Тақырып:Митоз,мейоз Орындаған:Рахмет Даимр Топ:Агр-22/1 Митоз-(Ежелгі грек тілі μίτος«жіп») — дене (соматикалық) жасушалардың бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің бір түрі, ол ДНК ақпаратын толық қатесіз көшіреді, жаңа жасуша тудырады. Митозтоздық бөлінуі кезінде бір диплойдты жасушадан (2н) генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплойдті жасуша түзілген. Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңі — интерфаза кезеңінде, сонымен қатар митоз барысында бірінен соң бірі жүретін және өзара байланысты процестер жиынтығын митоздық цикл деп атайды, ол тіршілік циклінің бір бөлігін құрайды. Митоз 4 фазадан тұрады. Митоз көп жасушалы ағзалар жасуларының көбеюінің негізгі жолы болып табылады.
Интерфаза – жасушаның екіге бөлінуі аралығындағы дайындық кезеңі. Бұл кезеңде боялып бекітілген ядроның боялған жіңішке жіпшелерден тұратын торлы құрылымын байқауға болады.Интерфаза Г1,С,Г2 бөлім, кезеңдерінен тұрады.
Г1 — Жасушаның ДНҚ синтезін дайындық кезені. Бұл кезеңде жасушадан РНҚ мен Нәруыздардың синтезі жедел түрде жүріп, ДНҚ биосинтезіне қатысушы ферменттердің белсенділігі жоғарлайды.Г1 аяқталған соң, жасушада ДНҚ синтезі жүреді.
С — кезеңінде жасушадағы генетикалық кодты сақтайтын ДНҚ репликациясы болады яғни ДНҚ екі еселенеді.
Г2 — кезеңінде жасушадағы органойдтар екі еселенеді. Сонымен интерфаза кезеңінде жасуша митозға толығымен дайындалады.
Г1 — Жасушаның ДНҚ синтезін дайындық кезені. Бұл кезеңде жасушадан РНҚ мен Нәруыздардың синтезі жедел түрде жүріп, ДНҚ биосинтезіне қатысушы ферменттердің белсенділігі жоғарлайды.Г1 аяқталған соң, жасушада ДНҚ синтезі жүреді.
С — кезеңінде жасушадағы генетикалық кодты сақтайтын ДНҚ репликациясы болады яғни ДНҚ екі еселенеді.
Г2 — кезеңінде жасушадағы органойдтар екі еселенеді. Сонымен интерфаза кезеңінде жасуша митозға толығымен дайындалады.
Митоз немесе кариокинез процесі кезекпен келіп отыратын 4 фазадан тұрады, олар: профаза, метафаза, анафаза, телофаза. Профаза – ядроның бөлінуге дайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып бұратылуының салдарынан хромосомалар қысқарып, жуандайды. Профаза кезінде хромосомалар кариолимфада кездейсоқ жерлерде орналасады, осы кезеңде ядрошықтар бұзылады. Ал профазаның аяқ кезінде ядро қабығы бұзылады да хромосомалар цитоплазма мен кариоплазманың сұйық заттарының қосындысы – миксоплазманың ортасында қалады
Ядро көлемі үлкейіп, хромосома ширатыла бастайды, екі центриоль жасуша орталығыжасушаның полюстеріне ажырайды. Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро қабықшасы ыдырайды. Жасуша орталығының центриольдері жасуша полюстеріне тартылып, олардың арасындағы микротүтікшелер бөліну ұршығын түзеді. Профаза соңында ядро қабықшасы жеке фрагменттерге бөлініп, олардың шеткі ұштары қабысады. Нәтижесінде, эндоплазмалық торға ұқсас ұсақ көпіршіктер түзіледі. Бұл кезеңде хромосома ширатылуы тоқтамайды. Соңында қысқа әрі қалың хромосомаға айналады. Ядро қабықшасы жойылғаннан кейін, хромосомалар цитоплазмада еркін әрі ретсіз орналасады. Бұл - метафазаның басталғанын білдіреді.