Тақырыбы: Тұлғааралық қатынастардың педагогтар қызметіне, оқу –тəрбие үрдісіне əсері


Педагогикалық ұжымдағы əлеуметтік- психологиялық климат



бет5/6
Дата03.01.2022
өлшемі19.55 Kb.
#451648
1   2   3   4   5   6
11.05.21 Менеджмент негіздері 404

2. Педагогикалық ұжымдағы əлеуметтік- психологиялық климат. Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан əлеуметтік-психологиялык климатпен айқындалады. "Психологиялық климат", "əлеуметтік-психологиялық климат" немесе "микроклимат" үғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Жағымды əлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық психологиялық ауа-райымен, жылы шырайлылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді. Сондықтан да А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді екпінге баса мəн берген. Зерттеушілер қоғамдық мақсаттарға жауап беретін еңбек адам өмірін рухтандыратынын, еңбек сұлулығы еңбек етушінің, еңбек үрдісінің жəне еңбек өнімінің сұлулығы, ол билеуден, спорттан рахат алу сияқты еңбек барысынан физикалық рахат алу екендігін, ол үшін ұжымшылдық сезімі, үйлесімділік болуы тиістігін анықтайды. [1] Жайлы орта қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы, қоғамдық пікірлері, көңілкүйлеріне байланысты орнайды. А.Н. Лутошкин əлеуметтік-психологиялық климатты өнімді бірлескен қызметке кедергі келтіретін немесе командадағы адамның жан-жақты дамуына ықпал ететін психологиялық жағдайларжиынтығы ретінде қарастырады. [2] Əлеуметтік-психолоғиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-əрекет пен өзара қатынас процесін танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді. Педагогикалық ұжымның əлеуметтк-психологиялық климатының топтастырушылык қызметі ұжым мүшелерінің оқу-тəрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігердің топтастыруын, бірігуін іске асырады. Ынталандырушылық қызметі педагогикалық əрекеттің қолдануына қажетті ұжымның "эмоциялық күш-қуатын" қалыпастыруға байланысты. Тұрақтандырушылық қызметі ұжым ішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды. Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тəртібіне баға беруде көрінеді. Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік жəне мінездерінің жігерлілік үлгілеріне тəуелді болып келеді. Жеке адамның ұжымға жəне оның əлеуметтік-психологаялық климатына ықпал жасайтын негізгі əдістері — көзін жеткізу, сеңдіру, жеке үлгі көрсету. Көзін жеткізу адамдардың бағасын, пікіріи, қалыптасқаи мінез-құқық нормалары мен ережелерін нақты адамнын - көз жеткізетін тұлғаның түсінігіне сəйкес өзгертуге бағытталады. Осы жағдайда көз жеткізуші факторлардың қуатын, қисынмен дəлелді пайдаланып, тек ақыл-ойға ғана емес, əңгімелесушінің сезіміне де əсер етеді. Сендіру процесінде бір адамның екінші адамға немесе тұтас ұжымға əсері ырықты немесе ырықсыз түрде іске асады, сендірудің көмегімен педагогикалық ұжымда көңіл-күй қалыптасып, идеялар, педагогикалық құндылықтар орнығады. Ұжымдағы жағымды əлеуметтік психологиялық климаттың қалыптасуына жеке тұлғаның жасайтын ыкпалық тиімді əдісі жеке үлгі көрсету болып табылады, Ол үлгі адамның өз еңбегіне, əріптестеріне, ұжымдық пікірге қатынасы болуы мүмкін. Үлгі барлық кезде де нақты, ол əрекет пен мінез-құлықтың үлгісін көрсетіп, көңілдегі мен өмірдегіні салыстыруға мүмкіндік береді. Ұжым ішіндегі психологиялық климат пен оның мүшелерінің өзара түсінушіліктері дені сау ұжымның көрсеткіші, жемісті оқу-тəрбие жұмысының кепілі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет