Телекоммуникация құрылғылары ақпараттық-транспорттық орта сияқты өзара байланысқан байланыс желісі болып табылады



бет1/4
Дата30.05.2022
өлшемі192 Kb.
#458810
  1   2   3   4
ККА-2


Қазіргі кездегі телекоммуникациялық жүйелер мен желілер әртүрлі техникалық құралдардың күрделі кешені болып табылады. Олар берілген сапа параметрлерінің, қандай да болсын қашықтыққа түрлі хабар таратуды қамтамасыз етеді. Телекоммуникациялық жүйенің негізін күре жолдар мен типті арналарды реттеуге арналған радиолиния, талшықты-оптикалық, электрлік кабель бойынша көп арналы тарату жүйелері құрайды. Тарату жүйесінің негізінде мемлекеттік телекоммуникация желісі тұрғызылады.
Адамдар арасында пайдаланатын телекоммуникация құрылғылары өмір жағдайларының өзгеруіне, мәдениет пен техника дамуына байланысты үздіксіз жетілдіріледі. Бүгінгі байланыс құрылғылары өндіріс процесінің және адамзат өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі байланыс жүйелері ақпарат таралуының тек сенімділігі мен тез арада өңделуіне кепілдеме ғана бермей, сонымен қатар осы шарттардың үнемді әдіспен орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Телекоммуникация құрылғылары ақпараттық-транспорттық орта сияқты өзара байланысқан байланыс желісі болып табылады.
Интеграциялық қызметті байланыстың цифрлық желісі телефондық емес хабар мен тарату бойынша абонентке кең спектр қызметін ұсынуға арналған, соңғы құрылғылар (терминалдар) арасындағы толық цифрлық біріктіруді қамтамасыз етеді.
Интеллектуалды желі, берілген орынның берілген уақытындағы абоненттен алынған кең қызметті көрсетеді, мысалы, шақырылатын абонент есебінен төлемді телефондық байланыс, несие картасы бойынша шақыру, қысқартылған номерді алу бойынша қарым-қатынасты орнату.
Абонентке ұсынылатын қозғалыста болатын байланыстың ұялы мобилді желісі кез-келген жерде байланыс қызметін алуға мүмкіндік береді.
Телекоммуникациялық цифрлық желілердің қазіргі кезде үш түрі бар. Олар: плезиохронды иерархия, яғни жартылай цифрлық желілердің түрі, синхронды цифрлық иерархия – бұл толық цифрлық желінде сигналдардың екі жақты бірдей таратылуы, ал асинхронды цифрлық желілердегі сигналдар жеке біржақты таратылады,
Синхронды цифрлық желілерді транспорттық желі ретінде, локалды желілер мен ақпаратты таратуды құрайтын құрылғы ретінде қолдануға болады. Синхронды цифрлық желілердің дамуы асинхронды транспортты технололгияның дамуымен қатар жүреді, өйткені локалды компьютерлік желілер мен глобалды транспортты желілер арасындағы байланыстырушы звено болып табылады. 
Асинхронды режим тасымалдау технологиясының көмегімен ақпаратты тасымалдау негізінде жоғарғы жылдамдықты желілер құрылады.
Бұл оқу құралында телекоммуникация цифрлық тарату жүйелерінің басты қағидалары мен технологиялары көрсетілген: байланыс арналарының ерекшеліктері, деректемелер ағынын мультиплексерлеу, телекоммуникациялық цифрлық сигналдардың жалпы құрылымы, импульсттік-кодтық модуляция, жылдамдықтар иерархиясы, цифрлық сигналдарды кодалау және олардың өндірісте қолданылуы.
1 Телекоммуникациялық цифрлық сигналдар ерекшеліктері
Адамзат дамуы, өркендеуі қарым-қатынас құралының үздіксіз және динамикалық өсуі, олар: іс-қимылдар, тасқа салынған суреттер, дыбыстар және жарықтан бастап, әртүрлі ақпаратты сақтау мен бөлу, өңдеу, қабылдау, таратуды қамтамасыздандырудағы, ғаламдық телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің пайда болуына дейін болған. Ақпараттар сөзінің астарында, заттар, фактілер мен түсініктемелер, процестер, құбылыстар мен оқиғалар туралы мәліметтер жиынтығын түсінуге болады.
Телекоммуникациялық жүйелер - техникалық құрылғылар кешені, ол нақты электрлік байланыс түрін қамтамасыз етеді.
Келтірілген анықтамаларда "байланыс" және "электробайланыс" деген кілттік сөздер бар. Осыларға анықтама берсек.
Байланыс – келісілген ережелерге сәйкес реттелетін құрылғылар көмегімен, ақпараттардың алмасуы.
Электробайланыс бойынша халықаралық конвенция "электробайланысқа" мынандай анықтама берді: тарату мен сигналдарды, белгілерді, жазбаша мәтіндерді, бейнелеу мен сым бойынша кез-келген хабар, радио және электромагнитті жүйені қабылдау.
Электробайланыс - бұл таралу ортасы немесе оптикалық, радио, сым бойынша электробайланыс сигналдарының көмегімен хабарды тарату мен қабылдау.
Хабар таратудың ақпарат көзінен тұтынушыға дейінгі ақпарат көрсету формасы.
Телекоммуникациялық жүйелер ортасына байланысты хабар - бұл электробайланыс құралдарының көмегімен элекромагитті сигналдар берілетін ақпарат. Хабар мысалдары: телеграмма мәтіні, әуен, сөз, факс, телевизиялық бейнелеу телебақылау және т.б.
Сигнал - берілетін хабарды бейнелейтін, физикалық процесс немесе материал тасымалдаушы.
Сигнал классификациясы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ негізгі қызығушылықты электрлік сигналдар көрсетеді, бұлар электробайланыс сигналдары деп аталады және электрлік ток немесе керенуді көрсетеді. Электрлік сигналадарға: телефондық, телеграфтық, факсимильді сигналдар, мәліметтерді тарату сигналдары, теледидар және дыбыстық хабар тарату сигналдары жатады.
Телекоммуникациялық жүйелер түсінігімен телекоммуникациялық желілер түсініктемесі тығыз байланысты, бұл оларды байланыстыратын линиялар (арналар, күре жолдар) мен түйіндер, пункттер жиынтығын көрсетеді.
Телекоммуникациялық жүйелер мен телекоммуникациялық желілер, бір-бірімен өзара әсерлесе отырып, электробайланыс жүйесін құрайды.
Электробайланыс жүйесі - электробайланыстың нақты түрін қамтамасыз ететін, техникалық құралдар кешені. Электробайланыс жүйесінің классификациясы әртүрлі, бірақ ол көбінесе электрлік сигналдардың таралу ортасы мен ақпараттың таралу әдісі және хабар тарату түрлерімен анықталады.
Телекоммуникациялық жүйелер мен желілер техникалық құралдар жиынтығын көрсетеді . Келесі іс-қимылдар іске асады:
- хабар көзінен электробайланыс сигналына келіп түсетін, хабар түрленуі;
- хабарды тарату мен алуға ыңғайлы формада электробайланыс сигналын түрлендіру.
Байланыс түйіндерінде немесе, соңғы пункттерде орнатылған коммутация станциялары мен тарату арналарының электробайланыс сигналдарының жанасуы.
Телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің өзара әсерлесуінің жалпылама құрылымдық сұлбасы 1- суретте келтірілген.

1-сурет. Телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің өзара әсерлесуі
Хабар тарату- хабарды электрлік сигналға түрлендіруші, бұл біріншілік электрлік сигнал деп аталады.
Коммутация станциясы, әртүрлі байланысты орнатуды қамтамасыз ететін, басқарушы аппаратура жиынтығын көрсетеді.
Кұрылғы жанасуы, біріншілік сигналдарды линиялық электрлік сигналдарға айналдыруды іске асырады.
 
2 Телекоммуникациялық цифрлық сигналдардың бөліну қағидалары
Арналары уақытпен бөлінген тарату жүйелеріндегі әрбір арнадағы сигнал бастапқы сигналмен модуляцияланған периодты импульстер тізбегін көрсетеді. Импульстік тізбектердің 1- суретте көрсетілгендей келесідей параметрлері бар: 

2 – сурет. Импульсті тізбектердің параметрлері
Сигналдардың дискретизациялық периоды циклдың периодына тең  Тдu, әрбір импульстің ұзақтығы tu, tu≤Тд/М көп болмауы керек. Мұндағы М–кванттаудың максимал деңгейі. Бұл жүйелерде топтық кодтаумен қатар амплитудалы-импульсті модуляцияланған күре жолдың өте күшті сипаттамасы сақталады.
Импульстік модуляция импульстік тізбектің параметрлерінің модуляциялануына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- амплитудалы импульсті модуляция;
- енді импульсті модуляция;
- жиілікті импульсті модуляция;
- фазалы импульсті модуляция;
- периодты импульсті модуляция.
Амплитудалы импульсті модуляциянің бірінші түрі кезінде (АИМ-I) импульс амплитудасының лездік мәні кіріс сигналдың өзгеруімен сәйкес өзгеріп отырады.
Амплитудалы импульсті модуляциянің екінші түрі кезінде (АИМ-II) импульс амплитудасы тактілік мезет кезінде кіріс сигналдың мәнімен анықталады және импульс тарату уақытында тұрақты болып Аралықтың үлкен мәнінде АИМ-I мен АИМ-II түрлерінің айырмашылығы көп болмайды.
Ендік-импульсті модуляция, фазалы-импульсті модуляция, периодты-импульсті модуляция, жиілікті-импульсті модуляция кезінде импульс амплитудасы модуляция процесі кезінде тұрақты болып қалады да, импульс тізбегінің уақыттық параметрлерінің тек біреуі ғана өзгереді. Ендік-импульсті модуляция кезінде хабар заңы бойынша импульс ұзақтығы өзгереді.
Ендік-импульсті модуляцияның екі түрі бар: біржақты және екіжақты. Біржақты ендік-импульсті модуляция кезінде импульстер фронтының біреуі модуляцияланады, ал екіжақты ендік-импульсті модуляция кезінде – импульс центріне қатысты екі фронтта симмметриялы ығысады.
Фазалы-импульсті модуляция кезінде импульстер формасы модуляция процесі кезінде өзгеріссіз қалады, ал тактілік интервал шегіндегі импульс модуляциялайтын сигналдың лездік мәніне пропорционал өзгереді. Жиілікті-импульсті модуляция мен периодты-импульсті модуляция сипаттамалары: кіріс сигналдың лездік мәнінен жиілікті-импульсті модуляция кезіндегі ілесу импульстері жиілігінің, ал периодты-импульсті модуляция кезіндегі оның периодының өзгерісімен сипатталады. Фазалы-импульсті модуляция спектрі бастапқы сигналдың жиілігімен тұрақты құраушыны құрайды. 
Фазалы-импульсті модуляция сигналды қалпына келтіру үшін кері сипаттамасы бар 1/wc звеноны пайдалану керек. Осы себептен төменгі жиілік сүзгісі көмегімен фазалы-импульсті модуляция сигналдың демодуляциясы қолданылмайды, тек фазалы-импульсті модуляцияны импульсті модуляцияның басқа түрлеріне (амплитудалы- немесе ендік- импульстік модуляция) түрлендіретін аралас әдіс пайдаланылады да, қалпына келтіру үшін төменгі жиілік сүзгісін қолданады
Ендік-импульсті модуляция, жиілікті-импульсті модуляция, фазалы-импульсті модуляция, периодты-импульсті модуляция кезінде сигналдар амплитудасы тұрақты және модуляция процесі кезінде өзгермейді Сондықтан олардың флуктуациясы бөгеуілдердің әсерінен қабылдау пунктінде тарату кезінде алынып тасталынуы мүмкін, дәлірек амплитудалық шектеу жолымен алынады. Берілетін тізбектегі уақыттық қатынас бұрмалануларын алып тастау мүмкін емес, себебі импульсті сигналдардың уақытттық параметрлері ақпараттық болып табылады, яғни хабар туралы ақпаратты тасиды, ал ендік-импульсті модуляция, жиілікті-импульсті модуляция, фазалы-импульсті модуляция, периодты-импульсті модуляция тарату кезіндегі бөгеуілдер жинақталады.
2.1 Ендік-импульстік модуляция
Ендік-импульсті модуляция кезінде импульс амплитудасы тұрақты болып қалады да, ал импульс ұзақтығы модуляциялайтын тербеліс заңымен өзгереді. Ендік-импульсті модуляцияның бірінші (ЕИМ-I) және екінші (ЕИМ-II) түрі бар. ЕИМ-I түрі кезінде импульстер ұзақтығы фронттың пайда болуы және импульстің қиылу мезеттеріндегі модуляциялау функциясы мәнімен анықталады, ал ЕИМ-II кезінде өзгеріс тактілік нүктелерде байқалады. Егер импульс ұзақтығы дискретизация периодынан біршама аз τи<<Тд ,онда (ЕИМ-I) мен (ЕИМ-II) арасындағы айырмашылық елеусіз. Тәжірибеде көбінесе импульс ұзақтығы сигналмен модуляция кезінде 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет