К І Р І С П Е
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы қоғамдық өндірістің табиғи ортамен үйлесімділігін қалайды. Өндіргіш күштер, жалпы қоғам табиғи ортада және табиғат ресурстарын пайдаланып дамиды. Табиғи ортаның тазалығы қоғамның дамуының басты шарты. А талған үйлесімділікке табиғат қорғау мен пайдалануды ғылыми негізде басқару арқылы қол жеткізуге болады.
Экономикалық мамандықтарына дайындалатын студенттерге арналған «Табиғат пайдалану экономикасы» пәнінің басты мақсаты табиғат пайдаланудың тиімді жолдарын таңдау үшін табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау, табиғат ресурстарын бағалау, табиғат пайдалану тиімдерін, шығындарын, табиғатқа келтірілетін зияндарды есептеу тәсілдерін үйрету, сондай-ақ табиғат қорғау мен пайдаланудың экономикалық әдістерімен таныстыру. Мұнда мынадай мәселелерге баса назар аударылады.
-
аталған мәселелерді кешенді зерттеу және олардың танымдық негіздерін айқындау;
-
табиғат кешендерінің өзара байланысын, қоғамдық өндіріске қатынасын анықтау;
-
қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін табиғат пайдаланудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік салдарын және нәтижелерін ескере отрырып, табиғатты тиімді пайдалану мен қорғау мәселелерін шешуге студенттерді үйрету.
Пәнді оқытудың әдістемелік негізі ғылыми, іс-тәжірибелік тұрғыдан экологиялық және экономикалық білімдердің біртұтастығы, бір-бірімен тығыз байналыстылығы.
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
Тақырып атауы
|
Барлығы
|
Лекция
|
Семинар
|
Студенттердің өз бетімен жұмыстары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1. Табиғат пайдалану экономикасына кіріспе
|
2
|
2
|
-
|
-
|
2. Табиғат қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану экономикасы
|
2
|
2
|
-
|
-
|
3. Табиғи ортаның сапасын және табиғат ресурстарын экономикалық бағалау теориясы
|
2
|
2
|
-
|
-
|
4. Қалпына келмейтін табиғат ресурстарын қорғау, тиімді пайдалану және экономикалық бағалау
|
8
|
4
|
2
|
2
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
5. Жер ресурсын қорғау және тиімді пайдалану экономикалық мәселелері
|
10
|
4
|
4
|
2
|
6. Су ресурсын қорғау және тиімді пайдалану
|
8
|
4
|
4
|
-
|
7. Биологиялық ресурстар, оларды қорғау және тиімді пайдалану экономикасы
|
8
|
2
|
2
|
4
|
8. Әуе кеңістігін қорғаудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері
|
10
|
4
|
4
|
2
|
9. Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану және кешенді бағалау
|
6
|
2
|
-
|
4
|
10. Табиғат пайдаланудағы ҒТЖ өндірістікті шаруашылық әрекеттерді экологиялау
|
4
|
2
|
-
|
2
|
11. Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері
|
4
|
2
|
2
|
-
|
12. Табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру
|
.
4
|
2
|
-
|
2
|
13. Табиғат пайдалануды басқару. Тұрақты экономикалық даму
|
2
|
2
|
-
|
-
|
14. Табиғат қорғаудың глобалды және халықаралық мәселелері
|
2
|
2
|
-
|
-
|
|
72
|
36
|
18
|
18
|
III. КУРСТЫҚ БАҒДАР ЛАМАСЫ
1 ТАҚЫРЫП. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНА КІРІСПЕ
Табиғи орта, табиғат ресурстары және оларды қорғау, тиімді пайдалану ұғымдары. Қоғамның дамуындағы табиғат ресурстарының ролі. Табиғат ресурстарын сұрыптау. Табиғат пайдалану принциптері мен міндеттері. Табиғат пайдаланудағы әлеуметтік экономикалық қатынастар. Табиғат пайдалану экономикасының қоғамдық, техникалық, жаратылыстану ғылымдарымен байланысы. Экологиялық, әлеуметтік, экономикалық процестерді тарихи, диалектика әдістеріменбіртұтас және қарым-қатынаста зерттеу және қолданылатын ғылыми әдістер. Табиғат пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері. Табиғат заңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын үйлестіру. Қолданылатын негізгі ұғымдар, категориялар мен экономикалық көрсеткіштер және оларды анықтау әдістері.
Лекция жоспары /2 сағ./
-
Табиғи орта және табиғат ресурстары, оларды сұрыптау.
-
Табиғи орта, табиғат ресурстары және экономикалық даму.
-
Табиғат пайдалану экономикасының қоғамдық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары мен байланысы.
-
Пәнді оқытудың мақсаты және міндеттері.
-
Табиғат пайдаланудың негізгі принциптері және заңдылықтары.
Әдебиеттер: 1,2,4,8,12,13,17.
2 ТАҚЫРЫП. ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫ
Табиғат ресурстары мен табиғи ортаның сапасы экономикалық дамудың негізі. Экономикалық игіліктер және табиғи орта. Қазақстан экономикасының құрылымы, табиғат ресурстарын пайдалану жағдайы. Табиғат пайдаланушы өндіріс салаларының даму болашағы. Экологиялық шығындар және оларды қысқарту жолдары. Табиғи ортаның ластануынан болатын зияндар. Табиғат қорғау шығындары. Экономикалық оптимум. Өнім өндіру экологиялық шығындар. Табиғи ортаның сыйымдылығы. Ішкі және сыртқы шығындар, нәтижелер, олардың мағынасы және экономикалық ролі. Кәсіпорындардың ішкі және сыртқы экологиялық шығындары, олардың байланысы және қайшылығы, реттеу механизмі.
Қазақстанда табиғат пайдалану құқықтық негіздері және заңдар /кодекстер/
Лекция жоспары /2 сағ./
-
Табиғат ресурстары және табиғи орта- қоғамның тұрақты экономикалық даму негізі.
-
Қазақстанда табиғат пайдалану: міндеттері және болашағы.
-
Табиғат сыйымдылығы, табиғи ортаға келетін зиян және табиғат қорғау шығындары.
-
Табиғат пайдалануды реттеудің құқықтық негіздері.
Семинар жоспары /2 сағ./
-
Мәселелерді және кейстерді талқылау.
Әдебиеттер:12,17.
3 ТАҚЫРЫП.ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ САПАСЫН ЖӘНЕ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ТЕОРИЯСЫ
Табиғат пайдалану және табиғат ресурстарын, табиғи ортаны бағалау қажеттілігі. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау: танымдар және қағидалар. Экономикалық бағалау мәні, мағынасы, атқаратын қызметтері, міндеттері. Экономикалық бағалау көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері. Әртүрлі экономикалық бағалаулардың ерекшеліктері және қолданылуы. Экономикалық бағалау, құн және баға айырмашылықтары.
Табиғи ортаның сыйымдылық потенциалы және оны экономикалық бағалау. Сыйымдылық потенциалын иелену және табиғи ортаға ластанушы заттар шығарылуын реттеу негіздері.
Лекция жоспары /2 сағ./
-
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалаудың мәні, мағынасы және атқаратын қызметі.
-
Экономикалық бағалаулар түрлері.
-
Экономикалық бағалау танымы және қағидалары.
-
Экономикалық бағалау көрсеткіштері, әдістері және ескерілетін факторлар.
Семинар жоспары /2 сағ./
-
Шеткі /жоғарғы/бес, келтірілген шығындарды, рентаны ангықтау әдістері.
-
Мәселелерді және кейстерді талқылау.
Әдебиеттер:6,7,12,15,17.
4 ТАҚЫРЫП. ҚАЛПЫНА КЕЛМЕЙТІН ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ, ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
Мәселенің өзектілігі. Ресурстардың абсолютті және салыстырмалы сарқылуы. Ресурс тапшылығы. Минералдық шикізат қорын, кен орындарын экономикалық бағалау белгісі, принциптері. Экономикалық бағалау тәртібі, қолданылатын әдістер. Бағалау түрлері оларды қолдану бағыттары. Минералдық шикізатты тиімді пайдалану жолдары. Жер қойнауы байлықтарын қорғау. Кен қоры және кондициясы, анықтау көрсеткіштері.
Лекция жоспары /4 сағ./
-
Қазақстанның минералдық шикізат қоры және оны тиімді пайдалану мәселелері.
-
Минералдық шикізат қорын бағалау ерекшеліктері.
-
Бағалау белгісі, әдістері, көрсеткіштері.
-
Кен кондициясын, пайдалану қорын игеру мерзімін анықтау.
Семинар жоспары /4 сағ./
-
Минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау әдістері.
-
Жер қойнауының байлығын қорғау, тиімді пайдалану мәселелерін талқылау.
Әдебиеттер: 2,11,12,15,16,17.
5 ТАҚЫРЫП. ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жер қорын бағалау әдістері. Жердің абсалютті және салыстырмалы құндылығы. Жер пайдалануды жобалау үшін және жерді ауыл шаруашылық айналымнан алғанда экономикалық бағалау. Негізгі бағалау белгілері, көрсеткіштері, оларды анықтау әдістері.
Жерді тиімді пайдалану мәселелері. Жер қорын қорғау, тиімді пайдалану бағыттары. Жердің табиғи және жасанды өнімділігі. Салыстырмалы өнімділік, табыс, пайда, рента және тиімділік көрсеткіштері. Жерді қалпына келтіру құны және экологиялық бағалау. Жер қатынастарын басқару құқықтық негіздері, экономикалық механизм.
Лекция жоспары /4 сағ./
-
Қазақстан ресурстары, оның сипаты.
-
Жер қорын қорғау, тиімді пайдалану мәселелері.
-
Экономикалық бағалау ерекшеліктері.
-
Ауыл шаруашылық жерлерін бағалау әдістері.
-
Баға және жаңғырту құны.
Семинар жоспары / 4 сағ./
-
Жердің өнімділігі, топырақ бонитеті, жер рентасы, экономикалық зиян, рекультивация шығындары.
-
Ауыл шаруашылық жерлерін экономикалық бағалау, тиімді пайдалану бағытын анықтау.
-
Мәселелерді, кейсті талқылау.
Әдебиеттер: 1, 7, 13, 15, 16, 17
6 ТАҚЫРЫП. СУ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ
ПАЙДАЛАНУ
Судың табиғаттығы, адам өміріндегі маңызы. Қазақстан су ресурстары және оларды пайдалану. Су қорғау және тиімді пайдалану шаралары. Су ресурстарын бағалау: белгісі, көрсеткіштері және әдістері.
Су қорын кешенді, үнемді пайдалану экономикалық тиімділігі. Су қорын қорғау, қалпына келтіру, тұтыну шығындарын есепьеу.
Су көздерінің ластануынан болатын және ластануды болдырмау шаралары. Судың ластануынан болатын экономикалық зиянды анықтау және су қорғау шараларының экономикалық тиімділігін есептеу.
Лекция жоспары /4 сағ./
-
Қазақстан су ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері.
-
Су қорын экономикалық бағалаудың ерекшеліктері.
-
Экономикалық бағалау белгісі, көрсеткіштері және әдістері.
Семинар / 4 сағ./
-
Су көздеріндегі шығындарды, сумен қамтамассыз ету шығындарын анықтау.
-
Су рентасын есептеу.
-
Мәселелерді және кейсті талқылау.
Әдебиеттер: 1, 2, 12, 13, 15, 16, 17.
7 ТАҚЫРЫП. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ,
ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан ормандарының халық шаруашылық маңызы және атқаратын қызметтері. Орман қорын қорғау, мрлайту, кешенді пайдалану мәселелері. Орман қорын қорғау мен табиғат қорғау байланысы. Орманның табиғат ортасының сапасына ықпалы. Орманның табмғат қорғау құндылығын бағалау. Орман қорының шаруашылық пайдалану тиімділігін арттыру. Орман қорын экономикалық бағалау ерекшеліктері, бағалау белгісі, көрсеткіштері мен әдістері. Орман қорын жаңғырту құндылығын анықтау. Орман қатынастарының құқықтық негіздері, экономикалық реттеу. Ренталық қатынастар. Орман өсіру, өорғау шығындарының тиімділігін анықтау.
Қазақстан жайылымдарының қоры, оларды қорғау, молайту мәселелері. Дәрілік, техникалық өсімдіктерді қорғау және тиімді пайдалану.
Балық, жабайы аңдар, құстар және т.б. биологиялық ресурстарды қорғау, молайту және пайдалану мәселелері.
Лекция жоспары /2 сағ./
-
Қазақстанның орман ресурстары, оларды қорғау және кешенді пайдалану мәселелері.
-
Орман ресурстарын экономикалық бағалау ерекшеліктері және әдістері.
-
Баға, өсіру құны және экономикалық бағалау.
-
Басқа биологиялық ресурстар, оларды қорғау, молайту және тиімді пайдалану.
Семинар жоспары /2сағ./
-
Орман қорын қорын қорғау, бағалау экономикалық әдістері.
-
Мәселелерді және кейсті талқылау.
Әдебиеттер: 1, 3, 7, 12, 15, 16, 17.
8 ТАҚЫРЫП. ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Атмосфераны ластаушы көздер, ластаушы заттар, олардың табиғи ортаға әсері. Ластаушы заттарды шығарудың, табиғи ортада шоғырлануының жол берілетін шектері туралы ұғым. Атмосфера қорғау шаралары және олардың тиімділігін анықтау. Атмосфераның ластануынан болатын экономикалық зиянды есептеу әдістері. Экономикалық, экологиялық, әлеуметтік зияндарды есептеу, зиянды болдырмау шығындары, зиянның зардаптарын жою, орнын толтыру шығындары. Болдырмаған зиян шамасын есептеу. Әуе кеңістігін қорғаудың халықаралық, әлемдік мәселелері. Ауаның тазалығын арттыру шаралары.
Лекция жоспары /4сағ./:
-
Атмосфераның ластануы және оны қорғау мәселелері.
-
Атмосфераның ластануынан болатын экономиалық зиянды есептеу.
-
Әуе кеңістігінің сапасын бағалау.
-
Атмосфера қорғау шараларының экономикалық тиімділігін арттыру.
Семинар жоспары /4сағ./:
-
Экономикалық зиян шамасын есептеу.
-
Атмосфера қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.
-
Мәселелерді, кейсті талқылау.
Әдебиеттер: 4, 5, 10, 12, 13, 15, 16, 17.
9 ТАҚЫРЫП. ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН КЕШЕНДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану және кешенді қорғау басты бағыттары. Ресурстардың аймақтық территориялық үйлесімділігі. Синергиялық тиім. Табиғат ресурстарын кешенді экономикғалық бағалау және кешенді пайдалану варианттарын таңдау. Табиғат ресурстарын кешенді пайдаланудың табиғи ортаға әсері. Кешенді пайдаланудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтіе тиімділігі. Қазақстандағы территориялық өндіріс кешендері /ТӨҚ/.
Лекция жоспары /2сағ./
-
Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану
-
Кешенді экономикалық бағалау: белгісі, көрсеткіштері, әдістері және ескерілетін тиімдер.
-
Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану тиімділігін анықтау.
Семинар жоспары /2сағ./
-
Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану экономикалық тиімділігін есептеу. Варианттарды таңдау.
-
Мәселелерді талқылау.
Әдебиеттер: 9, 11, 12, 15.
10ТАҚЫРЫП. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҒТЖ. ӨНДІРІСТІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ТӘРЕКЕТТЕРДІ ЭКОЛОГИЯЛАУ
Табиғат қорғау және пайдаланудағы ҒТЖ мағынасы, рөлі. ҒТЖ негізгі бағытттары және соларға сәйкес табиғат қорғауды табиғат ресурстарын кешенді пайдалануды жетілдіру. Қалдықсыз, аз қалдықты технология қолдану. Табиғат ресурстарын өндіру, өндеу, пайдалану бағытындағы ҒТЖ. Сарқылмайтын табиғат ресурстарын молайту. Сарқылатын табиғат ресурстарын үнемдеу. Жаңа шикізат көздерін игеру, оларды өңдеу, қайта өңдеу техгологияларын жетілдіру. Өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайдалану. Зиянды қалдықтарды залалсыздандыру. Энергия ресурстарының балама, экологиялық таза көздерін игеру. Экологиялық таза өнімдер өндіру. Экологиялық тәртіптер, талаптар, нормалар, стандарттар, сертификаттар т.б.
Лекция жоспары /2сағ./
-
Табиғат пайдаланудағы ҒТЖ, оларды жетілдіру өндірісте қолдану мәселелері.
-
Өндірісті экологизациялау: мағынасы, көрсеткіштері, экономикалық тиімділігі.
-
Қалдықсыз, аз қалдықты өндіріс. Қалдықтарды залалсыздандыру, пайдалану мәселелері.
Семинар жоспары /2сағ/
-
Қалдықтарды пайдалану, экологиялық таза өндірістің, өнімдердің тиімділігін анықтау.
-
Мәселелерді, кейсті талқылау.
Әдебиеттер: 3, 5, 9, 12, 15, 16, 17.
11 ТАҚЫРЫП. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ТӨЛЕМДЕРІ
Табиғат пайдалану төлемдері - табиғатты қорғауға, оның ресурстарын тиімді пайдалануға жұмылдырылатын экономикалық механизм. Нарық қатынастары және табиғат ресурстарын ақылы пайдалану. Табиғат пайдалану төлемдерінің түрлері оларды топтастыру және сұрыптау. Төлемдердің таңымдық және құқықтық негіздері. Төлемдерді анықтау принциптері, ставкаларын белгілеу, төлеу тәртіптері.
Жер қойнауының, байлықтарын /минералдық шикізат/ қорын пайдалану төлемдерінің ставкаларын анықтау әдістері. Жер, су, орман қорын пайдалану төлемдері.
Табиғи ортаны ластағаны үшін алынатын төлемдер: нормативтерін белгілеу, төлем алыну тәртіптері.
Шекті шамада және шектен артық табиғат ресурстарын ыцсырап еткені үшін, табиғи ортаны ластағаны үшін алынатын төлемдер.
Лекция жоспары /6сағ./
-
Төлемдерді топтастыру, сұрыптау, анықтау принциптері, атқаратын қызметтері.
-
Жер қойнауы ресурстарына төлемдер.
-
Табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдер.
Семинар жоспары /2 сағ./
-
Төлем нормативтерін және шамасын анықтау.
-
Төлем белгілеу, алу мәселелерін талқылау.
Әдебиетттер: 12, 13, 14, 15, 17.
12 ТАҚЫРЫП. ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУҒА, ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУҒА
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ
Табиғат қорғау шығындарын қайтару? экономикалық тиімділігі. Табиғи ортаға ластаушы заттар шығару құқығы және оны реттеу /алғашқы иемдену және қайта бөлісу/.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталадыратын, жауапкершілігін арртыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі: рұқсат, лицензия, сертификаттар беру; төлемдер белгілеу; амортизация, баға, қаржы несие саясаты; жеңілдіктер, сыйлықтар беру; экологиялық қорлар; ластау құқығын сату, сатып алу нарықтық қатынастарын енгізу т.с.с.
Лекция жоспары /2 сағ/
1. Табиғи ортаны қорғауға, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыратын экономикалық механизм мен тетіктер және оларды қолдану:
– баға, амортизация саясаты;
– қаржы-несие тетіктерін қолдану;
– салықтар мен төлемдер;
– жеңілдіктер мен салықтар;
– нормалау, сертификаттар, лицензия т.б.
Семинар жоспары /2 сағ/
1. Мәселелерді, кейстерді талқылау.
Әдебиеттер: 4, 12, 14, 16.
13 ТАҚЫРЫП. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ.
ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
Табиғат қорғауды және пайдалануды басқару жүйесін жетілдіру. Басқарудың заңдық негіздері. Мемлекеттік басқару органдары, олардың құрылымы, атқаратын міндеттері. Жергілікті басқару органдарының жауапкершілігі және рөлінің артуы. Қоғамдық ұйымдардың ықпалы.
Басқару жүйелері, әдістері, міндеттері. Әкімшілік-құқықтық реттеу, экономикалық реттеу және нарық қатынастарын кеңінен қолдану. Басқарудың танымдық, құқықтық негіздері және қолданылатын әдістері, табиғат қорғауды, пайдалануды жоспарлау, нормалау, ережелер, тәртіптер бекіту. Табиғат кешендерінің мониторингі, есептелуі. Экологиялық сараптаулар. Макро-және-микро деңгейіндегі менеджмент. Басқарудағы ғылымның рөлі экономикалық есептеулер.
Лекция жоспары /2 сағ./
1. Табиғат пайдалануды басқарудың танымдық, құқықтық және тәжірибелік негіздері.
2. Басқарудың әкімшілік жүйесі.
3. Экономикалық басқару әдістер жүйесі.
4. Нарық қатынасына өту кезінде басқару механизмін жетілдіру.
Семинар жоспары /2 сағ./
1. Табиғат пайдалануды жоспарлау, болжау.
2. Басқару шешімін қабылдау мәселелерін талқылау.
Әдебиеттер: 1, 4, 12, 13, 15, 16.
14 ТАҚЫРЫП. ТАБИҒАТ ҚОРҒАУДЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК ЖӘНЕ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жер атмосферасының жылынуы, озон қабатының ыдырауы. Әлемдік ластауларды болдырмау шараларын экономикалық басқару механизмі. Табиғат қорғау жөнінде халықаралық келісімдер және ұйымдар. Атмосфера ауасын, мұхиттарды, су ресурстарын, ғарыш кеңістігін қорғау мәселелері.
Табиғат ресурстарының сарқылуы туралы пікірлер. Әлемдік даму моделдері. Экология және қоғамдық даму: қайшылықтары, тоқырау. Халықты азықпен, ауызсумен қамтамасыз ету мәселелері.
«Қазақстан 2030» даму стратегиясы және табиғат қорғау мен пайдалану мәселелері. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Табиғат қорғау, пайдалану саласында халықаралық қарым-қатынастарының қалыптасуы, негізгі принциптері мен бағыттары. Экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму.
Лекция жоспары /2 сағ./
1. Табиғат қорғаудың халықаралық мәселелері.
2. Табиғат ресурстары және әлемнің дамуы.
3. Қазақстан табиғат ресурстары және даму стратегиясы.
Әдебиеттер: 8, 12, 17. Қосымша әдебиеттер.
IV. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК
НҰСҚАУЛАР
Лекция сабақтарында оқытылатын пән бойынша толық дәріс беріледі. Мамандықтар және оқыту түрлеріне байланысты лекциялық, семинар /практикалық/ сабақтар сағаттары белгіленеді.
Семинар /практикалық/ сабақтарға дайындық кезінде студенттер тыңдаған дәрістерін пайдаланды және ұсынылған әдебиеттерді оқуы қажет. Оқулықтар, оқу құралдарымен қоса қарастырылған мәселелер бойынша ғылыми мақалаларды оқып, Қазақстан Республикасының заңдарымен, нормалық құжаттарын білу керек.
Семинар сабақтарында мәселелерді талқылауға топтағы барлық студенттер қарастырылады, сөйтіп семинар пікірталас түрінде өткізіледі. Айтылған әртүрлі пікірлер, мәселеге балама көзқарастар, қосымша ақпараттар қызығушылық тудырады және әрбір студенттің білімін бағалауға мүмкіндік береді.
Практикалық сабақтарда табиғат ресурстарын экономикалық бағалау, экономикалық зиянды есептеу, табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау есептері, табиғат пайдалануды басқару механизмдері қарастырылады. Кейстер бойынша табиғат қорғау жағдайлары және соған байланысты ұйымдастырушылық, басқарушылық шешімдер қабылдау қарастырылады.
Дәрістерге түгел қатысу семинар мен практикалық сабақтардағы белсенділік, баяндамалар, рефераттар даярлап, конференцияларда сөйлеу студенттерге емтиханнан сынақсыз өтуіне мүмкіндік береді.
Табиғат қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану ең маңызды мемлекеттік міндеттерінің бірі болып табылады. Табиғи ортаға зиянды антропогендік әсерлерді жоюға, азайтуға және тиімді пайдалануға бағытталған барлық өндірістік-шаруашылық әрекеттер табиғат қорғау шаралары болып табылады.
Курс бойынша практикалық сабақтардың мақсаты – «табиғат пайдалану экономикасының» теорияларын терең ұғыну және оны іс-тәжірибеде қолдануды үйрену.
Әдістемелік нұсқауларда табиғат ресурстарының жеке түрлерін: минералдық шикізат, ауыл шаруашылық, жер, су, атмосфера қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану шараларын экономикалық бағалау есептері берілген.
Минералдық шикізат раесурстары
ҚР экономикасында кенкөздерін (орындарын) геологиялық-экономикалық бағалау өте өзекті мәселе. Қазақстан кен орындары бойынша бұрын құжаттар (ТЭД), (ТЭҚ) 1982–1990 жылдарда көтерме сауда бағаларын қолданып орындалған. 1991ж. кейін минералдық шикізаттан өндірілетін өнімдердің бағасы әлемдік баға деңгейіне жуықтады, өнімнің өзіндік құнының құрамы өзгерді.
Қазіргі жағдайда кен көзін игерудің тиімділігі кеннен өндірілетін өнімдерге сұраныс пен ұсыныс бойынша қалыптасатын нарықтың баға маңызды. Сонымен қатар, нарық қатынастарына өтуге байланысты геологиялық барлау, өндіру жұмыстарын мемлекеттік қаржыландыру жүйесі жойылып келеді. Осыған байланысты минералдық – шикізат базасын дамыту үшін қаржыландырудың басқа көздерін қарастыру керек. Қазіргі кезде банк несиесі және шет елдік инвестиция қаржыландырудың негізгі көзіне айналды. Осы жағдайда кен орындарын геологиялық – экономикалық бағалау әдістерін қолдану қажет болады.
Кен орындарын пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін анықтау. Пайдалы қазбалар кен орындарын пайдалану құқығы үшін төлем нарқы (ставкасы) әрбір кен орындарына немесе оның бөліктеріне, сатуға немесе өзі пайдалануға өндірілетін пайдалы қазбаның (компоненттің), әрбір түріне бнлгіленеді. Төлем нарқы белгілі тәртіппен бекітілген пайдалы қазбаның (компоненттің) өндірілетін қорының бір өлшеміне тағайындалады. Бекітілген қорды өндіру кезіндегі ысырабы есептелмейтін пайдалы қазбаларға (мысалы, мұнай, табиғи немесе ілеспе мұнай газы, газ конденсаты) төлем нарқы өндірілген өнімнің бір өлшеміне белгіленеді. Кешенді кен орындарына төлем мөлшері белгілі тәртіппен қоры бекітілген әрбір пайдалы қазбаға (компонентке) тағайындалады.
Кен орнын пайдалану құқығы үшін төлем пайдалы қазбаның (компоненттің) әрбір түрі бойынша белгілі мерзімге пайдалы қазбадан өндірілетін өнімнің бір өлшеміне немесе өнімнің құрамындағы пайдалы қазбаның (компоненттің) бір өлшеміне тағайындалған үлгілік жарна негізінде анықталады.
Нақты кен орнын пайдалану құқығы үшін төлемнің үлгілік жарнасы – роялти кәсіпорын сататын пайдалы қазбаның немесе одан өндірілетін тауарлы өнімнің бағасының бекітілген тұрақты бір бөлігі (пайызы) ретінде белгіленеді.
Роялти шамасы қазіргі кезде пайдалы қазбалардың көптеген түрлері бойынша шикізат құнының 5-10 % - іне тең. Аса бағалы және сирек кездесетін шикізаттың кейбір түрлері бойынша – 20 %-ке жетеді.
Төлем жарнасын анықтағанда шикізаттан алынатын тауарлардың әлемдік бағасы, әлемдегі орташа өткен жылғы немесе одан ұзақ жылдардағы баға деңгейінде келісімдерге сәйкес қабылданады.
Әлемдік баға деңгейі тауар биржаларының жарияланған құжаттары, әлемдегі басты компаниялардың анықтама бағалары, республикалық мемлекеттік шет елдермен байланысты реттейтін органдардың мәліметтері, сондай-ақ арнайы зерттеулер нәтижесі бойынша анықталды. Сонымен қатар, шикізаттан алынатын тауарлар мен әлемде үлгі ретінде қабылданған тауарлардың арасындағы сапалық айырмашылықтар ескеріледі.
Әлемдік баға мен тарифтер коммерциялық курс бойынша есептеген АҚШ доллары бойынша алынады. Пайдалы қазба кен орнын пайдалану құқығы үшін төлемнің үлгілік жарнасы:
Б1 = Цп + 0,5(Цп - Цв),
мұнда Б1 – пайдалы қазба кен орнын пайдалану құқығы үшін төлемнің үлгілік жарнасы;
Цп – өнімнің коммерциялық курспен есептенген АҚШ долларымен бағасы;
Цв – өнімнің ішкі нарықтағы бағасы;
0,5 – ішкі және сыртқы баға айырмашылығынан пайда болатын, бюджетке алынатын ренталық табыстық бөлігі (тең бөлісу «фифти – фифти» жүйесі бойынша).
Нақты кен орнын пайдаланғаны үшін төлем жарнасы:
П = (Б ± ар)В,
Достарыңызбен бөлісу: |