Тақырыбы: Сабақтың құрылымы, мұғалімнің сабаққа дайындығы


Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары



бет2/3
Дата21.05.2022
өлшемі0.54 Mb.
#458492
түріСабақ
1   2   3
«Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі. СӨЖ

Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары

• танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;

• оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);

• оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;

• оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;

• оқушылардың өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру;

• жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;

• қарама – қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;

• оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету

Мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз

  •  Тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалымен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары - оны қабылдауы, түсінуі, т.б. Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте солғұрлым аз болады.

Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері

  • 1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;
  • 2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;
  • 3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;
  • 4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;
  • 5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;
  • 6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;
  • 7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;
  • 8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;
  • 9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;
  • 10. Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;
  • 11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;
  • 12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;
  • 13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет