Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Медицина факультеті
«Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасы
Эндокринология пәні
БӨж
Тақырып: «Акромегалия»
Қабылдаған: Алтынбеков М.А
Орындаған: Баратбекова Н.Т
Тобы: ЖМ-919
Түркістан 2023
Науқас Арман 47 жаста ауруханаға келесі шағымдармен келіп түсті:ұзақ уақытқа созылатын бас ауруына, ұйқы кезіндегі апноэға, буындардың ауруына, тершеңдікке, АҚ 160/110 мм. сын. бағ. жоғарлауына, дене салмағының артуына.
Anamnesis morbi:
Науқас өзін 1 жылдан бері науқас санайды,шағымдары бойынша дәрігерге жүгінбеген, ешқандай ем қабылдамаған. Науқастың айтуы бойынша , дәрігер нұсқауынсыз бұрын көптеген ретсіз дәрілер жиі қабылдаған.
Anamnesis vitae
Қазіргі таңда үйленген, 2 баласы және 1 қызы бар.18 жылдан бері мұғалім болып жұмыс істеген.Бұдан 10 жыл бұрын басынан қатты соққы алған.Зиянды әдеттері жоқ.Инфекциялық анамнезінде гриппен көп ауырады.Аллергиялық анемнезінде өзгеріс жоқ.Науқастың туысқандырында ауытқулар жоқ.
Науқастың қазіргі жағдайы (Status preaesens):
Қарап тексеру барысында:
Жалпы жағдайы: орташа
Дене бітімі: қаңқаның диспропорционалды өсуі
Бойы: 190см
Салмағы: 92
Сыртқы түрінің көрінісі: мұрынның, еріннің, тілдің ұлғаюы, терінің қалыңдауы, қас доғаларының, жоғарғы және төменгі жақтың ұлғаюы, прогнатия, тістер аралықтарының кеңеюі – диастема, аяқ-қолдардың ұлғаюы.
Ішкі ағзалары: ұлғайған – спланхномегалия
Тырнақтары: сынғыш
Тері жамылғысы: құрғақ, тері қалыдаған, дөрекі қатпарлары бар
Достарыңызбен бөлісу: |