Жамбыл облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есеп беру



Дата23.02.2016
өлшемі169.57 Kb.
#6607
Жамбыл облысының 2011-2015 жылдарға арналған

даму бағдарламасының мониторингі бойынша

жедел есеп беру


Есепті мерзім

2012 жыл

Іске асыру кезеңі

2012 жыл

Ұйымдастыру

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы










  1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлшем бірлігі

2012 жылдың жоспары


2012 жылдың фактісі


Орындалу туралы ақпарат

1

2

3

4

5



Негізгі бағыт: Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі

4.2.6. Мақсат Мемлекеттілік пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету


Мақсатты индикаторлар:

1. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру

%

55

57,6

Жетті

Нәтиженің көрсеткіші













4.2.6.1. Міндет Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту, жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

Этносаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі, % (200.-66,2%)

%

75

91,2

Орындалды

Конфессияаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі, % (2009ж.- 62,7%)

%

70

90,1

Орындалды



2. Іс-шаралардың орындалуы





Атауы

Өлшем бірлігі

2012 жылдың жоспары


2012 жылдың фактісі



Орындалу туралы ақпарат


1

2

3

4

5

6

4.2.6. Мақсат Мемлекеттілік пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

4.2.6.1. Міндет Этносаралық пен конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту, жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

1

Конфессияаралық келісімді насихаттау бойынша іс-шаралар кешені

бір.

1,3

1,3

2012 жылы конфессияаралық келісімді насихаттау аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Мәселен, «Жас ұрпақтың бойында діни сауаттылықты қалыптастыру және оның тиімді жолдары», «Діни экстремизммен күрес», «Діни экстремизмнің алдын алу» атты мақсатты топтар арасында семинар-тренингтер және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.

Дінге еріктілікті, төзімділікті насихаттау және діни экстремизмнің алдын-алу мәселелері бойынша құрамында ғалымдар, теологтар, қоғамдық пікір көшбасшылары бар 5 облыстық және 11 аудандық, қалалық ақпараттық-насихат топтар құрылды. Олар 12 мыңға жуық адамдардың қатысуымен 40 кездесу өткізді.




2

Облыста тұратын барлық ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру

бір.

3,9

3,9

2012 жылы 3 әлеуметтік жоба жүзеге асты, осы мақсатқа 3,9 млн теңге жұмсалынды


3

Мемлекет рәміздерін, Елбасының Жолдауын, этносаралық келісімді насихаттауға, діни экстремизм мен радикализмді алдын алуға, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған имиджді материалдар шығару (жинақтар, бюллетендер)

бір.

3,995

3,995

Облыста 2012 жылы мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында 100 дана имиджді материалдар, Елбасының 2 Жолдауының 10 000 дана мәтіндері тираждалынып, Тараз қаласы мен аудандарға таратылды.

Сондай-ақ, 500 дана – Жолдау тезистері, 300 дана – Жолдаудан дәйек сөздер, 150 дана – ақпараттық-насихат топтарының мүшелеріне Жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша әдістемелік құрал кітапшалары дайындалып, баспадан шығарылды.



Мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттесу мәселелері бойынша «Жергілікті атқарушы органдарының азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу бойынша қызметі туралы» брошюралардан 200 дана, діни экстремизм мен радикализмді алдын алу бойынша «Абайлаңыз! Ваххабизм деген бүгінгі псевдо-Салафизм!» - «Осторожно Ваххабизм это «псевдо-Салафизм» сегодня!», «Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қозғалыстар» атты 500 брошюралар шығарылды.

Осы мақсатқа бюджеттен 3,995 млн теңге жұмсалынды

4

Мемлекеттік және ұлттық мерекелерге, атаулы даталарға, төзімділік идеясы мен этносаралық және конфессияаралық келісімді насихаттауға, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институтарымен тиімді іс-қимыл жасауға, сонымен қатар өзекті қоғамдық-саяси мәселелерге арналған қоғамдық маңызы бар іс-шаралар, конференциялар, форумдар кешенін ұйымдастыру және өткізу

бір.

16,892

16,892

Жалпы 2012 жылы 100-ден астам қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды, оған 200 мыңға жуық адам қамтылды. Олардың ішіндегі маңыздылары, «Бір Отан, бір Тағдыр, бір Елбасы!» облыстық форумы, «Елбасы – ел қалауы, тірегіміз!», «Тәуелсіздік – ұлы ұғым!», «Біз Елбасымен біргеміз!», «Президенттен сыйлық» атты жастар және қайрымдылық акциялары, «Тұғыры биік – Тәуелсіздік», «Ядросыз әлем – Қазақстанның басты ұстанымы» атты ғылыми-практикалық конференциялары, «Жасампаз ел жастарын қолдайды!», «Әлеуметтiк саясат және халықтың қартаюы: қартаю проблемалары бойынша Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспары», «Тәуелсіздік. Ұлт бірлігі. Ұлт көшбасшысы» , «Президент саясаты: тұрақтылық, жаңару және өркендеу», «Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік бастауы» атты «дөңгелек үстел» отырыстары, «Жолдау: жастардан жастарға!» автокеруен, дельфий ойындары, «Веб-сайттардың тұрақты ақпараттануының тәсілдері, технологиясы, пәрменділігі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттаудың нысандары және әдістері» тақырыбында семминарлар және т.б.. Іс-шараларды жүзеге асыруға 16,892 млн теңге қаражат жұмсалынды.

5

Аймақтағы этносаралық пен конфессияаралық жағдайды, мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғам институттары арасындағы қатынас деңгейін анықтау бойынша, сондай-ақ өзекті қоғамдық-саяси мәселелер бойынша кешенді әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру

бір.

5,905

5,2

Қоғамдық пікір диагностикасы шеңберінде 2012 жылы 23 әлеуметтік зерттеулер жүргізілді, оның ішінде 4-і сараптамалық сауалнама, 4-і телефон арқылы жүргізілген жедел-сауалнама болды. Әлеуметтік зерттеулерге облыс тұрғындарынан әртүрлі әлеуметтік топтарынан құралған жалпы есеппен 10260 респондент қатыстырылды. Сондай-ақ, тәуелсіз зерттеуші құрылымдар қызметті сатып алу шарттары негізінде аймақтың ішкі саяси саласындағы өзекті мәселелерді анықтауға бағытталған 5 кешенді зерттеулер жүргізді. Осы мақсаттарға 5,2 млн. теңге жұмсалынды. Баға ұсынымы бойынша сатып алу шарт негізіндегі конкурс қорытындылары салдарынан қаражаттың үнемдеуі пайда болды

6

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде байқау негізіндегі әлеуметтік-мағыналы жобаларды жүзеге асыру

бір.

41,801

41,801

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың 35 әлеуметтік-маңызды жобалары іске асты, осы мақсатқа 41,801млн. теңге жұмсалынды.

7

Диалог алаңдары негізінде саяси партиялар, этномәдени орталықтары, діни бірлестіктер, кәсіподақ ұйымдары мен үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар кешенін өткізу


бір.

3,511

3,511

2012 жылы диалог алаңдары негізінде саяси партиялар, этномәдени орталықтары, діни бірлестіктер, кәсіподақ ұйымдары мен үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатысуымен Елбасы Жолдауларын талқылау бойынша актив жиналыстары, «Қазақстандық патриотизм арқылы ұлттық бірігуге!», «Жастар арасындағы қылмыс және оның алдын алу», «Конфессияаралық келісімді орнату әр азаматтың міндеті», «Аймақта адами капиталдың сапалы өсуіндегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі», «Қаржы нарығында қызметті пайдаланушылардың құқығын қорғау» атты «дөңгелек үстел» отырыстары, кездесулер ұйымдастырылды. Жалпы 70 мың адам қамтылған 850 іс-шара өтті.

Облыста жалпы 76 диалог алаңдары, оның ішінде 57-сі аудан мен Тараз қаласы деңгейінде қызмет атқарады.



8

Мемлекеттік және орыс тілдерінде жергілікті, республикалық газеттер мен ақпараттық агенттіктер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, ең өзекті тақырыптарды, мемлекеттік бағдарламалардың, жыл сайынғы Елбасы Жолдауының іске асырылу барысы бойынша баспасөз-конференцияларды, баспасөз-турларды жариялау

сағ.

247,186

247,186

Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 247,186 млн теңге бөлініп, игерілген, түрлі тақырыптық бағыт бойынша 12 медиа-жоспар әзірленген.



9

Өзекті әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси мәселелерді жариялау бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, Елбасының жыл сайынғы Жолдауларының міндеттері және салалық пен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу бойынша баспасөз-турларды, баспасөз-конференцияларды, «тікелей эфирді» ұйымдастыру және жүргізу

бір.

78,945

78,945

2012 жылы өзекті әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және Елбасының Жолдауларының міндеттерін іске асыру мәселелері бойынша облыс әкімдігінің басқармалар басшылары мен аудан әкімдерінің қатысуымен 14 баспасөз-конференция, 18 «тікелей эфир» жүргізілді. Сонымен қатар, облыстың ірі өнеркәсіп орындарына 8 баспасөз-турлары ұйымдастырылды

10

Елбасы Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы, сондай-ақ еңбек және әлеуметтік қақтығыстарын жариялау бойынша жергілікті БАҚ өкілдерімен, редакторларымен кездесулер, семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстарын ұйымдастыру және өткізу

бір.

0,5

0,5

2012 жылы еңбек және әлеуметтік қақтығыстарды салиқалы жариялау мәселелері бойынша аймақтық БАҚ редакторларымен кеңес өткізілді, «СМИ и трудовые конфликты», «Кеңесіп пішкен тон келте болмас», «Социально-экономическая поддержка рабочих на крупных предприятиях и разрешение трудовых споров и конфликтов», «Кәсіподақ – еңбеккердің қорғаны болуы шарт» атты «дөңгелек үстел» отырыстары ұйымдастырылды.

11

Әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді, салалық және мемлекеттік бағдарламалардың, Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары міндеттерінің орындалу барысын жариялау бойынша интернет-конференцияларды ұйымдастыру және өткізу

бір.

-

-

2012 жылдың 19-21 қаңтар аралығында облыста Елбасы Жолдауының міндеттерін іске асыру мәселелері бойынша облыс әкімінің интернет-конференциясы ұйымдастырылды. Конференция барысында облыс әкіміне 14 сұрақ келіп түсті.

12

Мемлекеттің даму Стратегиясының басымдықтарын, конфессияаралық пен этносаралық төзімділік идеяларын ілгерлетуге және насихаттауға бағытталған ең таңдаулы мақалаларға байқау ұйымдастыру


бір.

2,0

2,0

2012 жылы этносаралық бейбітшілік пен келісімді, Мемлекеттің даму стратегиясының басымдықтарын ілгерлету және насихаттау бойынша мақалаларды ең үздік жариялаған жергілікті БАҚ журналистер арасында байқау өткізілді. Байқау нәтижесінде 7 номинация бойынша 19 жеңімпаз анықталды. Жеңімпаздар жалпы сомасы 2,0 млн. теңгені құраған бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

13

Аймақ тұрғындарын сандық хабартаратумен қамту

бір.

42,736

42,736

Сандық хабартаратумен аймақ 100% қамтылды. Осы мақсатқа 42,736 млн теңге қаражат бөлінді.


14

Этносаралық және конфессияаралық келісімді, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға және өзекті әлеуметтік мәселелерге бағытталған әлеуметтік бейнероликтердің әзірлеуін ұйымдастыру


бір.

1,220

1,220

2012 жылы облыстық телеарнасында этносаралық және конфессияаралық келісімді қалыптастыруға бағытталған «Дінде экстремизм жоқ» - «В религии нет экстремизма», «Толеранттылық. Қазақстандық модель» әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. Оларды іске асыруға 1,220 млн. теңге

қаражат бөлініп, игерілді.



15

Төзімділік идеяларын насихаттау және діни экстремизмнің алдын алу бойынша интернет-сайтты ашу және оның жұмысын ұйымдастыру

бір.

1,0

1,0

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде www.sektamnet.kz., www.tarazdini.kz интернет-сайттары іске қосылды. Сайттарда діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша 26 мақала, 21 бейнеролик, 5 кітап, 11 фотосуреттер жарияланды. Сонымен қатар, жаңалықтар топтамасы, «сұрақ-жауап» айдары және т.б. жұмыс істеуде.


16

Дәстүрлі емес діндердің ықпалына қарсы әрекет жасау бойынша орталықтардың қызметін ұйымдастыру


бір.

2,3

2,3

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Дәстүрлі емес діндердің ықпалына қарсы әрекет жасау бойынша орталықтардың қызметі іске қосылды. Есепті жылы Орталық негізінде 10 семинар, 15 кездесу өткізілді, 11 адамға кеңес берілді, «сенім телефоны бойынша» 43 адамға жауап қайырылды. Нәтижесінде 8 адам радикалдық діни ағымдардың мүшесі болуынан бас тартты.


17

Жастар саясаты саласындағы аймақтық бағдарламаны іске асыру

бір.

50,641

50,641

2012 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 50,641 млн.теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде 32,1 млн. теңгесі жастар ұйымдарының әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыруға қарастырылған.



3. Ведомствоаралық әрекеттестіктің талдауы



Атауы

Өзара әрекеттестіктің талдауы

1

2

Қол жеткізу мүмкін емес көрсеткіштердің болмауы


4. Сыртқы әсерді талдау


Сыртқы әсердің факторлары және көрсеткіштерге қол жеткізуге тигізетін ықпалы

Қабылданған шаралар

1

2

Көрсеткіштерге қол жеткізуге тигізетін сыртқы әсердің факторлары анықталмады





5. Қаражатты игеру


Қаражат көзі

Жоспар,

мың. теңге



Факт, мың. тенге

Қаражаттың игерілмеу себептері

1

2

3

4

Қаражат көзі 1

503,832

503,832




Жергілікті бюджет






















Барлығы

503,832

503,832





6. Талдамалы жазба.

Аумақты дамыту бағдарламасының 2012 жылы бойынша орындалу барысында:

- мақсатты индикатор мен тікелей нәтижелерінің көрсеткіштеріне толық жеткені,

- іс-шаралардың толық орындалғаны,



- 100% қаражат игерілгені анықталды.


Облыс әкімдігі

ішкі саясат басқармасының бастығы Р. Тұрмаханбетова











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет