Тақырыбы: Тренингтік топтың жұмыс қағидаттары Топтың тұрақты құрамы қағидаты



бет1/3
Дата24.11.2022
өлшемі23.56 Kb.
#465686
түріСеминар
  1   2   3
1 сем (3)


Семинар 1

Тақырыбы: Тренингтік топтың жұмыс қағидаттары

  1. Топтың тұрақты құрамы қағидаты

  2. Оқшаулану қағидаты

  3. Дамуды оңтайландыру қағидаты


Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру қағидаттарының ішінде бұл бөлімде тек негізгілерін ғана атап өтелік, себебі, мамандандырылған тренингтерде қосымша қағидаттар мен ережелер қолданылады.

  1. Ықпалдастықты диалогтандыру қағидаты, яғни, топ жұмысындағы қатысушылардың өзара сыйластығына, олардың бір-біріне деген толық сеніміне негізделген тең құқылы, толыққанды тұлғааралық қарым-қатынас қағидаты. Олардың бірі немесе бірнешеуі басым болған жағдайда, қарым-қатынас шынайы диалог сипатынан айырылады да, монолог арнасына ауысады, бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы келеді.

  2. Тұрақты кері байланыс қағидаты, яғни қатысушының өз іс- әрекеттерінің нәтижелерін талдайтын топтың басқа мүшелерінен ақпаратты үздіксіз алып отыруы. Дәл осы кері байланыстың арқасында адам қарым- қатынастың сәтсіз тәсілдерін жаңаларына алмастыра отырып, олардың айналасындағы адамдарға қалай әсер ететіндігін тексере отырып, өзінің кейінгі мінез-құлқын түзете алады. Бұл үшін қатысушылардың басқаларға олардың өздері туралы айтып беруге және өзі туралы пікірді тыңдауға дайындықтарын қамтамасыз ететін жағдайлар жасалуы тиіс. Мұндай саналы түрде жүзеге асырылатын, әдейі жасалған кері байланыс барынша көп дамытушы әсер береді.

  3. Өзін-өзі диагностикалау қағидаты қатысушылардың өз-өздерін ашуларына, олардың өз жеке бастары үшін маңызды проблемаларын жете ұғынуларына және тұжырымдауларына көмектеседі. Сабақтардың мазмұнында адамның өзін, өз жеке басының ерекшеліктерін танып-білуіне көмектесетін жаттығулар қарастырылған. Топтың әрбір мүшесіне өзін одан белгілі бір шешім қабылдау және оны жүзеге асыру талап етілетін әр түрлі жағдайларда көруіне көмектесу қажет. Көбінесе бұған қарым-қатынастың ауызша (сөздік) тәсілі емес, ал практикалық іс-әрекеттер көмектеседі. Тренинг кәдімгі оқу сабақтарынан осынысымен ерекшеленеді.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет