Тақырыбы: Туған елді, жерді қорғау.
Авторы: М. Жұмабаев
Жанры: поэзия, поэма
Құрылысы: Кіріспе- экспозициясы – Көкшетаудың табиғаты
Оқиғаның байланысы – батырлардың бас қосуы
Шегініс – Батыр Баянның жорықтан қалмақ қызын алып келуі.
Оқиғаның дамуы – Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы
Оқиғаның өрбуі - Қыздың айласы
Оқиғаның шиеленісуі - Қос ғашықтың елден қашуы
Оқиғаның шарықтау шегі – Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі
Оқиғаның шешімі – Батыр Баянның ерлікпен қаза табуы
Идеясы: Батыр Баян бейнесі арқылы батырларды дәріптеу.
Тәрбиелік мәні: Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз.
Түйін: Ноян мен Құралайды әдейі
өлтірген жоқ.Ноян қалмақ қызымен
бірге қалмақ жеріне қашқаны Баянның
ашуын келтірді және бұл істерін дұрыс
деп санамады. Сондықтан інісін де сүйген
қызында қашып бара жатқан жерінен
ұстап өлтірді.
Сонымен түйіндей келе, Баян да , Ноянда
кінәлі емес , тек сол кездегі алауыз
қылған заман келмеске кетсін деп қана
түйінін шешеміз.
Ерлерді ел ұмытсада, сел ұмытпас…
Әдеби көркемдеуіш тәсілдер
Метафора - Көкшенің жүрегі , жаным жаралы,қызыл тіл,қу өмір, арқа аралы, жер еркесі т.б
Кейіптеу: өмір күшті уын аяды ма, қанды ор боп қалады, қызыл тілім кісендеулі,қара топырақ қанын ішті
Мұңайып мәңгі мұңды белдер қалды,
Жынды жел сақ-сақ күліп сүйді беттен.
Жан-жақта жас қайыңдар қала берді
Иіліп әдеппенен сәлем еткен
Теңеу: сұңқардай, жолбарыстай, аш бөрідей, атқан тандай , бар сұлулық жиылғандай. Анафора әдісі арқылы поэманың бояуын күшейтіп, естілу қуатын арттырған.
Эпитет: кермиық дала, жел ой, қағынған жер,қорқақ ақыл ,арда күш, сұм садақ,қап – қара шер
Аллитерация: Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның інісі бар он бес жаста –
Бәрінің бӛлтірігі – бала Ноян
Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды,
Жас Ноян ер Баянға қарсы жүрді.
Жақындап келіп қалып ағасына
Ассонанс: Адасқан аққу құстай мен бір пақыр .
Арқаның аруы боп жүрсем-дағы
Алыста туған, өскен жерім
Достарыңызбен бөлісу: |