Тақырып 1 Ветеринарлық – санитарлық қадағалау мен бақылаудын әдістері және жалпы принциптері
Сұрақтар
Ветеринариялық-гигиеналық нормативтер мен нормалар.
Ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтік құжаттар
Ветеринарлық – гигиеналық нормативтер сандық көрсеткіштін минимальді және (немесе) максимальді шамасын көрсете алып, қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық фактордын (ШМД,ШМК және б.) керекті немесе зиянсыз денгейін сипаттайды.
Физикалық фактордын гигиеналық регламенттеуі үш нормативті шамаларын белгілеуге сүйенеді: минимальді қажетті денгей (МҚД), оптимальді денгейі (ОД), шекті мүмкіншілік денгейі (ШМД).
Ал зиянды химиялық заттарға олардын шекті мумкіншілік концетрациясы (ШМҚ) қойылады. ШМҚ – бұл химиялық заттың ауа (мг/л), топырақ (мг/кг) құрамындағы максимальді саны, қайсысы жануарлар, құстар, балықтар мен аралардын және т.б. денсаулығына қауіп көрсетпейді. Азықтардағы токсикалық заттардын шекті мумкіншілік концетрациясын максимальді мүмкіншілік денгейі (ММД) деп белгілеуге қабылданды.
Биологиялық факторларды бақылау үшін қоршаған орта обектілерінде жалпы микробтік ластанудын және санитарлық-көрсеткіш микробтардын шекті мүмкіншілік денгейі (ШМД) қойылады. Жалпы микробтік ластанудын ШМД судын санитарлық жағдайын (микроб денелері/мл) және ауаның (микроб денелері/м3) сипаттайды. Топырақ, су және азықтардын санитарлық-көрсеткіш микробтарымен ластанудын олардын титр мен индексті анықталуымен регламенттеледі.
Титр – санитарлық-көрсеткіш микроорганизмі табылған, зерттелінетін нысанның (г немесе мл) ен аз саны.
Индекс бұл зерттелінетін нысанның (1000 мл суда, 1 г топырақта немесе азықта) санитарлық-көрсеткіш микроорганизмнің клетка саны.
Ветеринарлық-санитарлық нормалар – бұл қандай болсада бөлек қоршаған орта факторына ветеринарлық-санитарлық нормативтердің жиынтығы, ресми нормативті құжат (ауа ылғалдылығы нормасы, ауаның газды құрамының нормалары, ауа аусу нормалары, жарықтану мөлшері, малға керекті алаңдары және т.б.) түрде ресімделген.
Ветеринарлық-санитарлық нормалары арқылы негізделіп малшаруашылық кәсіпорындарға арналған ветеринарлық-санитарлық ережелер жасалынады.
Ветеринарлық-санитарлық ережелер – бұл малды (оған қоса бағалы аңдар, құстар, аралар, балықтар) өсіру, бағып-күту, тасымалдау, сою және малшаруашылық өнімдерді өндейтін кәсіпорындар, мекемелер мен жеке тұлғаларға арналған, орындауға міндетті ветеринарлық-санитарлық нормалары мен талаптардын кешені. Мемлекеттік үкіметпен шығарылған осындай директивті актілер, ветеринарлық заңнамасының құрамындағы бөлігі болып табылады.
Ветеринарлық-гигиеналық нормативтер, ветеринарлық-санитарлық нормалар, ветеринарлық-санитарлық ережелері және басқа да нормативті құжаттар арқылы сақтандырма және ағымдағы ветеринарлық-санитарлық қадағалау жүзеге асырылады. Ветеринарлық – санитарлық ережелерден басқа да қосымша нормативті құжаттар ретінде құрылыс нормалары және ережелерін (ҚНменЕ-рі ), технологиялық жобалау нормалары (ТЖН), санитарлық ережелер мен нормалары (СанЕжәнеН), стандарттар және т.б. пайдаланады.
Ветеринарлық-санитарлық нормалар, ветеринарлық-санитарлық ережелері және басқа да нормативті құжаттар негізінде жүзеге асырылатын:
Малшаруашылық бөлмелерінің микроклиматына, дезинфекция
Сапасына және т.б. ветеринарлық-санитарлық баға беру;
Малшаруашылық кәсіпорынды, жайылымды, малды суаруға арналған су көздерін, қи сақтау орындары, биологиялық қалдықтардын және де сонымен қатар утильдеу және жою орындарын ветеринарлық-санитарлық зерттеу;
Суды, азықтарды және т.б. ветеринарлық-санитарлық зерттеу,
Малшаруашылық бөлмелердін және т.б. жобаларын ветеринарлық – санитарлық сараптау.
Сақтандырма ветеринарлық-санитарлық қадағалау кәсіпорындар, құрылыстар және малшаруашылық ғимараттарын салу және қайта құру мен жобалау кезінде ветеринарлық-санитарлық нормалар мен ережелерін сақтаудын қорытындыларын беру және санитарлық сараптау қарастырылады. Ол малшаруашылық кәсіпорындарын салуға арналған жерді таңдау, құрылыстары мен ғимараттардын орналасуы, олардын ішкі жобалау кезінде ветеринарлықсанитарлық талаптарына сәйкестігін сақтаудын бақылауы қосылады.
Ағымды ветеринарлық-санитарлық қадағалау малшаруашылық кәсіпорындарда оларды пайдалану барысында ветеринарлық-санитарлық ережелерін сақтау бақылауы қарастырылады, жекелігінде микроклимат параметрлеріне, азық және су сапасын, белгіленген дезинфекция, дезинсекция, дератизация және т.б. тәртіптерін бақылау. Ағымдағы санитарлық қадағалауды ветеринарлық-санитарлық тексерудін акт түрінде ресімдейді.
Ветеринарлық-санитарлық тексерудін акті – бұл есепті және оперативті талдау, онда ветеринарлық мамандар ағымдағы санитарлық қадағалау жүзеге асыру кезіндегі нысанның санитарлық жағдайын бейнелеп көрсетіп және санитарлық тәртіптін тіркелген бұзылуларды жоюға ұсыныстар жасайды.
Ветеринарлық-санитарлық қортынды – белгіленген формасымен құжат, бас мемелекеттік ветеринарлық инспекторлармен (аймақтын, ауданның, қаланың) немесе олардын орынбасарларымен мемелекеттік қадағалаудын нысандарына берілген, мемлекеттік ветеринарлық қадағалау нәтижелері бойынша немесе сараптау акті негізінде, ол олардын ветеринария аумағында нормативті құқықты актілерге сәйкестігін куәландырып және оларды пайдалану режимін анықтайды.
Мемлекеттік қадағалаудын тәртібі және де оның ұйымдастыруы Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» заңы және «Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау туралы ережесі» (Қазақстан Республикасының үкімет жарлығымен бекітілді, 28 сәуір 2003 жылы, № 407) регламенттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |