Такырыбы: Eclipse ide платформасы, Java Eclipse ide платформасы



бет1/4
Дата26.10.2022
өлшемі80.5 Kb.
#463421
  1   2   3   4
Ташимова АК. СӨЖ


Такырыбы: Eclipse IDE платформасы, Java Eclipse IDE платформасы


Мобильді қосымшаларды құру процесін талдау

Java – Sun Microsystems компаниясымен құрылған, қатты терілген объектілі–бағытталған бағдарламалау тілі. Java қосымшалары әдетте арнайы байт–кодқа таратылады. Сондықтанда, олар виртуалдық Java–машинасын қолданатын әр түрлі компьютерлік архитектурада жұмыс істей алады. Ресми шығарылған күні – 23 мамыр, 1995.


Java–тіліндегі қарапайым «Hello World» бағдарламасының коды:
Public static void main(string[] args)
{ System.out.println(«Hello, World!»); }
Java платформаларының жіктелуі. Java–ның ішінде бірнеше маңызды технологиялары бар:
1) Java SE – Java Standard Edition, Java–ның негізгі басылымы, API, Java Runtime Environment компиляторларымен қамтамасыз етеді, пайдаланушылық қосымшаларды құруға жарамды, бірінші орында – үстелді жүйелерге арналған.
2) Java EE – Java Enterprise Edition, кәсіпорын үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған ерекшеліктер жиынтығын құрайды.
3) Java ME – Java Micro Edition, есептеу қуаты шектелген құрылғыларда пайдалануға жасалған, мысалы, ұялы телефондарда, ҚЖК немесе енгізілген жүйелерде.
4) Java Card – смарт–карталарда жұмыс істейтін, жад сыйымдылығы және өңдеу мүмкіндігі өте шектеулі құрылғыларға, қауіпсіз ортаны қамтамасыз ететін технология.
Қазіргі заманғы ақпараттық әлемде, кез келген уақытта байланыста жүру, қажетті ақпаратқа қол жеткізу, жалпы қоғамды ақпараттандыру үшін мобильдік құрылғылар арқылы мобильді қосымшаларды пайдалану мен оны дамыту өте маңызды. Мобильді құрылғыларға арналған ақпараттық технологияларды дамыту белсенді түрде дамып келеді. Мақалада мобильді қосымшалардың пайдалану тұрғысынан және олардың құрылымы бойынша жіктелуі қарастырылған. Сонымен қатар, мақалада мобильді құрылғылар мен қосымшалардың маңыздылығы талқыланады. Мобильдік қосымшаларды жасаудың кейбір құралдары талданады, оларды қолдану мысалдары келтірілген. Мобильді қосымшаларды әзірлеу процесі көрсетілген. Мобильді қосымшаларды бағдарламау кезінде Front-end және Back-end жобалау жүйесі ұсынылған. Мобильді қосымшаны тестілеудің төрт негізгі түрлері сипатталынған. Сонымен қатар, мақалада мобильдік қосымшаларды әзірлеуге арналған қолданыстағы құралдарды талдау қарастырылған.
Ақпараттық ресурстар, жүйелер мен технологиялар қазіргі заманғы адам қызметінің ажырамас, тез дамып келе жатқан элементтері болып табылады. 1997 жылы WAP (Wireless Application Protocol - Сымсыз қолданба хаттамаcы) технологиясы ұялы байланыс нарығында пайда болды, ол компьютерге қосылу үшін арналған кабельді пайдаланбастан ұялы телефондарға тікелей ғаламтордан бағдарламаларды орнатуға мүмкіндік берді. Содан бері қоғамның «мобильдендіру» процесі басталды. 2000-жылдардың басында мобильді қосымшаларды телефондармен үлкен сенсорлық экрандармен дамыту мобильді қосымшаларды жасауда сапалы қимылмен жаңа деңгейдегі мобильді қосымшаларды жасауға мүмкіндік берді. 2010-шы жылдардан бастап мобильді құрылғылары қосымшаларды дамыту үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға мүмкіндік беретін аса қуатты процессорлармен жабдықталған. Көптеген бағдарламашылар кәсіби қызметтің жаңа бағыттарын үйреніп, нарықтық үрдістерге бейімделе бастады.
Қазіргі уақытта мобильді қосымшаларды әзірлеу ақпараттық технологиялар саласындағы ең танымал іс-әрекеттердің бірі болып табылады.Мобилді қосымшаларды құрастыру тұтынушылық қажеттілікті алдын ала орындауға мүмкіндігі бар шешімі қолданушыға белгісіз алгоритмдер мен тапсырмаларды орындауға негізделген.
Мобильді қосымша - белгілі бір тұтынушылар тобына арналып құрастырылып, олардың қандай да бір мәселелері мен қиындығын шешуге бағытталған. Мобильді қосымша - нақты платформаға орнатылған, белгілі бір әрекеттерді шешуге болатын функционалдығы бар арнайы бағдарлама [1]. Бұл әртүрлі ақпаратпен өзара әрекеттесуге көмектесетін жүйенің бір түрі. Осыған байланысты мынадай түрлерге жіктеледі:

  • қосымша-оқиға: әртүрлі іс-шараларды, оқиғаларды көрсетуге мүмкіндік береді, мысалы, спорттық, мәдени, білім-ғылымға қатысты орын алған оқиғаның көрсетілімі және т.б.;

  • қызметтік қосымша: ұйымдардың қызметін көрсететін сайттарға ұқсас сервистік қосымшалар;

  • үйретуге, дамытуға арналған әртүрлі ойындарға арналған қосымшалар;

  • онлайн режимде сатылым жасауға арналған интернет дүкендер;

  • әртүрлі брендтерді жарнамалауға қолданылатын промо-қосымшалар;

  • бизнес-қосымша: ұйымның үдерісін оңтайландыруға, бизнес ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз етуге және деректер базасымен біріктіруге мүмкіндік береді;

  • жүйелік қосымша: телефон мен оның бағдарламалық жасақтамасы үшін кеңейтілген параметрлер мен опцияларды пайдалану;

  • телефонды толық навигатор ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін GPS модулін пайдаланатын шарлау және іздеу қызметтері бар қосымща;

  • бейне және аудио ақпаратпен жұмыс істеу кезінде телефонның мүмкіндігін кеңейтетін мультимедиалық бағдарламаладағы қосымшалар;

  • әлеуметтік желілер, байланыс үшін онлайн қызметтер, ақпарат таратуы және әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырушы қосымшалар;

  • контенттік қосымшалар және т.б.

Әрбір құрастырылатын қосымшалар қолданылуы ортасы мен пайдалану мақсатында әртүрлі және құрастырылу әдіснамаларыда үнемі өзгеріп отырады, бірақ бұл мобильді қосымшаларды әзірлеу мен бағдарламалау кезіндегі процесс стандартты келеді. Мобильді қосымшаларды әзірлеу процесін шиыршықталған түрде бейнелеуге болады (1-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет