Тақырыптық карталар және олардың жіктелуі тақырыптық карталар және олардың ерекшеліктері



бет1/2
Дата14.09.2023
өлшемі22.97 Kb.
#477611
түріҚұрамы
  1   2
Лекция 13


ДӘРІС 13

ТАҚЫРЫПТЫҚ КАРТАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ




Тақырыптық карталар және олардың ерекшеліктері
Тақырыптық карталар әлеуметтік және табиғи құбылыстарды көрсетеді. Тақырыптық карталардың негізгі ерекшелігі бұл олардың құрамының белгілі бір тақырып бойынша анықталатындығында. Негізгі тақырыптық құрамынан басқа тақырыптық карталар белгілі бір көлемде шынайы беткі жағы және онда орналасқан нысандарды мінездейтін кешенді жалпыгеографиялық элементтерді береді. Тақырыптық карталар Жер бетінен басқа өзге планеталар бетіне және жеке аумақтар, жеке ірі географиялық нысандарға жасалады. Тақырыптық карталардың негізгі мақсаты бұл тұтынушыларды қоршаған ортаны, әлемді танып білу және халықшаруашылығы, ғылыми мәселелерді шешуге арналған қоршаған орта, әлеуметтік – экономикалық нысандар мен құбылыстар туралы кеңістік – локалденген тақырыптық ақпаратпен қамтамасыз ету.Тақырыптық карталардың толықтығы мен құрамының мән – жайлығы карта масштабы мен мақсатына сай болу керек.
Тақырыптық карталардың географиялық құрамы шартты түрде екіге бөлінеді. Бірінші негізгі бөлігіне – берілген карта тақырыбын құратын құбылыс бейнесін жатқызады. Осы бөлікті картаның арнайы құрамы деп атайды. Тақырыптық картаның қалған құрамын, яғни оның тақырыбын айқындамайтын бөлігін географиялық негіз деп атайды. Картаның географиялық негізі арнайы құрамға кіретін құбылыстар мен нысандарды орналастыру үшін бағдарлануға керек. Әдетте тақырыптық карталар жалпыгеографиялық карталармен салыстырғанда аздаған құбылыстарды көрсетеді. Бірақ тақырыптық карталарда көрсетілетін құбылыстарды ашу ерекшеліктері өте көлемді болуы мүмкін. Әсіресе бұл айырмашылық кішімасштабты жалпыгеографиялық карталар мен тақырыптық карталарды анық байқалады.
Тақырыптық карталарда құбылыстардың кеңістікте қозғалысын және уақыт бойынша өзгеруін көрсетуге болады: желдердің бағыты мен интенсивтілігін, мұхиттық ағыстарды,адамдардың миграциясын және т. б .


Тақырыптық карталардың жіктелуі мен түрлері

Тақырыптық карталарды келесі белгілері бойынша жіктеуге болады:



    • құрамы бойынша (тақырыбы бойынша);

    • картографиялық бейнелеу әдістері бойынша;

    • мақсаты бойынша;

    • масштабы мен аймақтық қамтуы бойынша.

Тақырыптық карталардың құрамы бойынша жіктелуі картадағы нысандардың (құбылыстың) бейнеленуі бойынша құрылады. Осыған орай бұл карталар қоғамдық құбылыстары, оларды зерттейтін ғылым және табиғи орта компоненттері бойынша топтастырылады. Географиялық тақырыптық карталар үшін құрамы бойынша екі негізгі карталар тобы белгіленген: табиғи құбылыстар карталары (физикалық – географиялық) және қоғамдық құбылыстар карталары (әлеуметтік – экономикалық).
Тақырыптық карталардың картографиялық бейнелеу әдістері бойынша жіктелуі де белгілі: изосызықтық, картограмма, нүктелік және т. б.; картографиялау нысандарынының интерпритациясы бойынша.
Мақсаты бойынша тақырыптық карталардың мінездемесі жалпы карталарддың осы белгі бойынша жіктелуіне ұқсас жасалады.
Тақырыптық карталардың аймақтық қамту мен масштабы бойынша жіктелуі географиялық карталардың жалпы жіктелуімен бірдей.
Белгілі бір белгілер бойынша аймақтық аудандастыру нысандарының жіктелуін көрсететін карталар типологиялық деген атқа ие болды.
Зерттеу тәсілдері мен мінездемелерді көрсету бойынша аналитикалық, синтетикалық, кешенді карталар бөлінеді.
Сол сияқты тақырыптың кеңдігі, оның құрамы, картографиялық бейненің қиындығы бойынша карталар типтері бөлініп көрсетіледі.


Әлеуметтік – экономикалық карталар және олардың жіктелуі
Әлеуметтік – экономикалық карталар
Әлуметтік, экономикалық өмірдің ғылымы мен тәжірибесінде кеңістік және аймақтық аспектілер ерекше орынды алып келеді. Бұл қоғам дамуымен, жергіліктіден жаһандыққа дейінгі еңбектің аймақтық бөлінуінің күшеюімен, түрлі экономикалық және әлеуметтік, саясаттық білімнің құрылуымен тығыз байланысты. Осының барлығы табиғи қорлар және жағдайлармен байланысы бар жүйелер мен аймақтық әлеуметтік – экономикалық құрылымдарды зерттеудегі картографиялық тәсілдің ролін жоғарлатады.
Әлеуметтік – экономикалық картографиялаудың мақсаты – бұл қоғамның, экономиканың, қызмет көрсетудің, өзге де әлеуметтік және саяси өмір нысандарының, халық шаруашылығының, қоғам дамуының, білім мен ғылым мәдениетінің өзіндік тақырыптық картасын құру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет