Тақырып рr – қоғаммен байланыс ұғымы



бет1/2
Дата17.01.2022
өлшемі31.95 Kb.
#454609
  1   2
Дәріс 1


Тақырып 1. РR – қоғаммен байланыс ұғымы

  1. Қазақстанда РR-дың кəсіби қызмет саласы ретінде пайда болуына әсер етуші факторлар.

  2. РR – қоғаммен байланыс ұғымының анықтамалары.

  3. Қазіргі қоғамдағы қоғаммен байланыс рөлі.

  4. РR – қоғаммен байланыс ауқымында өзіндік коммуникативтік-технологиялық ерекшеліктері.

  5. Қазіргі таңдағы қоғаммен байланыс ауқымындағы негізгі қызмет түрлері.

1. Қазақстанда РR-дың кəсіби қызмет саласы ретінде пайда болуына әсер етуші факторлар.

Тарих қойнауына енген жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжылдығы қуатты ақпараттық тасқынмен сипатталады. Көпшілік тұтынатын хабар-ошарды таратудың жаңа тұрпатты арналары – ғаламтор, спутниктік жəне кабельді теледидар, электронды газет- тер, алуан сипатты радиостанциялар өмірге келді, бұлар жеткізетін жаңалық легі күн санап өсе түсуде. Ақпарат экономика саласы- на, индустрия түріне айналды. Оқиғаның жаңалыққа, ақпаратқа айналу үдерісіне коммуникацияның РR – қоғаммен байланыс (ағылшынша «public relations», қысқаша РR деп оқылады) жəне бұқаралық ақпарат құралдары тікелей атсалысады. Қоғамдық институттардың – үкіметтік мекемелердің, қоғамдық жəне коммерциялық ұйымдардың тұрғындармен, сайлаушылармен, тұтынушылармен өзара қарым-қатынасы осы РR, яғни қоғаммен байланыс арқылы жүзеге асса, бұқаралық ақпарат құралдары (қысқаша – БАҚ) – телерадио, газет-журнал, кітап өнімдері екі ортаға дəнекер болады. Бұл түсініктер ауқымына жұртшылық байланыстарын басқару формалары жəне осы байланыстарды ұйымдастырып, бағыттап отыратын құрылымдар ұғымы кіреді.

Біздің елімізде РR-дың кəсіби қызмет саласы ретінде пайда болуына əлеуметтік қатынастардың дамуы, азаматтық қоғам институттарының, нарықтық экономика тетіктерінің өмірге келуі түрткі болды. Осы арқылы экономикалық жəне саяси са- лаларда бой көрсеткен мүдделерді ескеріп отыру мүмкіндігі ту- ындады. Қоғаммен байланыс демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі болып табылады. Тоталитарлық елдерде, атап айтқанда, бұрынғы Кеңестер Одағында ақпарат тарату қатаң бақылауда болып, қоғамдық пікір елеп-ескерілмегендіктен, РR- ға да қоғамдық қажеттілік болған жоқ. Тəуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде, соның ішінде біздің Қазақстанда қоғаммен байланыстың əлеуметтік институт ретінде орнығуы империя ыды- рап, «темір қорған» құлаған кезеңнен бастау алады.

Осы кезеңде билік пен азаматтық қоғам арасында өзара тиімді сұхбат орнатуға мүмкіндік беретін саяси технологияларға қажетті- лік пайда болды. Қоғаммен байланыстың алғашқы қарлығашы- республика Президентінің баспасөз қызметі 1990 жылы құрылды. Кейіннен Үкіметтің, министрліктер мен ведомстволардың, ірі банктер мен компаниялардың, облыстық əкімдіктердің баспасөз қызметтері жолға қойылды. Бүгінгі таңда барлық дерлік мекемелер мен ұйымдардың қоғаммен байланыс құрылымдары жасақталған, шағын ұжымдардың өзінде осы атқарымдарды жүзеге асыратын мамандар бар.

Əлеуметтік бағыттылық, ақпараттың толымдылығы мен қолжетімділігі сияқты қағидаттарды ұстануына орай PR қоғамдағы шынайылық пен ашықтыққа жол ашады. Алайда, көптеген сай- лау науқандарында жоcықсыз саяси технологиялардың жиі қолданылуына, сондай-ақ БАҚ беттерінде «қара пиар», «лас тех- нологиялар», т.б. сияқты теңеулердің орын алуына байланысты қоғаммен байланыс саласының кəсіби мамандары қазіргі кезде қоғамда орнығып қалған PR жөніндегі жағымсыз көзқарастарға тойтарыс беруге мəжбүр.


2. РR – қоғаммен байланыс ұғымының анықтамалары.

Осыған орай қоғаммен байланыс ұғымының анықтамаларына тоқтала кету қажет. Америкалық əйгілі PR зерттеуші Сэм Блэк:

«Рublic relations – шындық пен толық хабардарлыққа негізделген өзара түсіністік арқылы үйлесімділікке жету өнері мен ғылымы бо- лып табылады», деп тұжырым береді. Бүгінде анықтамалар саны 500-ден асып кетті: қоғаммен байланыс жөніндегі кітап жазған авторлардың қай-қайсысы да өз ұғым-түсініктерін алға тартады. Солардың кейбіреулеріне ғана тоқталып өтелік.

Сонымен, қоғаммен байланыс дегеніміз –



  • қоғамдық байланыстарды дамыту;

  • жанама жарнама;

  • қоғамдық пікірді басқару жөніндегі ғылым;

  • жарнаманың жасырын түрі;

  • мəртебелік немесе фирмалық жарнама;

  • қазіргі заманғы тенденцияларды ой елегінен өткізіп оты- ратын;

  • менеджерлерге кеңес беріп, тапсырысшы-ұйымдар ғана емес, сондай-ақ олардың аудиториялары да мүдделілік танытатын науқандар өткізетін өнер əрі əлеуметтік ғылым;

  • абырой-бедел менеджменті;

  • абырой-бедел жасаушы;

  • ұйым жəне оның аудиториясы арасында өзара тиімді қарым- қатынастарды орнатып, қолдап отыру жөніндегі алдын ала ойлас- тырылып, ұдайы назарда болатын қызмет түрі;

  • ұйым мен көпшілік арасында өзара тиімді қарым-қатынас ор- натып, қолдап отыратын менеджмент функциясы;

  • ұйым мен оның жұртшылығы арасында өзара түсіністікке қол жеткізуге бағытталған коммуникация түрі;

  • ұйым мен оның жұртшылығы арасында коммуникациялық байланыс орнату жөніндегі менеджементтің дербес функциясы.

Қазіргі таңда қазақ тіліндегі ғылыми əдебиетте PR ұғымы «қоғаммен байланыс» жəне «жұртшылықпен байланыс» деген терминдер арқылы беріліп жүр, бұл орайда «қоғаммен байла- ныс» термині білім беру саласында қолданылып жүрсе де, мағына тұрғысынан түпнұсқаға неғұрлым жақыны «жұртшылықпен бай- ланыс» екендігін атап өтеміз.

«Коммуникация» ұғымы (латынның «communicare» – бай- ланыстыру, біріктіру деген сөзінен) ақпаратты алу, өңдеу, жет- кізу жəне сақтау процестерінің жиынтығы болып табылады. Бұл процестерді жекебастық-тұрмыстық деңгейден ғаламдық- əлеуметтік деңгейге дейінгі ауқымда қарастыруға болады.

Ресейдің қоғаммен байланыс саласындағы ғылыми мектебінің негізін қалаушылардың бірі – М.А. Шишкина қоғаммен байланыс «əлеуметтік субъектінің өз жұртшылығымен тиімді коммуникация жүйесін қалыптастыруға бағытталған» деп есептейді. Белгілі ба- тыс ғалымдары С.М. Катлип, А.Х. Сентер, Г.М. Брум: «Паблик ри- лейшнз дегеніміз ұйым мен жұртшылық арасындағы өзара тиімді байланыстарды орнатуға немесе қолдап отыруға жəрдемдесетін басқару функциясы, ұйымның табысқа жетуі немесе сəтсіздікке ұшырауы көбіне осы функцияның дұрыс яки бұрыс атқарылуына байланысты болады» – деген анықтама ұсынады.

Украиндық РR теоретигі В.Г. Королько: «Басқару ретінде ақпараттық сылтау-себеп пен ақпарат туындату процесін, сондай- ақ қолайлы қоғамдық пікірді мақсатты түрде қалыптастыру үшін коммуникация құралдары арқылы дайын ақпараттық өнімді та- ратуды түсінетін болсақ, паблик рилейшнз дегеніміз – ақпаратты (соның ішінде əлеуметтік ақпаратты) басқарудың арнайы жүйесі болып табылады» – деп жазады.



Ресейлік ғалымдар А.Н. Чумиков пен М.П. Бочаров «PR – белгілі бір жоба ішіндегі, сондай-ақ жобаға қатысушылар мен олардың төңірегіндегілер арасындағы өзара қарым-қатынастарды осы жо- баны жемісті жүзеге асыру мақсатымен үйлестіруге бағытталған ақпараттық-талдамалдық жəне процедуралық-технологиялық іс- əрекеттер жүйесі», – деп есептейді.

Бұл анықтамалардан «РR-ды жетік білмейінше, қоғаммен тиімді қарым-қатынасты жолға қою мүмкін емес» деген ой туын- дайды.




  1. Қазіргі қоғамдағы қоғаммен байланыс рөлі.

Қазіргі таңда елімізде қоғаммен байланыс теориясы мен практи- касы əлеуметтік-экономикалық проблемаларды ұғынықты талдап- түсіндіруге, басқару субъектісі (мемлекеттік жəне қоғамдық орган- дар) жөнінде жағымды пікір қалыптастыруға, қолайлы əлеуметтік көңіл-күй ахуалын орнатуға бағыт алып отыр. Түптеп келген- де мұндай мақсатты бағытталған іс-əрекет əлеуметтік жүйедегі тұрақты құндылық бағдарды қалыптастырып, адамдарды саналы қызметке итермелейді. Сөйтіп, басқару субъектісі мен жұртшылық топтары арасындағы көптеген кедергілер жойылып, халықтың елеулі бөлігі əлеуметтік процестерге, мемлекеттік шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыруға атсалыса бастайды.
4. РR – қоғаммен байланыс ауқымында өзіндік коммуникативтік-технологиялық ерекшеліктері.

РR – қоғаммен байланыс ауқымында өзіндік коммуникативтік-технологиялық ерекшеліктерге ие: басқару органдары мен басшылардың жағымды образдарын жасау, əлеуметтік топтармен қарым-қатынастар орнату, кадрлармен жұмыс істеу, тұсаукесер шараларын өткізу, дағдарысты ахуалдарды икемге келтіру жəне басқалар сияқты бағыттарды атап өтуге болады. Бұл бағыттардың қай-қайсысының да өзіндік басқару жүйесі бар. Алайда, қоғаммен байланыс бағыттарының əрқилылығына, коммуникативтік ерек- шеліктеріне қарамастан олар белгілі бір жүйенің құрамдас бөліктері болып табылады.


5. Қазіргі таңдағы қоғаммен байланыс ауқымындағы негізгі қызмет түрлері.

Қоғаммен байланыстың бүгінде имиджмейкинг, РR-брендинг, медиа-рилейшнз, кикілжіңдерді реттеу, лоббилік қызмет, кеңесшілік сияқты түрлері қалыптасып қалды. Бұлардың мынадай қысқаша сипаттамалары бар:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет