Тақырыбы: «Құстар – әлем досы» Мақсаты



бет1/2
Дата05.12.2023
өлшемі96.66 Kb.
#485493
  1   2
кустар


Тақырыбы: «Құстар – әлем досы»
Мақсаты:
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: интерактивті тақта, слайдтар.
Әдісі: әдеби-монтаж,түсіндіру
Өткізілу барысы:
1-бөлім «Құстар – біздің досымыз!»
2-бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)
3-бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)
4-бөлім «Құстарға қамқор бол!» (Ситуациялық сұрақтар).
Құрметті оқушылар! Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!
Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – әлем досы » атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек. Жыл құстары дегеніміз – салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстар: көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.
Жыл құстарының кейбірінің тіршілігі туралы әңгімелейік. Мысалы:
(Слайд арқылы көрсету)
Қарлығаш – адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.Оның өз әні бар, әні құлаққа жағымды. Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
Қараторғай – өзі кішкентай,өте пайдалы құс.Орман қорғаушысы.Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып,шырқаған.
Аққу – 30-40 жыл өмір сүреді.Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс.Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.
Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады.
Тиым сөздер
1. Құстың ұясын бұзба,
Жұмыртқасын жарма.
2. Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.
3. Аққуды атпа.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет