олар өзара мінез күрестіреді. Егер екеуі де осыған төзсе, төртінші тәулікте бүркіт адамды мойындайды. Бірақ құстан үйретілген аңшы жасап, оны өз атын танып, бұйрықтарды орындауға үйрету үшін кемінде тағы 9 ай қажет. .
Бүркіт ішімдік пен шылымның иісін жақтырмайды, сондықтан құспен аңға шығамын дегендер зиянды дағдыларын тастауы қажет. Бүркіт адамдармен 10 жылдан артық тұрмауы тиіс, одан кейін құсты ұрпақ беру үшін еркіндікке жібереді. Қамауда бұл құстар көбеймейді. Табиғи жағдайларда бүркіт 80-100 жыл өмір сүреді. Қазақстанда 15 миллион адам тұрады, ал бүркітшілердің саны елуге жетер-жепес. Сондықтан, қазақ аңшылығының ұлттық дәстүрлерін және құсбегілік өнер мұрасын сақтап, жаңғыртатын адамдар ерекше алғысқа лайық.
Бүркіттің түсі қоңыр. Салмағы 4 килограммға дейін барады.
Қанатының шеткі қауырсындарын шалғысы деп атайды. Ал құйрығының ортасындағы екі қабат әлді қауырсынын «көбесі» деп, қалғандарын «жебесі» деп атайды.
Аяғы 4 саусақты, оның артқысын «тегеуріні», ішкісін «жем басар», ортаңғысын «сығымы», шеткісін «шеңгелі» деп атайды. Бүркіт суыр, қоян, түлкі, борсық аулайды. Тұяқты жануарлардан ақбөкен, елік, таутеке, қара құйрық секілді аңдардың төлін жейді.
Мен көбінесе балапанын ұядан емес, жаңадан ұшыра бастаған кезінде қолға түсіріп, бағып жүрмін. Қара қанат болған кезінде баққан дұрыс.Қазақ бүркітті ерте кезден ұстаған. Аңшылыққа үйреткен.
Алғашында қолынан жем жеуге дағдыландырған. Содан кейін құсты алыста тұрып шақырып, өздігінен келіп жем жеуге баулыған. Мұнан кейін ат үстінде тұрып жемді көрсетіп, шақырып, қолына келіп қонуды үйретеді. Содан соң құсқа жемді аң терісін үстіне қою арқылы алғызып үйретеді. Бүркіт аңға үш тәсілмен – шаншыла, сыпыра және іліп түсу арқылы түседі.
Ұлттық аңшылық дәстүрлері
Бұл өнермен араб шейхтары, ағылшын лордтары айналысады, және ол, әрине, баяғы көшпелілер – қазақтар, татарлар, қырғыздарда және басқа да халықтарда сақталған.1998 жылы Алматы облысының Нұра ауылында «Саятшы» атты ұлттық аңшылық түрлерінің алғашқы клубы ашылған болатын. Жобаның мақсаты – сирек жыртқыш құстардың популяциясын қорғау және аңшылықтың ұлттық дәстүрлеріне қолдау көрсету. Клуб үлкен қорғаушылық және ғылыми –зерттеу жұмысын атқарады. БҰҰ жобасына қатысып, құстар ұя салатын жерлерге жем салып, олардың қыстан аман шығуына көмектескен. Нәтижесінде бір жылдың ішінде бүркіт ұяларының саны 13-тен 53-ке дейін артты. БҰҰ өкілдері мұндай жылдам нәтижеге сенбей, тексеруге келіп, және нәтижеге көздері жеткеннен кейін клубтың керемет жұмысын ерекше атап өтті. Клубтың негізін қалаушы – Мұхаммед Исабеков. Кезінде ол құжат жинап, ақсақалдардың әңгімелерін тыңдап ел аралайтын. Аңшы құстар мұражайын құру туралы ой сол кезде туындаған болатын. Нәтижесінде 2003 жылы мұражай ресми мәртебеге ие болды.
Ғасырлар бойына адамдар тұзақ, тор, қақпан, апан, найза, садақ пен жебе, кейіннен мылтықтың көмегімен аңшылық етіп, азығын тапқан. Құспен аңға шығу көшпелілерде аңшылықтың ең кең тараған түрі болатын. Неғұрлым олжалы және тәжірибелі аңшылар – бүркітшілер немесе құсбегілер – халық арасында үлкен құрмет пен беделге ие болған, ал жабайы құстарды қолға үйрету мен тәрбиелеу өнері ғасырлар бойына жинақталып, мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа табысталып, құпияда сақталған. Қазіргі кезде азық табудың бұл түрінің аса қажеті жоқ, бірақ аңшылыққа деген құмарлық гендік деңгейде сақталған. Барлық елде аңшылық клубтар мен қожалықтар ұйымдастырылып, заң арқылы жануарларды мейірімсіз атып жоюға шектеу қойылып, олардың кейбір түрлерінің популяцияларын реттеу және тіпті бұрын жойылуға жақын қалған түрлерінің санын арттыру мүмкіндігі пайда болды. Құс салып аңға шығу енді спортқа, өнер түріне айналды.
Бүркіттің жабдықтары
Құсбегілердің өзіндік терминдері бар. томаға- құстың басына кигізіп қояды,яғни,иесіне де, басқа да адамдар мен аңдар үшін сақтық шарасы болып табылады. Ертеректе томағаны асыл тастармен көмкеріп, күміспен шегелейтін болған. Құстың иесі томағасын өзі тігіп, ырымдап, көзтимесін деп үкі тағып қоятын болған.
ТОМАҒА
Қыран құстың сирағына тағылатын бауды аяқбау немесе балақбау деп атайды. Бұл-бау қыран құстың аяғында үнемі бірге жүреді.
Аяқбауды матап байлайтын бауды-шырынбау дейміз. Бұл қолға қондырғанда, тұғырға отырғызғанда керек.
Қыранды қолға қондырғанда, міндетті түрде оң қолға биялай киеді. Ол – ішінде жұмсақ киіз немесе мата салынған, теріден тігілген қолғап.
Аңшыға жеңіл және құсқа ыңғайлы болу үшін ерге арнайы тұғырықтарды бекітеді Бүркітті қолға үйретіп, аңға салу үшін қажетті бұйымдар: томаға, тамақ бау, балақ бау, балдақ болады. Әрқайсының өз қызметі бар.
Бүркітті-қанаты қатпаған сары ауыз балапан кезінде ұядан алады, тұз тағасын тормен ұстайды.Балапанды үйге әкелгеннен кейін баули бастайды. Құсбегі оны сылап-сипап, мәпелеп, өзіне үйір қылады. Оған алдымен балақбау тағып,томаға кигізеді. Одан 3-4 қадам қашығырақ барып,аяқбаудың ұшынан ұстаптұрып биялайлы қолындағы етке «Кәл», «кәл» деп шақырып үйратеді Одан соң балығаны қырн бүркіт болса, түлкі яки қоян терісіне сабан, шөп толтырып, сыртына ет қыстырып оны ұзын жіпке байлап,атпен сүйрете қашады да, бүркітті соған түсіреді. Оны далбай тастап, шырға тарту дейді. Далбайдан соң тірі аңдарды шырғалап, балапанды енді соған түсіреді. Оны «тірілеу» деп атайды. Тірілеуден кейін құс қайыруға келеді. Қайыруға келгелі болса әбден үйренгені. Құстың «тілін» табу-оның бабын табу деген сөз. Бабы келген,бағуы келіскен қыран ғана аң-құсқа түсе алады. Қыранның жейтін жемін,ұйқысын құсбегі қатан бақылауға алып отырады.
бүркіттің жабдықтары ұсынылған. Құстарға арналған берперделер – тұмағандардың, аңшы құстарды отырғызатын тұғырықтардың (отырғыштардың) үлкен топтамасы бар. Бүркіт – ауыр құс, оның салмағы үш килограмнан он килограмға дейін жетеді..
Жаяу жүрген кезде тұғырықты адамның беліне бекітеді, ал қолға қашанда арнайы қолғап киіледі. Мұражайда осы бұйымдардың топтамасы да ұсынылған. Мұнда бүркіттердің олжалары да бар: альбинос түлкі, қасқыр, сілеусін, қызыл түлкінің терілері. Үзеңгінің көне түрлерінен қазіргі түрлеріне дейінгі үлкен топтамасы да қызықты. Атақты құсбегілердің (аңшы құстармен аңға шығатын адамдардың) фотосуреттерінің галереясы да бар.
Бүркіттің түрлері
Құсбегі-қыранның әрі ұстазы, әрі досы. Сондықтан да қыран әзі баулып, тәрбиелеген адамнан әзгеге көне бермейді. Астына жүйрік ат мініп, қолына қыран құс қондырып, сайын далада саят құрған құсбегінің бойында сергектік пен серілік, ептілік пен ерлік астасып жатады. «Қызыл кітапқа» енген құстар- алтай ұлары, қара ләйлек, қарабай, кәдімгі қоқиқаз, дуадақ,безгелдек,бүркіт,субүркіт,лашын,т.б. Бүркіт – жыртқыш құс. Бүркітті ақиық, мұзбалақ, қараша, көктабан, шөгел, көк бүркіт, су бүркіт, дала бүркіт, тау бүркіті деп атайды.
Су бүркіт - қаршыға тұқымдасына жататын ірі жыртқыш құстардың бірі. Ересек еркегінің салмағы 3-3,5 кг қанатының ұзындығы 57-62 см соған сәйкес ұрғашысынікі 4,9-6,7 кг және 63-71 см. Ересек құстардың қанаты қоңыр ,басы мен мойны ақшыл құйрығы ақ түсті.жас құстардың қанаты сұрғылт қоңыр ,астыңғы жағының ұзына бойына дағы бар, құйрығы мен тұмсығы –қара қоңыр. Қарағынды облысында Сұлтанкелді көлінің жағалауында Ертіс-Қарағанды каналының жағалауын мекендейді.Өзендердің көлдің жағалауында мекендейді. Негізінен балықпен ,сондай –ақ құстармен және сүтқоректілермен қоректенеді. КСРО «Қызыл кітабына » және Қазақстанның «Қызыл кітабына » енгізілген.
Қарақұс - қаршыға тұқымдасына жататын ірі жыртқыш құстардың бірі. Ересек құстардың салмағы 2,8-3,2 кг қанатының ұзындығы 57-67 см , құйрығының 29-33 см. Түсі қара қоңыр түсті, қанатының астыңғы жағы-сарғыш жолақты. Ағаштарға бұталарға ұя салады. Жылы жаққа қазан, қараша айларында ұшып кетеді. Негізінен жас суырлармен құстармен, өлексемен қоректенеді. Әуесқойлар қолға үйретіп шағын жабайы құстарды аулауға пайдаланады.
Негізгі қасиеттері
Бүркіті бар үйде жын-шайтан болмайды деген ұғым бар. Бүркіт – ердің серігі. Құстың алдынан қыз-келіншек, бозбалаларды өткізбейді. Айналып өтуі талап етіледі. Бүркіт бір сілкінгенде үйден бір пәле кетеді деп ырымдайды. Жақсы қыран құсы қаза болғанда құс иесі қатты қайғырып, аза тұтады. Құстың денесін ақ шүберекке орап, тау-тас жақпарына, құс ұясына жақын жерге жерлейді. Бүркіттің қанат, құйрық қауырсынын, бас терісін, тұяғын, аяғын алып үйдің төріне түс киізге, жас баланың бесігінің басына іліп қояды. Мұның себебі, қасиетті құс адамды пәле-жаладан, көз-сұқтан, қатерден сақтайды, баланы шошынудан қорғайды дейді. Бұл – шындық. Дәлелденген дүние. Құсбегі бір үйге құсымен кірсе, кетерінде бүркітінің иығына шоқ үкі тағып шығарады. Шошынған адамның басына бүркітті қондырып жатады. Толғақты жеңілдету үшін де үйге бүркіт әкеліп, әйелге көрсететін ырым бар.
Санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бүркітті қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек.
Қыран құс өсіру кешені
Іле-Алатау ұлттық саябағы аумағында Орта Азиядағы жойылып бара жатқан жабайы құстарды өсірудің жалғыз ғана кешені орналасқан.Бұл жерде сұңқар , бүркіт, қыран құстарын өсіріп аң аулауға үйретеді. Бұрынғы заманнан бастап сұңқар қазақ халқының аң аулау құсы ретінде қолданылған.Өткен жүз жылдықта,бірнеше тайпа шекарасында қырандар арасындағы кеңінен тараған бүркіт ұяларын табуға болады. Жыртқыш құстың қанаты қалықтаған кезде 2м-ге дейін жетеді. Өсіру кешенінде сонымен қатар қазақтың атақты аңшы итін Тазыны көруге болады.
Қорытынды
Бүркіт құсы маған ұнайды, оның қайсарлығын, өжеттігін,тегеурінділігі ата-бабаларымыз дәріптеп,халық ауыз әдебиеті ертегілеріне қосқан. Жас батырды қыран құсқа теңеген Бүркіт биік шыңда мен зәулім жар тасқа мекендейді. Сондықтан мені
бүркіттің тіршілігі қызықтырды. Мен ғылыми жобаны зерттеу арқылы бүркіттің тіршілігін, бір – бірінен айырмашылықтарын, түрлерін, мекендейтін жерлерін, олардың өз қорегін қалай аулайтындығы, адамдарға пайдасын, олардың санының азайып бара жатқандығын, Қызыл Кітапқа енген түрлері туралы көп мағлұматтар алдым. Осы зерттеу барысында мені қызықтырған мәліметтер:
Қазір бүркіт қазақ саятшыларының қолына ұстар, аңға салар алғыр қыраны, қызықты спорт өнері.
Тіпті, қазіргі Тәуелсіз Қазақстанымыздың туында қыранның бейнеленуі дархандылық, қырағылық, биіктік символы ретінде алынғандығын білеміз.
Сондықтан, сөзімнің соңында туған жеріміздің табиғатын, аң –құстарын, әрбір талын көзіміздің қаршығындай сақтайық өзімізден кішілерге де соны үйретейік дегім келеді.
Тәуелсіздік алып, әлем картасында Қазақстан атты мемлекеттің пайда болғанына биыл 20 жыл толмақ. Өмірі мен тарихы әріден келе жатқан, сүрлеу-соқпағы ықылым заманнан арнасын тартқан қазақ халқын көзге қалай елестетуге болады. Оған берер жауап дайын. Біз әрдайым қарапайым, еңбекқор, қажырлы, табанды халқымызды қыран құсы, ұшқыр тазысы мен жүйрік аты және үкілі домбырасы арқылы танып білеміз. Ата-бабамыз осы дүниелерді қастерлеп ұстаған, серігі еткен. Қарапайым қазақ тірліктегі нәсібін де осылардан тауып, азық еткені мәлім. Халқымыздың ежелгі салтында қыран баптап, аңға шығу дәстүрі қалыптасса, мұны спорттың бір саласы, саламатты өмір салтын ұстану десе де болады. Таза ауада уақыт өткізудің өзі бір ғанибет екенін білу қажет.
Жоғарыда айтылғандай бүркіттің түрлері жойылып кету қауіпінде тұр. Олардың тұқымдары түгелімен жойылмай тұрып, біз оларды қорғауға, қамқорлық жасауға, табиғатты аялауға, өзіміздің қолымыздан келгенше өз үлесімізді қосайық.
12
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясы; 1986 ж «Мектеп» баспаханасы
-
Қарағанды энциклопедиясы 2011ж « Атамұра» баспаханасы
-
«Жануарлар әлемінің үлкен атласы»; «Дәуір » 2008ж
-
«Мөлдір бұлақ» балалар журналы; №11 2011ж
-
«Балдырған» журналы; №8 2012ж
-
Видео «Жануарлар әлемі».
-
www aruna Ltd
-
www eqmont. kz
14
Сауалнама:
-
Сіздерді бүркіт туралы мәліметтер қызықтырады ма?
-
Бүркіттер қай жерлерде мекендейді?
-
Бүркіттің қандай түрлері бар?
-
Бүркіт пен қаршығаның айырмашылығы неде?
-
Бүркіттер қай жануарлар тобына жатады?
-
Бүркіттің адамдарға пайдасы бар ма?
-
Бүркітті өсіргің келе ме?
________________________________________________________________
-
Қансонарда деген сөзді қалай түсінесің?
13
Сауалнама қортындысы:
1. иә - 10 оқушы ( 50% )
2. ата-анадан – 5 оқушы ( 25% )
мұғаліммен – 10 оқушы ( 50% )
3. Иә - 10 оқушы ( 50% )
Жоқ – 10 оқушы ( 50% )
4. «7 саны» - 8 оқушы ( 40% )
«3 саны» - 5 оқушы ( 25% )
«4 саны» - 3 оқушы ( 14% )
Сауалнама қорытындысы : Қасиетті сандар туралы барлық оқушылардың біле бермейтіні анықталды.Ата-аналары да қасиетті сандар туралы көп айта қоймайтын болып шықты.
Ал балалардың білетін қасиетті сандары 7 және 3 сандары екен. Ал басқа қасиетті сандарды білмейтін болып шықты. Барлық оқушы қасиетті сандар туралы жинауға қарсы еместіктерін қуана білдірді.
13
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
«Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі »
«№3 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қолданбалы- зерттеу жұмысын жүргізу
Ж У Р Н А Л Ы
( тақырыбы: "Құс төресі – бүркіт ")
жоба авторы :
4 «Ә» сынып оқушысы
Болат Дархан Жанарбекулы
жетекшісі:
Кеншілік Гулбаршын
Теміртау 2014ж
Мақсаттары
|
Жұмыс мазмұны
|
Басталу мерзімі
|
Аяқталу мерзімі
|
Жетекшінің қолы
|
Ұйымдастыру
|
Жоба тақырыбын таңдау ,жұмыстың мақсатын ,болжамын ,әдіс –тәсілдердін ,зерттеу мақсатын анықтау.
|
Қазан
2013 ж
|
Қараша 2013ж
|
|
Әдебиеттерді оқу ,талдау
|
|
|
|
|
1.«Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясы;
1 том 65 бет
|
Қараша 2013ж
|
Желтоқсан2013ж
|
|
2.«Мөлдір бұлақ» балалар журналы;
|
Желтоқсан 2013ж
|
Қаңтар 2014ж
|
|
3. Ата мұра –асыл қазына «Көкшетау 2007ж» 77 бет
|
Қаңтар 2014ж
|
Ақпан 2014ж
|
|
4. Ізгілік әліппесі Алматы Мектеп 2011 ж
|
Ақпан
2014ж
|
Наурыз 2014ж
|
|
5. Ғаламтор
|
Наурыз 2014ж
|
Сәуір
2014ж
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Зерттеу жұмысы
|
Ата-аналардан сауалнама алу
|
Наурыз 2014ж
|
Сәуір 2014ж
|
|
Талдау
|
Алынған мәліметтерді талдау
|
Мамыр 2014ж
|
Қыркүйек 2014ж
|
|
Қорытынды
|
Жобаны дайындау : Теориялық материалды дайындау және қайта дайындау;
Презентация құру; Зерттеу бөлімін
дайындау ;
Жобаны жабдықтау.
|
Мамыр 2014ж
|
Қыркүйек 2014ж
|
|
Кітапша жасау
|
Қыркүйек
2014ж
|
Қазан 2014ж
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
«Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі »
«№3 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |