Ауксиндердің синтезделуі және таралуы
Жапырақтың және жас өркендердің ұшында ауксиндер үздіксіз түзіледі. Осы аталған химиялық белсенді қосылыстардың синтезделген орнынан басқа өсімдік бөліміне қозғалуы базипеталді (өсімдік ұшынан басқа бөлімдеріне бағытталып) және полярлы (тек бір бағытта) түрде өтеді. Бұлар жасушадан жасушаға диффузия жолымен өтіп, ақыр аяғында белсенділігі төмендеп, ферменттер әрекетінің нәтижесінде жойылады. Алыс қашықтыққа өткізгіш ұлпаларының көмегімен тасымалданады (негізінен флоэма арқылы) және өсімдік өркендерінен немесе сабақтарынан тамырға қарай бағытта қозғалады. Ал ауксиндердің аз мөлшері тамырдың өзінде синтезделуі мүмкін. Бұл аталған қосылыстардың әр түрлі концентрациясының өскіндерге әсерін бірнеше тәжірибелер арқылы көрсетсе болады, мысалы 16.1 тәжірибеде сипатталған сынақтар бойынша көрсетсе болады.
Гиббереллиндер
Гиббереллиндер – дитерпендік табиғаты бар фитогормондардың тобы. Олар гипокатильдің ұзарып өсуі, гүлдену дәндерінің өсуі мен әртүрлі морфогенетикалық процестерге жауап береді.
Гиббереллиндер қышқылды және сілтілік ортада өте тез жойылады.
Гиббереллиндер тез өсетін ұлпаларында, әлі де піспеген тұқымы мен жемістерінде, жас сабақтар мен жапырақтарда көптеп кездеседі.
Абсциз қышқылы
Абсциздік қышқыл (ағылш. АВА) абсцизин, дормин – фитогормондарға жатады. Абсциздік қышқыл ағаш бүршіктерінің қысқы ұйқыға кетуіне жауап береді.
Абсциздік қышқылдың жапырақтардың түсүіне тікелей байланысы бар екені анықталды. Қысқа дайындық кезінде абсциздік қышқыл өсімдіктердің бүршіктерінің ұшында синтезделіп, өсуді баяулатады. Абсциздік қышқыл сонымен қоса камбий ұлпасының бөлінуін шектетіп, бастапқы және екінші өсуді тоқтатады. Сонымен қатар, абсциздік қышқыл тамырларда пайда болып, суды қолдануды бәсеңдетіп, жапырақтарға барады. Жапырақтар саңылауларының жабылуына әсер етіп, судың жапырақтар арқылы булануынан қадағалайды.
Цитокининдер
Цитокининдар (грекше κύτταρο – ұяшық + κίνηση - қозғалыс ), өсімдіктердің жасушаларының бөлінуі мен басқа физиологиялық процестерге жауап береді.
Цитокининдар көбінесе тамырларда, сабақта және жапырақтарда синтезделеді. Камбий және басқа да қарқынды бөлініп жатқан өсімдік ұлпалары цитокининнің синтезделетін жері болып табылады. Солай да цитокининдер трансдукцияға қатысып, пуриндар мен нуклеозидтардың транспортына қатысады.
Цитокининдар жасушалардың көбеюін, сабақ пен тамырдың морфогенезін, хлоропласттардың пайда болуын реттейді, жасушалардың ретті өсуін, жанама сабақтар мен тамырлардың дамуына жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |