Лекция Тақырыбы: Тəрбие. Педагогиканың ғылым екендігі жəне оның негізгі ұғымдары жөнінде түсінік Лекцияның оқыту нəтижелері



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата18.02.2024
өлшемі108.17 Kb.
#492305
түріЛекция
  1   2
1 лекция



1 – лекция
Тақырыбы: Тəрбие. Педагогиканың ғылым екендігі жəне оның негізгі ұғымдары
жөнінде түсінік
Лекцияның оқыту нəтижелері:
1. Тəрбие ұғымы туралы түсінік қалыптастыру
2. Педагогика - ғылым саласы екендігін дəлелдеу
3. Педагогиканың негізгі ұғымдарына шолу жасау
Лекция мазмұны:
Қазір жерде тіршіліктің сақталуы бүкіл адамзаттың қажеттілігіне айналып отыр. Бұл
қажеттілік – адамзат қоғамы дамуының қозғаушы күші. Адамзат қоғамының дамуы үшін
қоғамның өзі адамдардың кейінгі ұрпақтарына əлеуметтік тəжірибені беруді жүзеге асыру
керек. Қоғамдағы өмір мен еңбек үшін қажетті аға ұрпақтардың əлеуметтік тəжірибені жас
ұрпаққа беруін жəне жас ұрпақтың оны пəрменді меңгеруін тəрбие деп атайды. Тəрбиенің
бұл анықтама-сындағы əлеуметтік тəжірибені беру тəрбиеленушінің сана-сына оны тек
ауыстыра салу емес екендігін түсінгендігіміз жөн. Ол – адамдардың қабылданатын
тəжірибені пəрменді меңгеруінсіз, олардың қоршаған ортаны түрлендірудегі жасампаз іс-
əрекетінсіз жүзеге аспайтын күрделі құбылыстың барысы. Адамдар əр түрлі жағдайлар
мен тəрбиенің нəтижесі бола отырып, бұл жағдайларды өзгертуге олар өздері
қатынасатыны белгілі.
Адамның қоршаған ортаны түрлендіре отырып, өзін-өзі түрлендіреді деген қағиданың
айрықша мəні бар. Бұл қағида жоғарыдағы тəрбие анықтамасының мəнін жоққа
шығармайды, себебі қоршаған ортаны түрлендірудің барысын адамзаттың қолымен
жасағанын, бəрін мағыналы ұғынусыз мүмкін емес.
Тəрбие мəңгілік болып табылады. Ол адамзат қоғамының пайда болуымен қатар жарық
көрді жəне оның дамуының барлық кезеңдерінде өмір сүреді. Ата-аналар балаларға,
ересектер кішілерге, тəжірибелілер тəжірибесі аздарға өз тəжірибесін береді. Бұл кезде
тəрбиеленушілер іс-əрекетке, қарым-қатынасқа белсенді қатынасады, өз санасын өздері
байытады. Іс-əрекет, еңбек, тəртіп, өздерін қоршағандармен қарым-қатынас, табиғатпен
өзара əрекет нəтижесінде адамдар қоғамдық нақты өмір салтын қабылдайды.
Көп ғасырлар бойына тəрбие барысы адамзат тіршілігінің табиғи жайы ретінде жүріп,
арнайы зерттелген жоқ. Кейін келе қоғамдық сананың түрлерін, əлем жəне ондағы
адамның орны жөніндегі жалпы түсініктерді талдаған ғалым философтардың ойында
тəрбие барысы тұрақты орын тепті.
Тəрбиеге ғылыми көзқарас Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Квинтилинан
сияқты белгілі философтардың еңбектерінде қалыптасты.
Ежелгі Грецияда пайда болған педагогика деген атаудың қазақша мағынасы баланы
жетектеу болып табылады. Кейінірек ақылшы ұстазды, баланы тəрбиелейтін жəне
оқытатын адамды педагог деп атайды.
Педагогиканың тану саласы – қоғамның ерекше қызметі ретіндегі адам тəрбиесі. Көп
жылдар бойына ұйымдастырылған тəрбиемен тек балалар қамтылды, сондықтан
педагогиканы бала тəрбиесі туралы ғылым деп келді. Қазіргі кезеңде білім беру мен
тəрбиелеу жүйесі барлық адамдарды қамтитын болғандықтан, педагогика адам дамуының
жас кезеңдерінің барлығындағы оның тəрбиесі туралы ғылым болып табылады. ‡ здіксіз
білім беру жүйесін құру жəне нығайту кезеңінде бұл тұжырым көкейкесті мəселе болып
отыр.
Педагогиканы ғылым ретінде оқып үйренуде оның негізгі ұғымдарының мағынасын
терең ұғынудың мəні зор. Педагогиканың негізгі ұғымдарының қатарына дамыту, білім
беру, оқыту, тəрбиелеу жатады.
Адамды дамыту деп ішкі жəне сыртқы, басқарылатын жəне басқарылмайтын,
əлеуметтік жəне табиғи факторлар ықпалымен оның тұлғасының бірте-бірте
қалыптасуының барысын атаймыз. Адам тұлғасының психикалық, күш-қуаттық жəне
жалпы дамуын бөліп қарау керек. Психикалық деп адам тұлғасының зиялылығының,
көңіл-күй сезімдерінің, еркінің қажеттіктерін, қабілеттерінің дамуын түсінеміз. Күш-
қуаттың дамуы дене мүшелерінің, бұлшық еттерінің, буын қимылдарының дамуы болып
табылады. Жалпы дамуды психикалық, күш-қуаттық, құлықтық жəне адам тұлғасының
басқа да сапаларының дамуы деп ұғынуымыз керек.
Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдер, танымдық біліктер мен дағдылар жүйесін
меңгеруінің, осылардың негізінде дүниеге көзқарасының, құлқының жəне адам
тұлғасының басқа да сапаларының қалыптасуының, жасампаз күштері мен қабілеттерінің
барысы жəне нəтижесі. Білім беруді жүзеге асырудағы жетекші күш – жүйелі оқыту.
Оқыту – адамның білім алуы жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың мақсатқа
бағытталған өзара əрекетінің барысы.
Арнайы педагогикалық мағынада тəрбиелеу – қоғамда тұлғаның, оның
қатынастарының, өзіне тəн белгілерінің, сапаларының, көзқарастарының, сенімдерінің,


тəртіп тəсілдерінің дамуы мақсатына бағытталған ықпал барысы жəне нəтижесі.
Кең мағынада тəрбиелеу – мақсатқа бағытталған оқытудың жəне тəрбиелеудің əсерімен
адам тұлғасы дамуының барысы жəне нəтижесі. Тұлғаны қалыптастыру – орта, тұқым
қуалау жəне тəрбиенің ықпалымен адам тұлғасының даму барысы жəне нəтижесі.
Жоғарыда келтірілген педагогиканың негізгі ұғымдарының анықтамаларынан олардың
өзара өте терең байланыста екенін жəне іштей жанасқанын көреміз. Оларға сипаттама
бергенде əрқайсысына тəн басты қызметін көре біліп, сол арқылы екіншісін ажырату
керек.
Педагогика ғылым ретінде бірқатар ғылыми салаларға бөлінеді. Олар: мектепке дейінгі
тəрбие мен оқыту, жалпы бастауыш білім беру, негізгі жалпы білім беру, жалпы орта білім
беру педагогикасы, техникалық жəне кəсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі кəсіптік
білім беру, жоғары білім беру педагогикасы, үздіксіз білім беру педагогикасы, оқу
пəндерінің əдістемесі. Осымен бірге педагогика ғылымы құрылымына көзі көрмейтін
(тифлопедагогика), саңырау жəне нашар еститін (сурдопедагогика), ақыл-есі кеміс
(олигрофенопедагогика) балаларды тəрбиелеу мəселелерін зерттейтін арнайы педагогика
саласы да енеді.
Педагогика салаларының жиынтығы педагогикалық ғылымның біртұтас жүйесін
құрайды.
Педагогика өзінің дамуында философия, этика, социология, психология, мектеп
гигиенасымен тығыз байланыста болады жəне олардың заңдылықтары мен
нұсқамаларына сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет