Тақырып 1. Арнайы психологияның жалпы мәселелері
1. Арнайы психология психология ғылымының жеке саласы ретінде
Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар, ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын, психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін, психология ғылымының жеке саласы. «Арнайы психологияның жалпы психологиядан өз алдына дербес сала ретінде, бөлініп шығу кезеңі ХХ ғ. 60 жылдарына сәйкес келеді. Арнайы психологияның жеке бағыттары: кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология), саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология), соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология), психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы, логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы, ерте жастағы балалар аутизмі бар (ЕЖБА) балалар психологиясы, күрделі даму бұзылуы бар балалар психологиясы.
2. Арнайы психологияның пайда болуының алғышарттары;
Бастапқы кезде арнайы психология, жоғары оқу орындары мамандықтарының арасында «Психология» саласына енгізілді. Бірақ, бұл адамдардың психикалық даму жағдайлары мен механизмдері, түрлі патогендік факторлардың әсері туралы,сондай-ақ, компенсаторлық және коррекциялық үдерістердің жүзеге асу заңдылықтары туралы, ғылыми жетістіктер менпрактикалық тәжірибелерді жинақтап, өз алдына қалыптасқан,қалған арнайы психологияның тек формальды түрде, жалпы психология құрамына енгізілуі еді» арнайы психологияның пайда болуы, туа біткен немесе жҥре пайда болған кемістіктердің салдарынан,қалыпты дамуы бҧзылған балаларға психологиялық кӛмек беру қажеттілігінен туындаған болатын. Демек, арнайы психология теориялық және практикалық дефектология ҥшін пайда болған. Бірақ дефектология арнайы білім беру мәселелерімен айналысады, сондықтан арнайы психологияны коррекциялық педагогикамен байланыстыруға болады.
3. Арнайы психологияның басқа ғылымдармен байланысын
Усанова О. Н. екі деңгейде қарастырады. «Бірінші деңгей – ішкі психологиялық байланыстар, мҧнда жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, клиникалық психология, әлеуметтік психология, педагогикалық психология т.б. кӛптеген салаларымен байланысы.
Екінші деңгей – сыртқы психологиялық байланыстар, бҧл деңгей арнайы психология мәселелерінің негізін, философия, әлеуметтану, медицина, педагогика және т.б. адам туралы
ғылымдар тҧрғысынан қарастыруды кӛздейді.
Ал, «Л. С. Выготский жас ерекшелік психологиясын, балалар психологиясын, педагогикалық және арнайы психологияны ӛзара жақындатады. Педагогикалық психологиямен байланысы мынадан
кӛрінеді: арнайы психология даму ауытқуы бар балалардың білім,білік, дағдыларды меңгеру ерекшеліктерін, педагогиалық ҥдеріс заңдылықтарын, оқыту-тәрбиелеу ҥдерісінде психиканың ӛзгеру механизмдерін зерттейді.
4. Арнайы психологияның қағидалары;
Арнайы психологияның қағидалары.
Объективтілік қағидасы - ғылыми негізделген дәйектергесҥйену және зерттеу нәтижелерін логикалық тҧрғыдан талдау,қазіргі заманғы психологиялық теорияларға сҥйену.
Кешенділік қағидасы – дәрігерлік, психологиялық және педагогикалық тексеру болып табылады. Дамуында кемістігі бар бала диагностикалық тексеруге психоневролог, отоларинголог,
офтальмолог т.б. дәрігерлер, психологтар, педагог–дефектологтар, логопедтер қатысады.
Жоспарлылық қағидасы – баланы жҥйелі тҥрде зерттеу.
Детерминизм қағидасы – кез-келген құбылыстың өзіндік себептері атты қағиданы ұстану.
Кеміс дамудың себептерін есепке алу қағидасы. Бұл - дамуында кемістігі бар балалардың, психикалық дамуындағы ерекшеліктердің себептерін анықтау қажеттілігі. Ол үшін
кемістіктің құрылымы, тегі және тереңдігі туралы медициналық білім, психологиялық педагогикалық мәліметтер қажет. Генетикалық қағида – динамикада, яғни баланың
психикасында жалпы даму барысында, іс-әрекет барысында
зерттеу.Әлеуметтік және биологиялық даму деңгейінің өзара байланысын есепке алу қағидасы. Яғни, бала дамуына әлеуметтік ортаның әсер етуі және керісінше.Талдау-жинақтау (анализ-синтез) қағидасы. Л.С.Выготский ілімі бойынша, алғашқы кемістікті есепке алу, негізгісимптомдар және психикалық қосымша асқынулар немесе туынды кемістіктерді талдау.
5.Арнайы психология салаларының классификациясы.
Арнайы психологияның зерттеу салалары:
- олигофренопсихология;
- психикалық дамуы тежелген балалар психологиясы;
- сурдопсихология;
- тифлопсихология;
- тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар
психологиясы;
- логопсихология;
- мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы;
- ерте жастағы балалар аутизмі бар балалар психологиясы;
- мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы;
Олигофренопсихология немесе ақыл-ойы кем балалар психологиясы – ақыл-ойы кем балалардың танымдық әрекет динамикасын және жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттейтін
арнайы психологияның құрамдас бөлігі.
Негізгі міндеті - ақыл-ойы кем балалардың психикасына тән жалпы, жеке және ерекше белгілерін, әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік беретін қабілеттерін анықтау. Психикалық дамуы тежелген балалар (жалпы мектептегі үлгермеуші балаларды осы категорияға жатқызуға болады)
психологиясының мақсаты – тҥзету–дамыту жұмыстарының көмегімен психикалық дамудағы тежелуді жеңілдету немесе мүлдем жою. үлгермеушілер категориясы екендігін айтады.
Сурдопсихология – есту қабілетінің кемшілігі бар адамдардың психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін зерттейді, оларды компенсациялау мүмкіндіктері мен жолдарын
қарастырады, есту қабілеті бұзылған ересек адамдар мен балаларға, педагогикалық ықпал жасаудың тиімді жолдары мен әдістерін, психологиялыжағынан негіздеумен, интеграциялы
оқыту мен саңырау адамдарды қоғамға енгізудіңпсихологиялық
мәселелерін зерттеумен айналысады.
Тифлопсихология – көру қабілеті зақымданған адамдардың даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, көру анализаторы қызметінің бұзылуына байланысты пайда болатын, ақпарат
кемшілігінің орнын толтыратын компенсаторлық үдерістердің қалыптасуын, бұл кемістіктің психикалық дамуға тигізетін ықпалын зерттеп қарастырады. Көру қызметі зақымданған
балаларға көрсетілетін тиімді түзету, (коррекциялық) педагогикалық көмектің психологиялық негіздерін оларды қоғамға бейімдеудің әлеуметтік-психологиялық негіздерін
құрайды. Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар психологиясы, қимыл-қозғалыс дамуы қалыпты және бұзылған балалардың, жалпы психикалық даму заңдылықтарын зерттеп
қарастырады, психикасының дамуындағы өзгеше ерекшеліктерді зерттейді, кемістіктің психикалық дамуға тигізетін әсерін жеңуге жағдай жасайтын компенсаторлық мүмкіндіктерді ашады,балалардың дамуына ықпал жасайтын психологиялық негіздегі
коррекциялық тиімді әдістерді қарастырады.
Логопсихология — алғашқы кемістік ретінде, сөйлеуінде бұзылуы бар адамдардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін, арнайы психология саласы. Логопсихологияның міндеті - әртүрлі
тілдік патологиялары бар адамдардың, балалардың психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру, тілдік кемістіктерге ерте жастан психологиялық коррекция жасау, алдын-алу әдістемелерін
даярлайды.Ерте жастағы балалардың аутизмі (ЕЖБА) бар балалар психологиясының қарастыратын мәселесі – эмоционалды-ерікте саласының бұзылуы салдарынан, әлеуметтендіру және бейімделу қиындықтарына ұшыраған балалар мен жасөспірімдерге кешенді
психологиялық көмек беру жүйесін қарастыру. Мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы. Бұл бөлім тұлғалық дамуында әртүрлі дисгармониялық белгілер кездесетін,
балалар мен жасөспірімдерді қарастыруға арналады.
Арнайы психологияның бұл бөлімінің негізгі міндеттері -
бала дамуының патологиялық белгілерін ерте жастан анықтауға
бағытталған әдістерді даярлау; әртүрлі патологиялық даму
түрлеріндегі балалар мен жасөспірімдердің психикалық және
әлеуметтік дамуының «күшті» және «әлсіз» жақтарын сипаттау;
балалық жастағы патологиялық дамуға, психологиялықпедагогикалық коррекция жасау мен алдын-алу әдістерінің жүйесін даярлау.
Күрделі даму кемістігі бар балалар психологиясы, екі немесе одан көп даму бұзылуы бар адамдардың психикалық дамуын зерттейтін бағыт. Бұл саланың негізгі мақсаты - күрделі
бұзылулары бар адамдардың психикалық дамуының өзіндік
ерекшеліктерін зерттеу оларға, олардың отбасына психологиялық-педагогикалық көмек беру жолдарын қарастыру мен жүзеге асыру.