«Атамекен жалпы білім беретін мектеп» КММ
«Күш - бірлікте» ТИМБИЛДИНГ
Педагог психолог:
Абитова Камшат Амангелдиевна
2021-2022 ж.ж
Бейнеу ауданы
«Күш - бірлікте» ТИМБИЛДИНГ
Мақсаты: біртұтас команда моделін қалыптастыру, топта жағымды әлеуметтік -психологиялық климат құру
Міндеттері:
ойын барысында жағымды атмосфера құру, ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру
біртұтас команда моделін қалыптастыру: топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағыттау, топтың әрбір мүшесінің ерекшелігі мен пікірін ескере отырып бірыңғай ұжымдық ережелерді қабылдау, әр түрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдыларды дамыту, командадағы рөлдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісе алуға үйрету
ойын арқылы түзету: шамадан тыс эмоционалдық стрессті төмендету, конструктивті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою, қарым-қатынасты реттеу
Күтілетін нәтиже: бірін-бірі қолдауға дайын, біртұтас команда құрылады;
командалық ортақ пікір, тиімді қарым-қатынас, өзара сенім қалыптасады
Жұмыс түрі: іскерлік ойын
Пайдаланылған әдістер: ойын элементтері, психотехникалық жаттығулар
Қолданылатын құралдар: түрлі-түсті ленталар, қағаздар, қарындаштар
Аудитория: ұстаздар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушыларды топқа бөлу. Түстердің атын айту арқылы үш топқа бөлінеді. Топқа бөлінген соң, әр топ өздерінің таңдаған түстеріне сай бейджиктерді мойындарына тағып алады.
«Түрлі-түсті көңіл-күй» танысу жаттығуы. Бұл жаттығу барысында әр қатысушы өз топтарының түсіне сәйкес ленталарды ұстап өздері туралы қысқаша мәлімет айтып (аты жөні, мамандығы, еңбек өтілі) өздерін таныстырады және топтағы атына сәйкес тілде жанындағы адаммен амандасып, лентаны жалғастырады. /5минут/
Мақсаты: жағымды эмоционалдық көңіл-күй қалыптастыру, өзгені қабылдау, қолдау, педагогтың ішкі психикалық күшін дамыту, кәсіби сана-сезімді кеңейту
Достарыңызбен бөлісу: |