Тақырыбы: «Құстар – әлем досы» Мақсаты



бет2/2
Дата05.12.2023
өлшемі96.66 Kb.
#485493
1   2
кустар

Оқушыларды 2 топқа бөлу
1-топ: «Ұзақ»
Мерзат
Аяулым
Нұрым
Валя
2-топ: «Қарлығаш»
Ерхат
Ақерке
Әсет
Мәйжан апай
Сұрақ-жауап: (барлық топқа ортақ, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
2. Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)
3. Құстың негізгі баспанасы? (Ұя)
4. Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)
2-бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)
Жұмбақтар шешу:
Бәріне ортақ жұмбақ:
Қызығып әр адам,
Ұстап ап даладан.
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс? (Үкі)
2 топқа жұмбақ:
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт,қоңыз,аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарлығаш)
Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар?
(Қараторғай)
Қайталап атымды,
Ән салып аламын,
Кез-келген ұяға,
Жұмыртқа саламын
(Көкек)
3-бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)
Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны тұрмыс тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген.
Ел арасында ауа райын болжағанда ақбас тырнаның келу-қайтуына қараған. Тырналар тым төмен ұшса, ұзамай күн суытады, ал жоғары самғап бара жатса, күн ұзақ болады делінеді. Кеш қайтса, қыс жылы болады.
- Қаз немесе әтеш бір аяғымен тұрса, аяз болады.
- Егер торғайлар қосылып шықылдаса, ауа райы жылы болады.
- Көкек қатты, әрі жиі шақырса күн жылынады.
- Қарлығаш өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал жер бауырлап ұшса, жаңбыржауады.
- Сауысқан шатыр астына тығылса, боран болады.
- Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
- Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
- Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.
- Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
- Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
- Шағала келсе сең бұзылады.
- Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
4-бөлім «Құстарға қамқор бол!» (Ситуациялық сұрақтар).
- Балалар, бүгінгі сабағымызды естіп ормандағы құстар ақ көгершін арқылы хат жіберіпті. Кәне, оқып көрейік.
(Топ басшылары бір-бірден келіп хатты алып, топпен жауап береді).
1 - ситуациялық сұрақ. Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?
2 - ситуациялық сұрақ. Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен қалай істер едің?
Жағдаят:
Бірде әкесі мен баласы орманға ағаш кесуге барады. Әкесі тұрып:
- Мына жерде ағаш та қалмапты. Кел, балам, мына ағашты кесейік.
- Әке, мынау жас ағаш қой, кеспей-ақ қояйықшы.
- Балам, үй жылытатын отын керек, бауырларың тоңып отыр ғой.
- Әке, қарашы,тал басында құстың ұясы бар екен. Кеспей-ақ қояйықшы.
- Балам, сөзді қой, тамақ істейтін де отын жоқ. Болды, кесеміз...
3 - ситуациялық сұрақ.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, кімнің әрекеті дұрыс?
- Бұл тығырықтан қалай шығуға болады?
- Сендер бала орнында болсаңдар не істер едіңдер?
4 - ситуациялық сұрақ.
Құстар болмай қалса не болады?
(Ормандар, далалар үнсіз қалады. Зиянды жәндіктер мен кеміргіштер қаптайды. Бақтар мен бақшалар жемістерін бермейді).
Қортындылау:
Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құстарға теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. Құстар адам өміріне сән – салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рақатқа бөлейді. Сондықтан, атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға теңеп, «аққу мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «бүркіт тұмсық», «қаз дауысты» т. б. деп сипаттаса, «Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркітбай» деп балаларына ат берген.
Құстар – біздің және әлем досы. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал құстар өсімдік қорғаушысы. Сол құстарға қамқор бола білейік.
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Жамбыл негізгі орта мектебі


Тәрбие сағаты



«Құстар-әлем досы»

Орындаған: Еркебай Ұлболсын



2022-2023 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет