Бөлім І. Емделуші психологиясы



бет1/3
Дата15.01.2024
өлшемі19.01 Kb.
#489128
түріИнтервью
  1   2   3
№1 сабақ Медициналық сұхбат


Бөлім І. Емделуші психологиясы.

    1. Медициналық сұхбат, оның құрылымы. Емделушіні сұрау.



Медициналық сұхбат – тұлғаның психологиялық қасиеті және белгілері,дерттің ішкі бейнесі мен науқастың мәселелері туралы ақпарат жинау және науқаспен жанасу негізінде оған психологиялық ір-әрекет жасау әдісі.
Сонымен қатар ,сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібінің,жүріс-тұрысының ішкі себептерін, ықпалдарын айқындау жатады.Медициналық қызметкердің науқасқа психологиялық жәрдем беруіне де негізделеді.
Медициналық интервьюдің мағынасы,қарапайым сұрастырудан өзгеше болады,себебі ол науқастың шағымдарын белсенді түрде анықтаумен қатар ,адам қылықтарының ,өзін-өзі ұстауының жасырын мотивтерін іздестіруге және науқасқа жәрдем беруге бағытталады.
Сұхбаттасудың функциялары:
1.Диагностикалық
2.Терапевтік
Олар бірге , параллелді түрде жүзеге асу керек,себебі тек үйлесу жағдайында ,ғана медициналық мақсатына жетеді.Көбінесе науқас өзінің шағымдарын,мәселелерін және жағдайын сипаттап түсінікті түрде айта алмайды.Сондықтан, науқастың айткан мәселелерін дәрігердің тыңдай білуі-сұхбаттың бір кезеңі болып табылады.
Сұхбаттың принцптеріне келесілер жатады.
-Қойылған сауалдарға медициналық қызметкердің жасаған тұжырымы дәл,ашық,сәйкес және түсінікті болуы.
-бірізділік және адекватты, біркелкі болуы.
-алынған мәліметті тексеру мүмкіншілігі болуы.
Медициналық қызметкердің қойған сауалдары мен тұжырымдары дәл және тиісті,науқастарға түсінікті,арнайы терминсіз болуы керек.Олар аурудың тілі мен мәдениетіне ,біліміне сәйкес келуі қажет.Сондықтан науқастың әлеуметтік статусы,білім дәрежесі,мәдениеті мен сөйлесу мәнері анықталады.
Интервью дегеніміз-алдымен науқастың шағымдарына негізделіп,дерттің белгілерін құрастырып,онан соң бұзылыстарды және олардың себептерін анықтау.Ол үшін медициналық дерттің белгілерін,психологиялық әрекеттесу түрлерін және бұзылыстарын білу керек.Әр ауруда көптеген клиникалық белгілер болуына байланысты,олардың барлығының бар жоғын сұрастыру медициналық қызметкердің білгірлігінің төмен дәрежеде екенін көрсетеді,науқасты жалықтырып,шаршатады.
Медицина қызметкерінің келесі сауалдары аурудың әрекеттесу түрін бағалауға , бұзылыс дәрежесі мен себептерін анықтауға бағытталады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет