Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Психология-педагогика факультеті
Бейнелеу өнері және сызу кафедрасы
«Бейнелеу өнер тарихы» 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Семей қаласы 2012 жыл Құрастырғандар:___________________________аға оқытушы Тоқтаров А.Т. «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы
«Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасында бекітілді.
Хаттама № ______ «______» ________ 2012ж.
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. _______________ Мырзаканов М.С.
Психология-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланды.
Хаттама № ______ «______» ________ 2012ж.
Психология-педагогика факультетінің кеңесінде бекітілді.
Хаттама № ______ «______» ________ 2012ж.
Психология-педагогика факультетінің деканы,
_______________________ Аубакирова Р.Ж.
МАЗМҰНЫ
-
Пән бойынша глоссарий…………………………………………………….4
-
Пәннің жұмыс бағдарламасы……………………………………………….7
-
Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны.......................................................13
-
СӨЖ курсы бойынша үй жұмыстарының тақырыптары...........................35
-
ОБСӨЖ және СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаудың
жалпы әдістемелік нұсқауы...........................................................................35
-
Пайдаланған әдебиеттер ................................................................................37
-
ГЛОССАРИЙ
АВТОПОРТРЕТ - өз портреті. Суретшінің өзін-өзі салған портреті не суреті. Автопортрет көбінесе айнаға қарап немесе еске сақтау, санада ұстау, елес әдісін қолдану тәсілдерімен салынуы мүмкін.
АЙҚЫН СУРЕТ (БРОСКИЙ РИСУНОК) – көрушінің көзіне бірден ілігетін, айқын бейнеленген суретті айтамыз. Мұндай суреттерде шебердің қолы, әдіс-тәсілінің айқындылығы бірден көзге түседі.
АКВАРЕЛЬ – «Акварель» деген атау латынның «aqua» (су) деген сөзінен шыққан.
АҚИҚАТ, ШЫНДЫҚ, БОЛМЫС (ДЕЙСТВИТЕЛЬНОСТЬ) – қоршаған орта болмысы. Натураның өзіне қарап сурет салу шындық, яғни қиял емес.
АНАЛИЗ – талдау, бір нәрсені не құбылысты ойша бөлшектерге, құрама бөліктер мен белгілерге бөлу. Мысалы, адам басының суретін салмастан бұрын, пішінді ой елегінен өткізіп, ойша талдау әрекетін жасап, оның бас бөліктерінің бейне бір заттарға салыстырмалы түрде ұқсатып, мысалы: геометриялық денелерге (куб, призма, шар, конус т.б.) байқау.
АНТИКАЛЫҚ (АНТИЧНЫЙ лат.ANTIGVUS) – арғы, көне; көбінесе көне грек, көне Римнің қоғамдық құрылысы, көне антикалық гипс көшірмелерінен суретке салу бейнелеу өнеріне оқытудың ережесі мен әдістемесіне айналған.
АНФАС (фр.ANFACE) – қарсы алдынан деген мағынада. Адамның портретін қарсы алдынан бетпе-бет бейнелеу. Өнерде де оқу процесінде мұндай жұмыстар өте жиі кезігеді.
АКАДЕМИЯЛЫҚ СУРЕТ – академиялық суреттің суреттен әйтпесе суреттемеден айырмашылығы суретшінің натураны егжей-тегжейлі талдап салуы, үлкен көлемдерге бөліктерді біріктіру арқылы бейнені толық зерттеп шығуы.
АССИММЕТРИЯ – бір дененің, не бір заттың біліктерінің бір-біріне сай болмауы. Симметриядағыдай орта сызықтың екі жағындағы көріністің бірдей шықпауы.
АКТИВИЗАЦИЯ (лат.ACTIVUS - АКТИВТЕНДІРУШІЛІК) (НАҚТЫ ІСТІ ЖЫЛДАМДАТУ, КҮШЕЙТУ) – сурет салу процесінде ерекше талпыныспен, әсерленгіштікпен жұмыс жүргізу.
ӘУЕСҚОЙ - өнерпаздық, өз күшімен сурет салуды үйрену әрекеті.
БИБЛИОГРАФИЯ – баспа шығармаларының көрсеткіштерін, тізімдерін құрастыру тәсілдері және әдістері жайында ғылым (кітаптардың атын, мазмұнын, авторын т.б. жазып отыру).
БЮСТ – адамның кеуде нұсқасының суреті, құйылған мүсіндік тұрпай. Оқып-үйрену сабақтарында бюст салу міндетті тапсырмаларға жатады.
ВИРТУОЗ (ит.VIRTUOSO) – асқан шебер, үздік шыққан, өнерлі. Өнерде шеберлік шыңына шыққандарды осылай атайды.
ГАРМОНИЯ (гр.HARMONIA) – үндестік, үйлесім. Мысалы, алдыңызға қойылған натюрморттағы заттар жиынтығы үйлесіп, тұтастай көз қызығарлық тартымды көрініс тудырса, оны біз үйлесімді деп бағалаймыз. Ондағы заттардың формаларының және түстерінің сүйкімді үйлесімділігі, реңктерінің үндестігі бәрі-бәрі «гармония» туғызады.
ГРАФИКА (гр.GRAFIKA) – «жазамын», «суретке саламын» деген сөздерден шыққан. Ол-сурет салу өнері. Сурет салу өнерінің күллі жиынтығын «графика» деп атайды. Суретте бейнелеу құралы сызық, дақ және штрих болып келеді. Мысалы, кітаптардағы суреттер «кітап графикасы» деп аталады
ДРАПИРОВКА – шаршалау, перделеу. Натюрморт қойылымын әсерлеу. Сурет өнерінде оқу жұмыстарында шаршалау жиі қолданылады. Шаршалау натюрмортта заттар жиынтығын біртұтастыққа келтіру үшін өте қажет әдіс.
ЖАРЫҚ ПЕН КӨЛЕҢКЕ – картинада жарық та, қою көлеңке де, жарық көлеңкеге алмасар тұстарда жартылай көлеңке ұшырасады. Ол арқылы адамдар мен заттардың көлемін, табиғат көрінісін, ауаның ұтымды бейнелеуге болады.
ЖИВОПИСЬ ӨНЕРІ – суреттегі нәрсені өмірдегідей қып тірілте бейнелеу. Живопись екіге бөлінеді: станоктік, монументтік. Суретші суретін мольберт, станок деп аталады, тиянақ қондырылып, жақтауға керілген кенепке салады. «Станоктік живопись» деп аталады. «Монументтік живопись» үйлердің ішкі немесе сыртқы қабырғаларының өзіне салынған шығарма жатады.
ЕЛЕСТЕТУ, ҚИЯЛ ЕЛЕС (ВООБРАЖЕНИЕ) – қиялдау не көз алдына алып келу, адам бойына біткен ажырамас тамаша қасиет. Суретші елестету мен қиялы өнермен тікелей ұштасып жатады. Ол оқыған кітабының желісіне қиялдап сурет сала алады.
ИНТУИЦИЯ (лат.INTUERI) – қадала, үңіле қарау. 1) сезу, түйсік арқылы білу; 2) зерделік, ғылыми-теориялық білім мен алдыңғы тәжірибеге сүйену негізінде шындыққа жету.
ҚАҒАЗ – алғаш рет қағаз екінші ғ. Қытайлар ойлап тапты деген пікір бар. Қағаз жұқа, қалың, тегіс, бұдыр түрлері бар.Қарындаш пен акварель бояуларымен сурет салу, ватман, жартылай ватман, деп аталатын қатты тығыз қағаздар ыңғайлы. Қағаз өте бағалы түрлері арнаулы әдіспен тек күнге қарағанда көрінетін ерекше өрнектер салынады. Ондай өрнек «су таңбалары» деп аталады.
ҚАРЫНДАШ – тас дәуіріндегі адам көмірді алып, тас қабырғаларғы сызып, күнді қарындаш жарыққа келді. 18 ғасырда металл-қарындаштар пайда болды. Қазіргі рейсфедер. Металл түтікшеге қорғасын, күміс тіпті алтын сымдар кішкентай үзігі салынады.Қарындаш қатты, жұмсаққа бөлінеді: Т,2Т,3Т.
ҚАШАП, ОЙЫП САЛЫНАТЫН СУРЕТТЕР – ағаштен, сүйектен, тастан ойып адамның, жан-жануар, өсімдік бейнесін ою-өрнек салуға болады. Оған қашау, тесеу, шапқы секілді аспап қолданылады.
ҚЫЛҚАЛАМ – акварельге ақ тиын қалам әрі жұмыр, тығыз болуға тиіс.Майлы бояуға ақ түсті тікеннен қылтақтар пайдаланылады. Олар қалақ тәрізді жалпақ келген. Үлкен қылқалам бояу тұтас жазылып, үлкен таңдақтарды кішкене қылқаламдар шығармашылықта майда детальдарды бояйды. Қылқалам сыртына : 1,2,3,4... цифралар үлкен болған сайын қылқалам соғұрлым үлкен.
КОНТУР (фр.CONTOUR) – нұсқа. Бір нәрсенің сырт кескіні. Мысалы, құмыраның суретін салу барысында, алдымен құмыраның кескін-пішінін айқындап алу, яғни контурын сызып нұсқасын келтіру.
КОНСТРУКЦИЯ – түзіліс, құрылыс. Сурет өнерінде заттың конструкциясын анықтау, конструкциялық тәсілмен салу ұғымдары бар. Бұл заттың жасалу құрылысын білу деген сөз. Конструкция – форманың негізін құрайтын қаңқа.
КОНТРАСТ – қарама-қарсылық. Натура мен суреттегі реңдердің қарама-қарсылығы. Бейнелеу өнерінде жарық пен көлеңкелердің, өңдер мен түстердің реңдік қарама-қарсылығын көрсететін сипат.
МАНЕРА – үлгі, тәсіл, ерекшелік. Суретшінің өнердегі бсқаға ұқсамайтын мәнер ерекшелігі. Сурет салудың өзіндік үлгісі – мәнері.
МОДЕЛЬ (фр.MODELA) – үлгі, кейіп. Оқу процесінде қолданылатын заттар (геометриялық модельдер, суретін салғызушы адам т.б.).
МАЙЛЫ БОЯУЛАР – 10ғ. шыққан, дәстүрге енуі, 15ғ. ө.с. нидерл. Суретшілері Ван-Эйктердің атымен байл. Тәжірибеде жасап бояулардың жаңғақ майы мен зығыр майына жақсы еритінін анықтайды. Ондай майларға еріт. бояу тез құрғайды, ажарлы болады.
МИНИАТЮРА – ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер кездеседі.Оны миниат. Көлемі жағынан сурет, суретші елеусіз нәрселердің өзін жібермей, тәптіштеп көрсетеді.
НАТУРА (лат.NATURE) – табиғат, заттың өзі. Сурет салу практикасында заттың немесе табиғаттың, қалап алған бөлігінің суретін өөзіне қарап бейнелеу.
НАҚЫШ – (инкрустация) стол, шкаф, әуелі жалтырата тегістелетін, сосын оюлап нақышталатын ағаш бетіне ерекше ағаш түрлері мен басқа заттардан жасалынған кішкене тақтайша өрнек салынған. Мұндай нақышқа қола, күміс, алтын, жақып аса құнды бұйымды жасалатын.
НАТЮРМОРТ – французша «өлі табиғат» .Тұрмыста күнде кездесіп жүретін зат, жеміс, гүлдерді немесе балықтан дайындалған түрлі тағам бейнеленетін картина.
ОЮ-ӨРНЕК (ОРНАМЕНТ) – белгілі сурет пен сызықтар, белгілі бір тәртіппен орналасқан, латын «ornamentum» - әшекей. Ою-өрнек: сызық, геометриялық пішін, жапырақтардың, гүлдер, жеміс-жидек, құстар мен аңдар суреті.
ОБЪЕКТ (лат.ABJECTUN) – зат. Материалды дүниенің сыртқы құрамды бөлігі. Адам әрекетінің танып білетін заты. Мысалы, картинадағы талдар немесе адамдар мен хайуанаттардың орналасуы т.с.с.
ПАСТЕЛЬ – итальян «pasta» - «қамыр» түрлі-түсті пигмент ұнтақталған бормен балауыз аралардан қамыр илейді. Сосын жұмыр таяқшалар жасап кептіреді. Суға езіп акварель, гуашь секілді пайдаланады. Пастель бояуы ұзаққа сақталмайды.
ПРОПОРЦИЯ (лат.PROPORTIO) – сәйкестілік. Белгілі бөліктердің бір-бірімен ара қатынасы, сай келісушілігі. Үлкен көлемді заттың суретін салу процесінде оның жеке бөліктерін үлкен көлемге сәйкестендіре белгілеп алу тәсілі.
ТЕМПЕРА – бояудың атын да сол бояумен салынған шығарма. 4 түрге бөлінеді: гуммиарбин- қағазға сурет салып және гуашьқа ұқсайды, екнші, майлы бояуға ұқсайды. Үй қабырғасына сурет салу үшін жұмыртқаның сары уызына езіліп дайындалатын темпера қолданылады.
ТөСЕН (ГРУНТ) – кенеп матаның бетібор таспен желім, ұнтақ қосылған сылақ жағылып тегістеледі . Сонда ғана бояулар ұзақ уақытқа дейін өз өңін жоғалтпайды.
ТҮПНҰСҚА (АФТОГРАФ) – суретші кенепке тек әдемі көріну үшін өзіне ұнаған адамның, өлкенің көрінісін бейнелеу үшін, өз шығармасын, ой-сезімін білдіру үшін жан-дүниесін жарқыратып, жайып салу үшін туғызады.
ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЛАКТАР – шап-шағын кішкене қорапшаның, жып-жылтыр қақпағына алтындап өрнек салынады. Олар қақпағына қара лак жағып, үстіне түрлі-тісті бояулармен әшекейлеген.
ТҮС – түстердің саны (7) екіге бөлінеді: жзылы,суық. Сары, қызыл, қызғылт сары- жылы түс. Көк, күлгін, көгілдір түстер – суық түстер. Жылы суық түске жататын түстер же бар. Мысалы: жасылға не сары, не көк қосылуы. Көк пен қызыл күлгін. Импрессионистер бояуды бір-бірімен астасып жаңаша құбылатын сипатын тек сонда ғана байқауға болады.
ТУШЬ – кәдуілгі тушь-сұйқылт қара бояу. Жапон суретінде тушьті суға, хош иісті заттар араластырып кесек плиталар жасап, шыныға не тарелкаға үйкеп, ұнтақтап суға ерітеді. Тушьпен сурет салуға қылқалам деп аталатын темір қаламұш жарайды.
ТЕХНИКА – бір істі орындағанда қолданылатын тәсіл. Кәсіби суретшілердің өзіне тән қалыптасатын бейнелеу техникасы, өзіндік бейнелеу тәсілі. Сурет техникасына жаттығу қажет (мысал: штрихтау тәсілі, өң беру тәсілі т.б.)
ФАКТУРА – сурет өнерінде суреттің реңінің сипаты. Қойылым суретін салу барысында заттардың материалдығын шыншыл көрсете білу шеберлігі.
ФОРМА – 1) сыртқы пішін, оның ішінде пропорция, конструкциялық құрылым, көлем деген мағынаны білдіреді; 2) бейнелеу өнерінде «форма» ұғымы жиі қолданылады. Әр нәрсенің өзіне ғана тән формасы болады, сол сан-алуан формаларды бейнелеу арқылы тану, зерттеп суретін салу арқылы мән мағынасын анықтау.
ШАБЫТ, РУХ (ВДОХНОВЕНИЕ) – шығармашылық күштің пайда болуы, көңіл-күй шабыты, әсерленгіш шабыт. Сурет салушы көңіл-күйінің шабытын өзі жасап рухтануы керек, ол рух күші көркем шығармасына берілуі керек. ЭКСПОНАТ – экспонат (мұражайға, көрмеге қойылатын зат); мұражай экспонаттары (құнды бұйымдар, картиналар т.с.с.).
ЭСКИЗ (фр.ESGUISSE) – алдын-ала жасалатын долбар. Негізгі жобаны жасау үшін алдын-ала дайындалатын үлгі сурет. Мысалы, картинаның түпкі мағынасымен ойын тауып көрсетуге арналған суретшінің ізденіс жұмыстары.
2. ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ.
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Мектепте оқу-тәрбие жұмыстары үшін студенттерде кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыратын бейнелеу өнері мен сызудың жоғары білікті оқытушыларын дайындаудың жалпы жүйесінде «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» негізгі теориялық оқу пәннің бірі болып табылады.
Бағдарлама 225 сағатқа есептелген; дәріс курс – 45 сағат, зертханалық сабақтар – 30 сағат, ОБСӨЖ-37,5 сағат, СӨЖ – 112,5 сағат.
Студенттің жұмысының түбегейлі бөлігі СӨЖ сияқты орындалады.
Бағдарламадан ерекшелігі осы бағдарламада көркем жоо-ры үшін педагогикалық жоо-да мәдениет тарихын оқытудың ерекшеліктері мен типтік оқу жоспарымен жеткізілген оқу уақытының көлемі ескерілген.
Курстың мақсаты:
Мәдениеттің маңызы мен ерекшелігін, оның тарихи дамуының заңдылығын ашу. Дәуір мен стильдің жалпы мінездемесін әрбір шығарманың оның көркем-ой бүтіндігімен нақты терең анализімен, бұл шығарманы адамзаттың көркем дамуының тарихи үрдісін нақты айқындауы ретінде қарастырып, яғни, жалпы адамзаттық және бүкіл әлемдік-тарихи, ұлттық және нақты-тарихи бірлікті көрсете отырып, өткенмен және болашақпен байланысты біріктіру.
Курстың міндеті:
Студенттерде эстетикалық сезімді дамыту. Көркем талғамды, шынайы-көркем шығарманы қолөнершіліктен, орташалықтан, көрнектіліктен, табиғилықтан, формастикалықтан, «жаппай» лақаптылықтан айыра алу қасиетінтәрбиелеу.
Алынатын дағдылар:
Көркем шығармалардыңтерең анализі арқылы мәдениеттің құндылығы неде екенін көрсете білу, өмірлік шындық пен айқындыққа, бейнелердің әдемілігі мен бейнелілігіне, олардың танымдық және шынайы мәнділігіне, қалай қол жететіндігін түсіндіру, суретшінің шеберлілігі мен дарындылығының неде және қалай айқындалатынын ашу, оның өзіндік ерекшелігі мен түпнұсқалылығы, осы немесе басқа көркем мектеп пен стильге тиістілігі.
Пәнаралық байланыстар:
Мәдениеттің танымдық рөлі оны ғылыммен жақындастырады, эстетикалық көріністерді дамытады. Мәдениеттің даму проблемаларын зерделей отырып, оны елдің саяси және экономикалық дамуынан бөліп қарастыруға болмайды. Сайып келгенде, студенттер экономиканың, тарихтың, әдеттің, философияның мәселелерімен, адамзат дамуынынң саналуан кезеңдерінде ізгілендіруге білім берументікелей жанасады. Кескіндеменің, графиканың, мүсіндеменің, қолданбалы мәдениеттің, дизайнның, архитектураның атақты шеберлерінің туындыларын талдай келе, студенттер факультетте оқытылатын бейнелеу өнерінің көркем және композициялық әдістерінің техникалық тәсілдерін зерделеуде өздерінің дүниетанымын кеңейтеді және жетілдіреді.
«Бейнелеу мәдениетінің тарихы»бойынша курсты оқи отырып, оқытушының шолу лекцияларынан неғұрлым қиын және көкейкесті мәселелерге арналуға тиіс таңдауға ауысуы қажет. Лекциялардағы оқу сағаттарының шағын көлемі кезінде мәдениет тарихының барлық мәселелерін қарастыру мүмкін емес, сондықтан, семинарлық сабақтар, факультативтер, сондай-ақ, студенттердің әдебиеттермен дербес жұмысы үлкен мәнге ие. Сондықтан бағдарлама айқара ашылған тізіммен, монографиялық баспаларға басымдылық берілген ұсынылатын әдебиетпен толықтырылады.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Тақырыптың атауы
|
Дәріс
|
зертханалық
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
2 курс 3 семестр
|
|
|
|
|
Көркемөнертануға кіріспе. Өнер туралы ғылым мен оның салалары. Көркемөнердің түрлері. Пластикалық көркемөнердің негізгі түрлерінің төл ерекшеліктері. Архитектура, мүсін, кескіндеме, графика, декоративтік қолданбалы өнер, дизайн. Көркемөнердің жанрлары. Көркемөнердің түрлері.
|
8
|
|
2
|
8
|
Алғашқы қоғамның өнері.
|
2
|
|
|
4
|
Құлиеленушілік қоғамның өнері.
|
8
|
|
3
|
10
|
Орта ғасырлардың өнерлері.
|
4
|
|
2
|
8
|
Тірілтудің өнерлері.
|
8
|
|
8
|
10
|
Жиыны:
|
30
|
|
15
|
45
|
4 семестр.
|
|
|
|
|
17ғ.Жаңа Уақыттың Өнері.
|
|
12
|
6
|
18
|
18ғ. Өнері.
|
|
3
|
1,5
|
4,5
|
Жиыны:
|
|
15
|
7,5
|
22,5
|
3 курс 5 семестр
|
|
|
|
|
18 ғасырдың соңындағы 19 ғасырдың басындағы Бастысеуропалық өнер.
|
2
|
|
0,5
|
2
|
19 ғасырдың бірінші жартысындағы еуропалық өнер.
|
4
|
|
2
|
4
|
19 ғасырдың екінші жартысындағы 20 ғасырдың басындағы еуропалық өнер.
|
4
|
|
2
|
6
|
Батыс Еуропа және Америка елдерінің 20 ғасырдағы өнері.
|
5
|
|
3
|
10,5
|
Жиыны:
|
15
|
|
7,5
|
22,5
|
6 семестр
|
|
|
|
|
Ортағасырлық Русьтің өнері (шолу). 17-18 ғасырлардағы Русь өнері.
|
|
4
|
2
|
4,5
|
19-20 ғасырдың басындағы орыс өнері.
|
|
5
|
2,5
|
10
|
20 ғасырдағ орыс өнері. Кеңес өнері (шолу).
|
|
6
|
3
|
8
|
Жиыны:
|
|
15
|
7,5
|
22,5
|
2012-2013 оқу жылдары
«Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» пәні бойынша студенттерді оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы
№№
|
Шығарманың авторы, аты, шыққан жылы
|
Кітап қоры
|
Студенттер саны
|
Кітаппен қамтамасыз ету %
|
|
Негізгі әдебиет
|
|
|
| -
|
Т.В.Ильина. Өнер тарихы. – М., 1989
|
4
|
30/20
|
/40
| -
|
Т.В.Ильина. Өнер тарихы. Батысеуропалық өнер. – М., 1983
|
50
|
«
|
/100
| -
|
Өнер. Кескіндеме. Мүсіндеме. Графика. 3 б. –М., 1989
|
18
|
«
|
/100
| -
|
Шетел өнерінің тарихы. –М,.1983
|
63
|
«
|
/100
| -
|
Орыс және кеңес өнерінің тарихы. М,. 1989
|
55
|
«
|
/100
| -
|
Л.Любимов. Көне Русьтың Өнері.
|
55
|
«
|
/100
| -
|
Орыс өнерінің тарихы.-М,. 1987
|
15
|
«
|
/100
| -
|
Н.Я.Маслов. Бейнелеу өнері бойынша практикум. –М,. 1984
|
33
|
«
|
/100
| -
|
К.Дж.Арган Итальян өнерінің тарихы. 2-томда. –М,.1990
|
1
|
«
|
/10
| -
|
Н.А.Дмитриева Өнердің қысқаша тарихы. -М,. 1988
|
3
|
«
|
/30
| -
|
Шет елдердің өнер тарихы. –М,. 1982
|
9
|
«
|
/90
| -
|
Шет елдердің 17-18 ғасырлардағы өнер тарихы. –М,. 1982
|
28
|
«
|
/100
| -
|
Шет елдердің өнер тарихы: Алғашқы қоғам. –М., 1981
|
10
|
«
|
/100
| -
|
Орыс өнерінің тарихы. –М,. 1980
|
5
|
«
|
/50
| -
|
Г.И. Рубан. Бейнелеу өнерінің тілі. - СПИ, 1993
|
1
|
«
|
/10
| -
|
Л.Любимов Көне Русьтың өнері. –М., 1974
|
2
|
«
|
/20
| -
|
Француз бейнелеу өнері. -–., 1990
|
2
|
«
|
/20
| -
|
19 ғасырдағы Ресейдің мәдениеті мен өнері. –Л., 1985
|
2
|
«
|
/28
| -
|
Н.П.Лапшина. 18 ғасырдағы Орыс өнері. -М., 1963
|
1
|
«
|
/14
| -
|
Л.А.Лепеков. Көне Русьтың және Шығыстың өнері. –М., 1978
|
1
|
«
|
/14
| -
|
Л.А.Лапацкая. 18 ғасырдағы Орыс өнері. –М., 1995
|
1
|
«
|
/14
| -
|
А.Раскин Петрсарайы. XVIII ғасырдағы сарай-саябақтық ансамблі. –Л., 1975
|
1
|
«
|
/14
| -
|
РСФСР мұражайларындағыXVIII –ХІХ ғғ. орыс портреті. –м., 1976
|
2
|
«
|
/14
| -
|
ХІ-ХІІІ ғасырлардағы орыс өнері. –М., 1986
|
1
|
«
|
/14
| -
|
С.А. Маслих. ХV-ХІХ ғасырлардағы орыс изразецті өнері. -М., 1976
|
1
|
«
|
/14
| -
|
Орыс өнері. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы сретшілердің өнері мен шығармашылығ туралы очерктер. 2-т.
-М., 1971
|
1
|
«
|
/14
| -
|
Д.В. Сарабьянов ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс өнерінің тарихы -М., 1989
|
7
|
«
|
/100
| -
|
Д.Сарабьянов 1900-ң соңындағы 1910-ң басындағы орыс кескіндемесі. -М., 1971
|
1
|
«
|
/14
| -
|
Қосымша әдебиет
|
|
|
| -
|
Н. Семеникова Жазғы бақ. -Л., 1970
|
2
|
«
|
/28
| -
|
Ортағасырлық өнер. Русь.Грузия.-М., 1978
|
2
|
«
|
/28
| -
|
Б.Я.Ставиский Темір қақпалардан оңтүстікке -М., 1977
|
1
|
«
|
/14
| -
|
В.В.Стасов Орыс кескіндемесі туралы таңдамалы мақалалар. -М., 1984
|
5
|
«
|
/71
| -
|
В.Д.Черный. Ортағасырлық Русьтің өнері. -М., 1997
|
1
|
«
|
/14
| -
|
Л.Любимов Көне Русьтың өнері. -М., 1974
|
1
|
«
|
/14
| -
|
В.Макаров, А.Гатчина -Л., 1974
|
2
|
«
|
/28
|
Достарыңызбен бөлісу: |